63
жылға қарай елдің жалпы білім беретін мектептері жүз пайыз
комьютерлендірілді.
1993 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының «Жоғары білім
туралы» Заңы қабылданды. Онда «жоғары білім үздіксіз білім беру жүйесінің
аса маңызды құрылымдық буыны» деп жарияланды.
Осы бағыттағы айтулы оқиға - 1993 жылы Қазақстан Республикасы
Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының енгізілуі болды.
Бағдарлама әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында маман-кадрлар
даярлауға негізделді. Бүгінде Жоба аясында мыңдаған стипендия бөлініп,
мыңдаған маман-кадрлар даярланды.
1999 жылғы 7 маусымда барлық білім беру деңгейі үшін ортақ
Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы» Заңы қабылданды. Кейін
2000 жылы осы заң аясында жоғары оқу орындарын жекешелендіру
тұжырымдамасы қабылданды.
2004 жылғы 11 қазанда Елбасы «Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»
туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарламаның басты бағыттары «Білім туралы
Заңда» (2007 ж.) бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында
қазақстандық ұлттық білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің
Халықаралық стандарттау классификациясымен сәйкестендірілді.
Бастауыш және орта мектеп деңгейінде 12-жылдық білім беру моделін
енгізуге жағдайлар жасалынды, техникалық және кәсіби білім беруді қайта
құру жұмыстары басталды. Жоғары мектеп деңгейінде үш деңгейлі
(бакалавриат-магистратура-PhD) маман-кадрлар даярлау енгізілді.
2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан Еуропалық білім беру
кеңістігінің тең құқылы мүшесіне айналды. Бүгінде Қазақстан жоғары оқу
орындары
Tempus,
Erasmus
Mundus,
INSPIRE,т.б.
халықаралық
бағдарламаларға белсенді түрде қатысады.
2010 жылы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
стратегиялық даму жоспары» аясында қазақстандық білім берудің бәсекеге
қабылеттілігін арттыру және адами капиталды дамытуда қолжетімді сапалы
білім беруді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының 2011-
2020 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»
қабылданды.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020"
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама мына негізгі үш басым
бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс болды.
Достарыңызбен бөлісу: