Коммерциялық емес


дәріс. Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата16.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#139613
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
Дәріс тарих

10 дәріс. Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің 
нығаюы 

Этнодемографиялық 
үдерістер 
және 
Қазақстандағы 
көп 
этностылықтың қалыптасу тарихы. 
2 Қазақстан халқы ассамблеясының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі. 
3 Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы. 
Дәріс мақсаты:
Көп этностылықтың қалыптасу тарихына, олардың 
этнографиясы мен дәстүріне, этнодемографиялық үрдістеріне «Қазақстанның 
ұлттық бірлігі» Доктринасын зерделеу. 
Дәрістің мазмұны:
Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы қоғамдық-
саяси 
өмірін 
демократияландыру, 
азаматтық 
қоғамды 
дамыту, 
республикадағы елдің бірегейлігі, миграциялық және демографиялық 
үрдістерді реттеу бағытындағы іс-шаралар қарастырылады. 
1. 1991 жылдан Қазақстанда белсенді миграциялық үрдістер басталды. 
Қазақстан Республикасында Көші-қон туралы арнайы заң қабылданды, Тіпті, 
көші-қон және демография жөніндегі агенттік құрылды. Біздің еліміздің 
тәуелсіздік алуымен жүргізілген мұндай шаралар өмір талабы еді. Өйткені, 
сан жылдар бойы республиканың ұлттық құрамыкірме халықтардың есебінен 
мүлде азайып кетуімен ерекшеленетін. Мәселен, 1979 жылғы Бүкілодақтық 
халық санағының деректері бойынша Қазақстандағы байырғы тұрғындар өз 
жерінде небәрі 36%-ды құраған. Ал бұндай көрсеткіш Өзбекстанда 68,79%, 
Әзірбайжанда 79,196 ал Тәжік КСР-інде 59,89% құраған. 
2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша республика 
тұрғындарының саны – 16 004,8 мың адамды құрады. Сөйтіп, 1999 жылғы 
санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,8 %-ды құрап, республика 


65 
халқының саны – 1 052, 1 адамға өскен. Нәтижесінде, қазақтардың үлесі 63,1 
%-ды, орыстар 23,7 %-ды, өзбектер 2,8%-ды, украиндар 2,1 %-ды, ұйғырлар 
1,4 %-ды, татарлар 1,3 %-ды, немістер 1,1 %-ды және басқа этностар 4,5 %-ды 
құрады. Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,1%-ға өсіп, 10 098,6 
мың адамды құрады. Ұлттық унитарлы мемлекетті дамытудың басты 
факторларының бірі ретінде мұнымен санаспауға болмайды.
Еліміздің ширек ғасыр ғұмырында 500-ден аса денсаулық сақтау 
объектілері салынды. Елдің барлық өңірлерінде заманауи медициналық 
орталықтар құрылуда, ең жаңа құрал-жабдықтармен жарақталған ауруханалар 
мен емханалар ашылып жатыр. Нәтижесінде Қазақстанда демографиялық 
ахуал жақсарып, халықтың табиғи өсімі 1,7 есеге дерлік артты.
 
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Дүниежүзі қазақтарының 
Құрылтайы 1992 жыл мен 2017 жылға дейін 5 рет өткізілді. Құрылтайда 
қабылданған шешімдер аясында атқарылған іс-шаралар нәтижесінде 
атамекенге ширек ғасыр ішінде 300 мыңға жуық отбасы көшіп келді. 
Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қазақтармен толықты. 
Президенттің Жарлығымен 2008 жылдан бастап қандастардың жыл сайынғы 
көшіп келу квотасы 20 мың отбасыға өсті. Елге оралған ағайынның көшін 
жүйелеу мақсатында «Нұрлы көш» бағдарламасы қабылданып, мемлекет 
қазынасынан қомақты қаражат бөлінді. 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы», оның дүниеге келуі біздің елімізде ұлт 
мәселесіне, ұлттардың бейбіт, тату-тәтті өмір сүруіне ерекше мән берілуінің 
айқын айғағы. Бұл ассамблея Қазақстан Республикасы елбасшысы 1995 
жылғы 1 наурыздағы жарлығымен құрылды. Ол - еліміздің президенті 
жанындағы кеңесші орган. Өз қызметін конституцияға, ассамблея туралы 
ережеге, яғни мемлекеттік және аймақтың өзін-өзі басқару органдарымен, 
халықаралық және өзге мемлекеттік ұйымдармен тығыз байланыс жасау 
қағидаларына негізделген заң актілеріне сәйкес жүргізеді. Жаңа органның 
сандық құрамы жергілікті кіші ассамблеялар тең пропорциялық принциппен 
ұсынған кандидаттардан іріктеліп, бекітіледі. Қазір Ассамблея құрамында 
үшжүзденден астам адам бар. Олар - қазақ халқы мен отыз үш диаспораның 
өкілдері, атап айтқанда: қазақ, орыс, корей, неміс, украин, татар, еврей,
т.б. 
Қазір республикамызда тұратын барлық ұлт өкілдерінің орталықтары 
мен қауымдастықтары бар. Атап айтқанда, республикалық «Қазақ тілі» 
қоғамы, Орыс қауымы, Украин мәдени орталығы, Неміс қоғамы, Өзбектер 
қауымдастығы, Беларусь мәдени ұлттық орталығы, Үйғыр мәдени орталығы, 
Корей ұлттық мәдени орталықтарының қауымдастығы, шешен және ингуш 
халықтарының «Вайнах» мәдени даму қауымдастығы, т.б. Бүгінде осы 
орталықтардың белсенділігінің арқасында түрлі ұлт өкілдерінің тарихи 
отандарымен байланысы қалпына келтіріле бастады. Сонымен бірге әр ұлттың 
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі жанданды. Бүл қоғамдар мен мәдени орта- лықтар 
көрші мемлекеттер мен халықтар арасындағы достықтың берік дәнекеріне 
айналуда. Ассамблея қатарынан 9 адам парламент депутаты болып сайланған. 


66 
Сонымен Ассамблея қоғамдағы азаматтың келісім, ұлтаралық үйлесім 
және саяси тұрақтылық сияқты қызметте белгілі бір дәрежеде өз үлестерін 
косып келеді. 
«Ел бірлігі» доктринасың қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы 
тағдырымыздың,тарих 
талабынан 
туындады. 
Өйткені 
бірліксіз-ұлт 
жоқ.Ұлттсыз мемлекет- жоқ. Мемлекетсіз-болашақ жоқ. Доктрина 
төмендегідей қағидаттан құралған. Бірінші, бір ел-бір тағдыр. Екінші,тегі 
басқа-теңдігі бір. Үшінші, ұлт рухының дамуы делінген кағидаттар. 
«Бір ел – бір тағдыр» қағидаттарын жүзеге асыру үшін:еліміздің барлық 
азаматының өз тағдырын Отаны - Қазақстан Республикасының тағдырымен 
бірге әрі терең тамырлас екенін сезінуі;бізді ыдыратуға және ынтымағымызды 
бұзуға бағытталған кез келген ықпалға белсенді түрде қарсы тұру; Республика 
конституциялық құрылысының, территориялық тұтастығы мен унитарлық 
құрылымының мызғымас беріктігін нығайту;ұлттық мүддеге негізделген елдің 
экономикалық, саяси, рухани, ақпараттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту, 
басқа мемлекеттер тарапынан болатын ақпараттық тәуелділік пен 
басқыншылыққа немесе қысымға жол бермеу; елдің егемендігі мен 
тәуелсіздігін нығайту үшін республиканың барша азаматын қазақ халқының 
төңірегіне ұйыстыру; ел егемендігінің беріктігіне негізделген халықаралық 
әріптестік саласында ұлттық мүдде басымдығын ұстану;басты байлығымыз - 
Тәуелсіздікке, жерге, бірлік пен рухани құндылықтарға тағзым ету;азаматтар 
мен қоғам тарапынан мемлекеттілікті нығайту, Тәуелсіздік пен территориялық 
тұтастықты қорғауға мейлінше жәрдемдесу. 
«Тегі басқа-теңдігі бір» қағидаттарын жүзеге асыру үшін:этникалық 
шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік 
топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, 
адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз 
ету;қоғамдағы этносаралық және дінаралық алауыздықтың алдын-алу және 
жолын кесу; этникалық және діни қағидаттар бойынша құрылған саяси 
ұйымдарға заңмен тыйым салу;ұлтаралық қатынас мәселелерін бұқаралық 
ақпарат құралдарында жалпы қабылданған әдеп нормалары мен қағидаттарын 
сақтай отырып шынайы түрде жариялау; азаматтық теңдікті жүзеге асыру 
тетіктерін одан әрі жетілдіру; ұлттық бірлікті нығайтатын әлеуметтік негіз 
ретінде орташа таптың қалыптасуын жеделдету; әрбір адамның азаматтық 
құқығын және барлық азаматтың заң алдындағы бірдей жауапкершілігін 
сақтау; ауылдық жерлерді әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан 
дамыту, миграция және урбанизация үдерістерін реттеу. 
«Ұлт рухының дамуы» қағидаттарын жүзеге асыру үшін: 
- Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың 
өмірлік бағдарына айналдыру; 
- мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін 
нығайтатын фактор ретінде басымдық беру; 
- Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, 
тілін дамытуға жағдай жасау; 


67 
- ұлттың, мемлекеттің, қоғам және отбасының мызғымастығына 
бағытталған 
рухани 
дәстүрлерді, 
адамгершілік 
құндылықтарды, 
дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту; 
- ұлттық құндылықтар мен игіліктерге қамқорлық жасау; 
- жас ұрпақты сыйластық, отаншылдық, Еліне және халқына адал 
қызмет ету құндылықтары рухында тәрбиелеу; 
- әрбір адам өзінің білімін, қабілетін, кәсібилігін және бәсекеге 
қабілеттілігін үнемі жетілдіріп отыру. 
Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және 
өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін 
жасаудың негізі болады.
Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, 
әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық 
әлеуетін 
жандандыру 
мен 
жұмылдыруға, азаматтардың 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен 
бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған. 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму 
жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің 
басты құралы болмақ. 
Ел бірлігін қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және 
әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің экономикалық 
өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйысқан және 
сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін 
тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда 
саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік мүмкіндіктер бар. 
Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер 
теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт 
құру және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы 
әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт. 
Бақылау сұрақтары: 
1) Еліміз тәуелсіздік алғанда қазақтан басқа 130-дан аса басқа да ұлт 
өкілдерінің Қазақстанда тұрақтап қалуының себебі неде? 
2) Доктрина дегеніміз не? 
3)ҚазақстанХалықАссамблеясыныңқоғамдыққызметінқалайбағалайсыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет