1 Курстық жұмысты орындау мен безендіруге арналған әдістемелік нұсқаулар
Курстық жұмыс АЭБИ, 2002 ж. «Оқулық жұмыстар» фирмалық стандартына сәйкес орындалу қажет және келесі бөлімдерден құралу керек:
а) титулдық бет (үлгісі келтірілген);
б) мазмұны;
в) кіріспе;
г) тапсырма;
д) негізгі бөлім;
е) қорытынды;
ж) әдебиеттер тізімі;
к) қосымшалар.
1.2 Тапсырма мәтіні (есеп шарттары) барлық сызбалармен және өз нұсқасы бойынша шамалардың сандық мәндерімен қоса толығымен көшірілу қажет.
1.3 Курстық жұмыстың әр кезеңінің тақырыбы болу қажет.
1.4 Курстық жұмыс жазба түрде немесе компьтерлік баспа түрінде (Microsoft Word бағдарламасында, 14 шрифтпен, 1,0....1,5 интервалымен) орындалады. Жұмыс мәтіні А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне жазылады. Беттің төрт жағынан келесі тәртіп орындалу керек: сол жағы - 30 мм, оң жағынан - 10 мм, жоғарғы және төменгі жақтарынан - 20 мм.
1.5 Курстық жұмыстың барлық беттері, титулдық беттен бастап, қосымшалармен қоса нөмірлену қажет. Беттің нөмірі нүктесіз жоғарғы оң жақта қойылады.
1.6 Есептеулер түсініктемелермен толықтырылу қажет. Есептік формулаларды және соңғы нәтижелерді ғана көрсетуге болмайды. Есептеулері мен түсініктемелері қысқартылып көрсетілген жұмыстар қорғалуға рұқсат етілмейді және студентке толықтырылуға қайтарылады.
1.7 Суреттер, графиктер және сұлбалар тиянақты орындалу керек және нөмірлену керек.
1.8 Графиктерде міндетті түрде көрсетілетін шамалардың атаулары, олардың өлшем бірліктері көрсетілу керек. Масштабтар графиктерді немесе диаграммаларды пайдалануға ыңғайлы болатындай етіп таңдалу керек. Таңдап алынған масштабқа сәйкес графиктер мен диаграммалардың шкалалары белгіленеді.
1.9 Белгілі бір мөлшерлігі бар параметрлердің соңғы нәтижелерінің міндетті түрде өлшем бірліктері қойылу керек. Электрлі шамалардың барлық белгіленулері МЕМСТ-қа сәйкес келу керек.
1.10 Жұмыстың кіріспесінде өтпелі кезеңдерді оқып білудің және оларды есептеу әдістерінің маңыздылығын негіздеу керек.
1.11 Қорытынды бөлімінде курстық жұмыста қолданылған өтпелі кезеңдерді есептеу әдістеріне талдау жасау керек; классикалық және операторлық әдістерден алынған нәтижелерді салыстыру керек; тәжірибедегі өтпелі кезеңнің аяқталуына қажет етілетін уақытты анықтау керек; осы уақыт сәті үшін өтпелі токтың (кернеудің) қалыптасқан токқа (кернеуге) қатынасын пайыздық мөлшерде анықтау.
1.12 Курстық жұмыс оқытушының тағайындаған мерзімінде тексеруге өткізілу қажет. Студенттің жұмысты өткізу мерзімін кешіктіру жағдайында, оған қосымша тапсырма беріледі немесе нұсқасы ауыстырылады (оқытушының қалауымен), сонымен қатар жұмыстың нәтижелі бағасы кемітіледі.
Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
«Электротехника» кафедрасы
ЭТН пәні бойынша
курстық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |