Бақылау сұрақтары
1)Электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталудың пайда болу себептері.
Жауап:
Қысқа тұйықталу (ҚТ) – жерге тұйықталған бейтарапты желілерде фазалардың бір-біріне тұйықталуынан, сондай-ақ фазалардың жерге тұйықталуынан туындаған электр қондырғысының қалыпты жұмысының бұзылуы.
Қысқа тұйықталудың себептері әдетте электр қондырғыларының механикалық зақымдануы, ескіруі, электр желілерінің сымдарына бөгде денелердің жанасуы, алып механизмдердің электр желілер астынан өтуі, найзағайдың тікелей соғуы, асқын кернеулер, жабдыққа нашар техникалық қызмет көрсету салдарынан болатын оқшаулауламаның бұзылуы болып табылады. Электр қондырғыларының бұзылуына алып келетін қысқа тұйықталулардың себебі көбінесе техникалық қызмет көрсету персоналының қате әрекеттері салдарынан болып табылады.
2) Қысқа тұйықталу тоғында периодтық және апериодтық құраушылардың болуы немен анықталады.
Жауап:
Қысқа тұйықталудың бастапқы сәтінде хк= ωLк қысқа тұйықталу тізбегінің индуктивті кедергісінде өзіндік индукциялық ЭҚК пайда болады, ол қарама-қарсы бағыттағы өзіндік индукциялық еркін апериодтық токтың пайда болуын тудырады. Апериодтық токтың бағыты уақыт өте өзгермейді.
Қысқа тұйықталу тогының апериодтық құраушысының сөну жылдамдығы қысқа тұйықталу тізбегінің активті және индуктивті кедергілерінің қатынасына байланысты: қысқа тұйықталу тізбегінің активті кедергісі неғұрлым көп болса, соғұрлым сөнуі күшейеді.
Қуатты энергетикалық қорек көзінен қорек алған жағдайдағы ҚТ өтпелі процессінің ұзақтығы ҚТ тогының апериодтық құраушысының болуымен анықталады. Бұл токтың сөнуімен тұрақты режим I∞ пайда болады.
Қысқа тұйықталудың бастапқы сәтінде (t=0) периодтық құраушының мәні қуат көзінің кернеуіне (энергия жүйесі) және қысқа тұйықталу тізбегінің толық кедергісіне байланысты. Қысқа тұйықталу тогының периодтық құраушысы уақыт бойынша периодтық заңға сәйкес қорек көзінің кернеу жиілігіне тең жиілікпен өзгереді.
3) ҚТ соққы тогының анықтамасы.
Жауап:
4) Жерге тұйықталған және жерленбеген бейтарапты желілердегі қысқа тұйықталу түрлері.
Жауап:
Қысқаша тұйықталу түрлері
бірфазалық
5) Қысқа тұйықталу токтарын шектеу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |