Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы



бет1/5
Дата31.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#155853
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Майрамов Есболат 1 зертханалык жумыс (копия)
10-synyp.-qazaq-tili-men-qazaq-aedebieti.-boelim-bojynsha-zhiynt

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
Ғ.Ж.Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасы



«Электр энергетикадағы өтпелі процесстер» пәні бойынша
№1 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Шексіз қуат көзінен қоректенетін электр желісіндегі симметриялы қысқа тұйықталу кезіндегі өтпелі процесс


Мамандығы: 6В07101 - Электроэнергетика
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:Рашидов Ш
__________ _____________ «_____» ___________ 2022 ж. (бағасы) (қолы)
Алматы 2022

1 Зертханалық жұмыс. Шексіз қуат көзінен қоректенетін электр желісіндегі симметриялы қысқа тұйықталу кезіндегі өтпелі процесс


Жұмыстың мақсаты:


Қуат көзі шексіз желідегі үш фазалы қысқа тұйықталуды зерттеу. Қысқа тұйықталу өтпелі режиміндегі электр тогының физикалық шамаларын анықтау.



    1. Теориялық мәлімет

Қысқа тұйықталу (ҚТ) – жерге тұйықталған бейтарапты желілерде фазалардың бір-біріне тұйықталуынан, сондай-ақ фазалардың жерге тұйықталуынан туындаған электр қондырғысының қалыпты жұмысының бұзылуы.


Қысқа тұйықталудың себептері әдетте электр қондырғыларының механикалық зақымдануы, ескіруі, электр желілерінің сымдарына бөгде денелердің жанасуы, алып механизмдердің электр желілер астынан өтуі, найзағайдың тікелей соғуы, асқын кернеулер, жабдыққа нашар техникалық қызмет көрсету салдарынан болатын оқшаулауламаның бұзылуы болып табылады. Электр қондырғыларының бұзылуына алып келетін қысқа тұйықталулардың себебі көбінесе техникалық қызмет көрсету персоналының қате әрекеттері салдарынан болып табылады. Мұндай әрекеттердің мысалы ретінде тогы бар тізбекте айырғыштарды өшіру, айырғыштарды қысқа тұйықтау, басты сұлба мен релелік қорғаныс және автоматиканың сұлбаларында қате өшіріп-қосу әрекеттерін келтіруге болады.
Қысқа тұйықталу кезінде зақымдалған фазалардағы токтар қалыпты мәннен бірнеше есе артады, ал кернеулер, әсіресе ҚТ орнына жақын аралықта төмендейді. Жоғары мәндегі қысқа тұйықталу токтарыны өткізгіштердің қызуын тудырады, бұл құбылыс электр энергиясының шығындарының артуына әкеледі, оқшауламаның ескіруін тездетеді және ток өткізгіш бөліктер мен электр
аппараттарының механикалық беріктігін жоғалтуға әкелуі мүмкін.
Желідегі қысқа тұйықталу кезінде кернеу деңгейінің төмендеуі электр қозғалтқыштарының айналу моментінің төмендеуіне, олардың тежелуіне, өнімділіктің төмендеуіне, тіпті толық тоқтауға әкеледі.
Қысқа тұйықталу кезінде кернеудің күрт төмендеуі электр станцияларының генераторлары мен электр жүйесінің бөліктерінің параллель жұмысының тұрақтылығының бұзылуына, жүйе апаттарының туындауына әкелуі мүмкін.
Үш фазалы қысқа тұйықталу симметриялы болып есептеледі, өйткені ол токтар мен кернеулердің симметриясын бұзбайды. Қысқа тұйықталу кезіндегі жүктеме режимімен салыстырғанда фазалардағы токтар артады, ал кернеулер төмендейді. Қысқа тұйықталудың кедергісі (rк, ωLк) неғұрлым төмен болса, соғұрлым қысқа тұйықталу тогы үлкен болады және желідегі кернеу соғұрлым

төмендейді. Үш фазалы қысқа тұйықталу кезінде жүйе теңгерімді болып қалады, өйткені қысқа тұйықталудың кез келген жеріндегі токтар мен кернеулердің геометриялық қосындылары нөлге тең болады. Қысқа тұйықталу кезінде ток пен кернеу фазалар арасындағы ығысу бұрышы (φ) қысқа тұйықталудың индуктивті және активті кедергілерінің қатынасымен анықталады. 1000 В жоғары қондырғыларда пайда болатын қысқа тұйықталудың активті кедергісінің салыстырмалы түрде төмен болуына байланысты φ бұрышы 90°-қа жуық болады, яғни қысқа тұйықталу тогы не таза индуктивті болады немесе басым бөлігі индуктивті құраушыдан тұрады.
«Тұрақты кернеудің электр жүйесі» термині қуатты қорек көзін білдіреді, оның шиналарындағы кернеу желі режиміндегі кез келген өзгерістер кезінде - жүктеме кенеттен артуы кезінде, асқын жүктеме кезінде, қысқа тұйықталулар кезінде тұрақты болып қалады. Мұндай көздің ішкі кедергісі нөлге тең деп қабылданады (хс=0, rс=0), ал қуаты шексіз үлкен (SномС=∞), бірақ шын мәнінде жүйе қуатының және кедергілерінің шектік мәні болады. Қысқа тұйықталудың бастапқы сәтінде хк= ωLк қысқа тұйықталу тізбегінің индуктивті кедергісінде өзіндік индукциялық ЭҚК пайда болады, ол қарама-қарсы бағыттағы өзіндік индукциялық еркін апериодтық токтың пайда болуын тудырады. Апериодтық токтың бағыты уақыт өте өзгермейді. ҚТ пайда болған сәттен бастап қысқа тұйықталудың жалпы тогын iк екі құраушының қосындысы ретінде қарастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет