Коммерциялық



бет3/4
Дата10.03.2023
өлшемі38,22 Kb.
#171693
1   2   3   4
Байланысты:
Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан территориясын арабтардың жаулап алуы
What is DNA
Шайқас нәтижесі
751 жылы шілдеде Таласта шайқасқан күштердің арақатынасы туралы тарихи дереккөздер әртүрлі көрсетеді. Көбінесе 50 000 араб-тибет әскері және 30 000 таң-қарлұқ әскері қатысты делінеді, екі тарап әскер саны тең болды деп санайтын зерттеушілердің сөзі шындыққа жақынырақ болуы керек. Арабтар жағын қолбасшы Әбу Муслим басқарды. Тарихшылар оның барлық діндермен қарым-қатынаста икемді болғанын, араб әлемінің қоластындағы көптеген діндер мен ұлттардың мәселелеріне сабырлықпен қарайтынын және тиімді келіссөздер жүргізе алатындығын атап көрсеткен. Әбу Муслим Йемен көмекшісі Зияда ибн Салиханың өзінің келіссөздер жүргізу шеберлігімен Тибет пен Қарлұқты Таңға қарсы құпия келіссөздер арқылы өз пайдасына шебер пайдалана алды. Таң-Қарлұқ әскерін Гао Сяньцзы қолбасшы Ли Се және Дуан Цзюши атты көмекшілерімен бірге басқарды. Ол алдыңғы жорықтарды сәтті өткізген тәжірибелі генерал еді. Таң армиясының үштен екісі қытайлар болды. 751 жылдың 27 шілдесінде төрт күн бойы созылған тараптар арасында қатты шайқас басталып, бесінші күні Таң династиясының одақтастары болған қарлұқтар Гао Сяньцзинидің әскери сапының жанынан кенеттен шабуыл жасай бастады. Таң әскерлері өз орнын сақтай алмай, үрейленіп шегіне бастайды. Арабтар бір деммен қарлұқтың шабуылын қолдай отырып, шегініп бара жатқан Таң әскерлеріне шабуылдарын тіптен күшейтеді. Шайқастың нәтижесі бесінші күні белгілі болып, қытай қолбасшылары қашып жатқан барлық сарбаздарға ешбір жаза қолданбайтынын айтып жинап, Аспан тауының артындағы Анжиға (Ақсу) қарай 700 км-ге шегінеді. Осылайша Таң елінің батысқа жасаған шабуылын арабтар тойтарып, жеңіспен аяқтады. Тұтқынға түскен 20 000 қытайлық сарбаз сатылып, Самарқанд, Багдад және Дамаскідегі құл базарларына таратылды. Жеңіске жеткен араб қолбасшысы алға жылжып, өз жеңісін қамтамасыз ете алмады. Себебі, соның алдында ғана Арабияда жаңа халифат мемлекеттік төңкеріс жасап, елді ескі халифа әулетінен толығымен тартып алу үшін Хорасандағы негізгі күштерін орталыққа ауыстырды. Араб шапқыншылығы бәсеңдеуінің себептерінің тағы бірі – діни қуғын-сүргінге байланысты оккупацияланған Соғдияда жергілікті көтерілістер қайта-қайта бас көтеріп тұруы. Олардың наразылықтары мен күрестері туралы тарихи жазбаларда аз жазылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет