11 дәріс Зақымдану хирургиясының жалпы мәселелері. Жаралар мен жаралар процесі. Жұмсақ тіндердің, сіңірлердің және буындардың зақымдануы. Ұзақ қысылу синдромы



Дата09.01.2022
өлшемі28,65 Kb.
#110393
Байланысты:
05.02.2021.Жалпы хирургия.Зақымдану хирургиясының жалпы мәселелері. Шакиров Е.Б.
Хирургия каз яз, 05.02.2021.Жалпы хирургия.Зақымдану хирургиясының жалпы мәселелері. Шакиров Е.Б., соч мой дом, Тәрбие сағаты

11 дәріс
Зақымдану хирургиясының жалпы мәселелері. Жаралар мен жаралар процесі. Жұмсақ тіндердің, сіңірлердің және буындардың зақымдануы. Ұзақ қысылу синдромы.

Жоспары:
1.Жабық механикалық жарақат түрлері


2.Емдеу жолдары
3.Алғашқы көмек
Жабық механикалық жарақат
Жұмсақ тіндердің зақымдануы.
Соғылу (contusіo) – деп, тіндер және ағзалар мен мүшелердің айтарлықтай, көрінбейтін, анатомиялық өзгерісі жоқ зақымдануы. Олар тікелей механикалық әсерінің зардабынан, бірақ оның терісі бұзылмаған кезде, пайда болатын жағдайларды айтамаыз.
Клиникалық белгісі:
· ауырсынуы,
· тіндердің кернеуі,
· тері астындағы қан аралас ісігі,
· ісінуі (домбығуы),
· қанның ұйынды ісігі,
· аяқ - қол қызметінің бұзылуы.
Кешіктірілмейтін жәрдем жолдары:
· тыныштық жағдай жасау,
· зақымдалған жерге қысып тұратын таңғыш салу,
· мұздақ су, не мұз басу,
· аяқ - қолды жақтауға салып, шектеу,
· көлемді зақымдалған жері бар адамды ауруханаға жатқызу.
Жұмсақ ұлпамен буының созылуы.
Анатомиялық бүтіндігінде өзгерісі жоқ, тіндер мен буындардың жабық зақымдалуы. Олар ерекше қозғалыста немесе күшпен бұындардың қозғалу шеңберінен асыра әсер еткенде пайда болатын созылмалы зақымдар.
Клиникалық белгілері:
· жоғарыда көрсетілген созылуда пайда болатын жағдайлар,
· бірақ ауырушаңдық зақымдалғаннан 1,5 – 2 сағатан кейін пайда болып, буындардың қабынуын туғызады.
· сондықтан ауыру адам, ауырушаңдықтың әсерінен аяқ - қолдағы буындарының қозғалысы тежеліп, өз еркімен тік басуға не күш салып тіреуге шамасы келмейді.
Емдеу жолдары:
· алғашқы 12 сағат бойы мұздақ суда ұстау,
· қозғалтпайтын таңғыш салу.
· жансыздандырғыш дәрілерді (аналгин, баралгин) қабылдау.
· 2 – 3 күн өткен соң физикалық ем алу (ультра жоғарғы толқынды- УЖТ).
Жұмсақ тіндердің ыдырауы
Олар жұмсақ тіндерге әртүрлі күшпен олардың иіліп, жазылуына ерекше әсер етіп, созылып тартылуына жұмсақтығы мен төзімділігіне қарсы зақымдалған кезде, тіндердің бір бөлігі жыртылып, ыдырайды. Бұларға дер кезінде, тура диагноз қою оңайға соқпайды.
Белгісі (алғашқы кезде):
· төзімсіз ауырушылдық,
· тез арада домбығу мен қанталау,
· ісіну,
· сол мүшенің, қызметінің бұзылуы,
· шешуші диагноз көбінде ауыруханада анықталады.
Алғашқы медициналық көмек (АМК):
· аққан қанды тоқтату (қыспа таңғыш, мұзды су қою).
· жансыздандыру.
· ауруханаға тасмалдау үшін, зақымдалған мүшеге тиісті иммобилизациялық таңғыш салу.
Еттің ыдырауы
Бұл жағдайда қызыл еттің ыдырауы, оның шандыр қабығының зақымдалуы және қанды ісіктің пайда болуы жатады. Бұлшық етің толық ажырап ыдыраған жерінде, сол зақымдылыққа тән белгі - ойпаң, ал жартылай зақымдалғанда - сай пайда болады. Бұл кезде олардың функциалды қызметі бұзылады. Білектің қосбасты бұлшық еті, жіліншіктің балтыр еті және санның төрт басты еті өте жиі зақымдалады.
Емдеу жолы:
· 2 – 3 аптаға, гипсті лангета салады,
· одан кейін массаж және емдік физкультура.
Жарақаттық уыттану (токсикозы)
Қосымша аттары: Краш - синдромы, көпке дейін мыжылған синдром, бүйрек пен бұлшық ет синдромы. Бұларды патологиялық комплекс дейді. Аяқ пен қол ауыр заттың астында қалып қойғанда, басылған жерінің төменгі жағына қарай қанның баруы нашарлайды, оның тоқтауы басталады, ал оны босатқанда, әлгі жетіспеушіліктен пайда болған уытты заттар денеге сіңіп, ағзаларды улайды. Олар көпшілігінде аяқтардың еттері ұзақ уақыт жаншылып, басылып, мыжылып қалғанда пайда болады, сондықтан оның клиникалық ағымы өте ауыр және олардың өлімі жоғары болады. Ауыру болжамы - зақымданудың көлеміне тікелей байланысты. Оның патогенезінде мына төмендегі жағдайлар орын алады:
· есеңгіреу тәрізді қанайналымының реакциясы,
· ұлпалы (паренхиматозды) мүшелердің ( бауыр, бүйрек) уыттанып зақымдануы,
· жаншылған аяқ етінің төменгі жағына қан келмегендіктен, сол бөлігінде қансыздық өліеттің пайда болуы.
Белгісі:
· бір сағат ішінде ісіну өседі,
· ауырсынушылық ұлғаяды,
· терісіне сарысулы қанды бөртпе шығады,
· ішінде сары не қанды сұйық заттар болады.
· соңғы кезеңінде аяқтары ұйып, сал болады.
· басылып, жаншылған мүшелерден жалпы қан айналымына әртүрлі уытты заттар мен бұзылған электролиттер (калий, магний, фосфор) және су еніп, жалпы орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, оның қызметін нашарлатады.
· Бүйректі микротромбоздар бітеп тастайды,
Алғашқы медициналық көмек.
1. басып тұрған заттардан шығару.
2. мұздақ су, не мұз қою.
3. ауырсынуды басу,
4. аяғына қозғалтпайтын жақтау салу.
5. аурухана тасымалдау.
Емдеу жолы:
· өліксік жұмсақ ұлпаларды азайту,
· жалпы уыттануды бәсеңдету,
· бауыр мен бүйрек жұмысын жандандыру, оны реттеу.
Буындардың зақымдануы
Зақымдану былайша бөлінеді:
· соғылу,
· ыдырау мен соғылу,
· шығу,
· тобықтың зақымдалуы.
Буының шығуы
Жарақаттанудың әсерінен буын құрайтын сүйек бастарының бір-бірінен тайып шығып, оған қоса буын қапшығы мен байланыс сіңірлердің ыдырауын – буын сүйектерінің шығуы - деп атайды.
Олардың түрлері :
· толық,
· жартылай шығуы .
· жарақаттан шығуы - қолын созып, тірей құлағанда, не жанама тікелей соққы болғанда жарақаттан пайда болатын буынның шығуы,
· қатерлі ісік пен әртүрлі қабыну кезде буынның байланыстырушы аппаратары аурулармен зақымдалса, онда патологиялық буының шығуы,
· туа біткен түрі (жамбас-сан буынының),
· жарақаттанған буынды дұрыс емдемей, оның байланыс, сіңір аппаратының кеңейіп кетуінен - үйреншікті буынның шығуы,
· мезгілінде тайған буынды орнына салмаса, онда – ескірген буынның шығуы.
Буындарының шығу мезгіліне қарай жіктелуі:
· жаңа (3 күнен аспаған),
· жаңа емес (4 күнен 3 аптаға дейін),
· ескірген ( 3 аптадан асқан).
Белгісі:
1. Жарақат алған кездегі ауырсынғыштық,
2. Буын көлемінің (пішінінің) қалыптан өзгеруі (деформация);
3. Зақымданған аяқ - қолдың мәжбүрлі жағдайда болуы,
4. Физиологиялық оқтығының өзгеруі,
5. Буын қозғалысының толық тежелуі,
6. Шықан буынның серіппе тәрізді белгісі.
Алғашқы көмек.
· шыққан буынға - қозғалтпайтын таңғыш не тасмалдау жақтауын салу.
· ал қатты аурсынса, онда зақымдалған буынға 2% - 15 не 20 мл. новокаин еріттіндісін енгізу.
· мұзды мұйық қойу,
· зақымдалған адамдардың буынын салу үшін - жарақат бөліміне тасымалдау керек.
Емдеу жолы:
1. буынды орына салу,
2. оған тыныштандырғыш таңғыш салу,
3. буын қызметін қалпына келтіру,
4. ескірген шыққан буынды - операция арқылы қалпына келтіру.
5. үйреншікті түрінде – буын қапшығын операциямен қалпына келтіріп, нығайту.
Сүйектердің соғылуы
Бұл жағдайда сүйектің қабы зақымдалады, оның ыдырауынан, көректейтін қан тамыры зақымдалып, сүйек қабының астына қан үйуын –сүйек қабы астындағы қанды ісік (гематома) дейді. Ол өте қаты ауырып, белдеуленген сіңбе белгісі болады. Шеміршегі зақымдалғанда жоғары да көрсеткен белгілер кездеседі. Қанды ісік өте жәй қайта таралады.
Алғашқы көмек:
· қысып тұратын таңғыш салу.
· мұздақ су, не мұз қою.
· ауырсыздануға қарсы дәрі - аналгетік беру.
Емдеу жолы:
1. қозғалтпайтын таңғыш.
2. анальгетик беру.
3. физикалық ем.
Сүйектің шайқалуы
Бұл кезде мүшелермен ұлпаларда күрделі өзгерістер кездеседі. Бұл өзгерістің морфологиялық мәні әлі анықталмаған. Көп көңіл бөлетіні – мимен кеуде қуысы мүшелерінің шайқалуы. Соңғы уақыта денені тітіркендіріп, тербелтетін аппаратармен жұмыс істеген кезде, электірлі тескіш пен балға қолданылғандықтан, кейбір патологиялық өзгерістердің пайда болу себебін іздестіруде, әсіресе қолдың еті, сүйегі, буыны және жүйке жүйесіне тәсірін анықтау қажет. Бұларды шайқалу синдромы немесе діріл қақтыратын (қалтырауық) ауыруы дейді.
Глоссарий:
1.Соғылу (contusіo) – деп, тіндер және ағзалар мен мүшелердің айтарлықтай, көрінбейтін, анатомиялық өзгерісі жоқ зақымдануы. Олар тікелей механикалық әсерінің зардабынан, бірақ оның терісі бұзылмаған кезде, пайда болатын жағдайларды айтамаыз.
2.Жұмсақ ұлпамен буының созылуы - анатомиялық бүтіндігінде өзгерісі жоқ, тіндер мен буындардың жабық зақымдалуы.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Соғылу – деген не?
2. Созылу - деген не?
3. Жұмсақ ұлпалардың ыдырауы?
4. Буын сіңрлерінің зақымдануы?
5. Жарақат токсикозы?
6. Тарамыс – сіңірлерінің зақымдануы?
7. Буынның шығуы?
8. Сүйектерідің соғылуы?
Қолданатын әдибиет:
1. Е.Әбдірахманов « Хирургия ». Алматы-1998ж
2. Е.Әбдірахманов Қ. Е Әбдірахманов « Хиругиядағы мейірбике ісінің тәжірибелік нұсқауы».Алматы-2006ж
3. Дәрістер. Даулетбаев А.Б Игісінов С.И "Хирургиялық аурулар туралы дәріс баяндама". Алматы -2009 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет