«Не жоқ?»
Мақсаты: Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде меңгерген дағдыларын қолдан отырып, киімдерді дұрыс айтуға ынталандыру. Ойын шарты: Балаларды киімдермен таныстырып, көзін жұмған кезде қай киім жоқ екенін тапқызу.
Картотека № 22
«Кім тез атайды?»
Мақсаты: Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін қалыптастыру, барлық тіршілік иесіне қамқор болуды үйрету. Ойын шарты: Балалар үй жануарларын көрсетеді, үй жануарларын атайды.
Картотека № 23
«Бұл қандай ойыншық?»
Мақсаты: Тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып көрсету, олардың қолданылуына сәйкес атауға үйрету. Ойын шарты: Балалар ойыншықтарды көрсетіп, қандай ойыншық екенін айтады.
Картотека № 24
«Шыршаны безендіреміз»
Мақсаты: Балаларды тіршілік иелеріне қамқор болуға үйрету, әсемдікке баулу. Ойын шарты: Балалар шыршаны ойыншықтармен әсемдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |