Картотека № 14
«Қақпақтар»
Мақсаты: Балалардың түстер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ойын шарты: Балалар қақпақтарды түстері бойынша екі түсті қорапқа жинайды.
Картотека № 15
«Дұрыс көрсет, ажырат»
Мақсаты: Балалардың тағамдар мен ыдыстар туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың атауларын меңгерту. Ойын шарты: Балалар берілген суреттер арқылы ыдыстар мен тағамдарды бөлек жинап, атауларын айтып үйренеді.
Картотека № 16
«Түсіне сәйкесін тап»
Мақсаты: Балалардың түстер туралы білімдерін жетілдіру.Ойын шарты: Балалар тәрбиеші көрсеткен түсті қайталап көрсетеді, атауларын атауды үйренеді.
Картотека № 17
«Балықша жүземіз»
Мақсаты: Балаларды ептілікке баулу.Ойын шарты: Балалар шеңбер болып тұрып, әуен басталғанда балыша жүзіп қимыл жасайды, әуен тоқтағанда тоқтап қалады.
Картотека № 18: «Тез көрсет»
Мақсаты: Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстер туралы білімдерін жетілдіру.Ойын шарты: Тәрбиеші кішкентай доптарды балаларға ұсынады, балалар айтылған түсті допты көрсетеді.
Картотека № 19
Достарыңызбен бөлісу: |