Коммерциялық



бет4/4
Дата10.03.2023
өлшемі38,22 Kb.
#171693
1   2   3   4
Байланысты:
Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан территориясын арабтардың жаулап алуы

Қортыныды
Арабтардың Таластағы жеңісі манихейлік, буддизм және нестриан дініне адал болған Соғдия мемлекеті мен дінін қалпына келтіру үшін 100 жылдық күресіне нүкте қойды. Шайқастан кейін Түргеш-Араб соғысы аяқталып, Түргеш елі тарих сахнасынан мүлдем жоғалып кетті. Қарлұқтар әлсіреген түргештерді иемденіп, тарих жасай бастады. Арабтарға көмектескен қарлұқтар Таң елінен толықтай тәуелсіз болып, 150 жылдан кейін исламды қабылдады. Тибеттіктер Таң династиясындағы территорияларын өз бақылауына алады. Бұл жер кейінірек арабтардың қолына өтті. Таң әулетіне қарсы арабтар мен Тибеттің саяси одағының табысы Орта Азияда буддизмнің күйреуіне әкелді. Соғыста тұтқындалған 20 000 адамның ішінен қағаз технологиясын білетін екі қытай сарбазы кездейсоқ қолға түсті. Одан қағаз өңдеудің құпияларын білген арабтар қағаз өңдей бастады. Бұл әдіс 600 жыл бойы Еуропадан құпия сақталды. Арабтар қағазды дамытып, қолдана бастаған кезде оны бағындырған этникалық топтар өздерінің мәдени мұраларын жаза бастады. Осы соғыстан кейін Таң патшалығының абыройы түсті, бұрынғы құдіретінен айырылды. Сөйтіп Таң патшалығының дәурені өтіп, құлдырауы басталды. Қытайлықтарға Орта Азияны бағындыру идеясынан бас тартуға тура келді. Арабтардың шығысқа қарай жылжу шегі қойылды. Арабтар да әлсіреп, осындай ірі шайқастан кейін ұзақ уақыт бойы өзіне келе алмады. Орта Азиядағы олардың билігі берік емес, билік түріктедің қолында болды. Ислам түркі халықтарының арасына тарала бастады. Исламды мемлекеттік дін ретінде мойындаған түрік халықтары біртұтас рухани, мәдени бірлікке қол жеткізу арқылы ұлт ретінде ұйысып, тұрақты, гүлденген мемлекеттерге ие болды. Соның нәтижесінде түрік дүниесі Ислам әлемімен рухани тұтастыққа қол жеткізді. Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн Сина қатарлы ұлы тұлғалардың данышпандық ілімдерін бере алды. Бұл кезеңдегі жетістіктер кейінірек діни қараңғылық жұтып қойған көршілес Еуропаға үлкен әсерін тигізді, зерттеушілер оны әлемдік тарихта «Исламның алтын дәуірі» деп те атады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. .Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл (Әлімғазы ДӘУЛЕТХАН egemen.kz: https://egemen.kz/article/271960-atlakh-talas-shayqasy-uly-dgenhiske-1270-dgyl)


2. https://kazislam.kz/atlah-shajqasy-ortalyq-aziyagha-islam-nuryn-akeldi/


3. https://kk.wikipedia.org/Атлах

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет