Картотека №25
Бип, бип, пыш
Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.
Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап айтады.
Бип, бип, пыш.
Мен паравоз алам.
Саяхатқа бет алам,
Бірте-бірте тездейміз,
Тез жетуді көздейміз.
Бип, бип, пыш.
Көп қаладан өтеміз.
Қызықтарға жетеміз,
Бип, бип, пыш.
Гук пыш,
Гук, пыш паравоз.
Мықты болсаң басып оз,
Қызық болды кеп қалдық,
Енді жайлап тоқтаймыз,
Бип, бух, пыш.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.
Картотека №26
Не істеу керек, табамыз
Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.
Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.
Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса,онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.
Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды.Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |