Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы



бет2/5
Дата31.10.2022
өлшемі0,89 Mb.
#155853
1   2   3   4   5
Байланысты:
Майрамов Есболат 1 зертханалык жумыс (копия)

iа – қысқа тұйықталу индуктивтілігіндегі Lк магнит өрісінің энергия қорына байланысты қысқа тұйықталу тогының еркін апериодтық құраушы бөлігі;
iп – қорек көзінің әсерінен пайда болатын қысқа тұйықталу тогының мәжбүрлі периодтық құраушы бөлігі.
Қысқа тұйықталу тогының апериодтық құраушы бөлігі экспоненциалды заң бойынша сөнеді:


𝑖𝑎 𝑡 = 𝑖𝑎 0𝑒−𝑡/𝑇𝑎
iа 0 – қысқа тұйықталудың бастапқы сәтіндегі апериодтық құраушысы; Tа – қысқа тұйықталу тізбегінің сөну уақыт тұрақтысы, с.

Т = 𝐿к = 𝑥к




𝑎 𝑟к
ω𝑟к



Lк – қысқа тұйықталу тізбегінің индуктивтілігі;
rк – қысқа тұйықталу тізбегінің активті кедергісі; xк – қысқа тұйықталу тізбегінің реактивті кедергісі; ω=2πf – бұрыштық жиілік.

Қысқа тұйықталу тогының апериодтық құраушысының сөну жылдамдығы қысқа тұйықталу тізбегінің активті және индуктивті кедергілерінің қатынасына байланысты: қысқа тұйықталу тізбегінің активті кедергісі неғұрлым көп болса, соғұрлым сөнуі күшейеді.
Қысқа тұйықталудың бастапқы сәтінде (t=0) периодтық құраушының мәні қуат көзінің кернеуіне (энергия жүйесі) және қысқа тұйықталу тізбегінің толық кедергісіне байланысты. Қысқа тұйықталу тогының периодтық құраушысы уақыт бойынша периодтық заңға сәйкес қорек көзінің кернеу жиілігіне тең жиілікпен өзгереді. ҚТ басынан бастап кез келген уақытта t оның лездік мәні келесі теңдеу бойынша анықталады:



𝑖 = 𝑈𝑚𝑎𝑥 sin(𝜔𝑡 + 𝛼 − 𝜑



) = 𝐼

sin(𝜔𝑡 + 𝛼 − 𝜑 )



п 𝑡
𝑍к
к п 𝑚𝑎𝑥 к



Umax қуат көзінің фазалық кернеуінің амплитудалық мәні;
Zк қысқа тұйықталу тізбегінің толық кедергісі;
α t=0 сәтіндегі кернеудің фазалық бұрышы;
φк – қысқа тұйықталу тізбегіндегі токтың қуат көзінің кернеуіне қатысты ығысу бұрышы;
Iп max қысқа тұйықталу тогының периодтық құраушысының амплитудалық
мәні.
Қуатты энергетикалық қорек көзінен қорек алған жағдайдағы ҚТ өтпелі
процессінің ұзақтығы ҚТ тогының апериодтық құраушысының болуымен анықталады. Бұл токтың сөнуімен тұрақты режим I пайда болады. Қысқа тұйықталу тізбегінде орнатылған барлық электр аппараттары периодтық және апериодтық құраушылардың қосындысына тең болатын сол уақытқа тиесілі толық ҚТ тогының iкt әсерінде болады. Қысқа тұйықталу тогының графигін талдай отырып, қысқа тұйықталу басталғаннан кейін жарты периодтан соң (t=0,01 c) қысқа тұйықталу тогының лездік мәні соққы тогы iуд деп аталатын максималды мәнге жететінін (электр жабдықтары мен құрылғыларына ең үлкен механикалық әсер ететін ток) екенін көруге болады.
Соққы тоғын анықтау кезінде шартты түрде қысқа тұйықталу тоғының периодтық құраушы бөлігі айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды және қысқа тұйықталудың бастапқы сәтіндегіндей Iп max-қа тең деп есептеледі. Апериодтық құраушының әлсіреуі ғана ескеріледі, оның максималды мәні де Iп max-қа тең деп қабылданады.
Қабылданған шартты рұқсат етулерге сүйене отырып, соққы тогы келесі түрде анықталады:



𝑖уд
= 𝐼п 𝑚𝑎𝑥
+ 𝑖𝑎 𝑡=0,01
= 𝐼п 𝑚𝑎𝑥
+ 𝐼п 𝑚𝑎𝑥
0,01
𝑒𝑇𝑎

болмаса
= 𝐼п 𝑚𝑎𝑥


0,01

(1 + 𝑒 𝑇𝑎 )



𝑖уд = 𝑘уд𝐼п 𝑚𝑎𝑥


kуд – ҚТ тізбегінің сөну уақыт тұрақтысына тәуелді соққы коэффициенті.



𝑘уд
0,01

= 1 + 𝑒 𝑇𝑎



Қысқа тұйықталу тоғының периодтық құраушысының амплитудасы (максималды мәні) Iп max мен әсерлік Iп 0 мәндері арасындағы қатынасты ескере отырып:




𝐼п 𝑚𝑎𝑥 = √2𝐼п 0
ҚТ соққы тоғы шамасын анықтайтын қорытынды формуласы:

𝑖уд = √2𝐼п 0𝑘уд




Кернеуі тұрақты энергожүйеден қоректену кезіндегі электр жүйесінің өтпелі процессі қысқа тұйықталу тогының апериодтық құраушысы сөнуінен соң аяқталады, содан кейін қысқа тұйықталудың толық тогы амплитудасы өзгермейтін периодтық құраушысына тең болады.
Белгілі бір t уақыты үшін ҚТ әсерлік мәні келесі формулалар арқылы анықталады:
периодтық құраушысы



𝐼п 𝑡

апериодтық құраушыс


= 𝐼п 0
= 𝐼п 𝑚𝑎𝑥 = 𝑐𝑜𝑛𝑠𝑡
√2


толық ҚТ тогы


𝐼а 𝑡 = 𝑖а 𝑡


𝐼к 𝑡 = 𝐼п 𝑡2 + 𝐼а 𝑡2



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет