Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері - медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.
Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір - қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді.
Медициналық қызметкерінің керісінше (негативтік) әсері. Медициналық қызметкерлердің қалыптан тыс орынсыз айтылған сөздері науқасқа психологиялық зиян келтіріп, түрлі қарым - қатынас қайшылықтарына әкеліп соғады. Бұның салдарынан ятрогения - медициналық қызметкерлердің абайсызда айтқан сөзінен туатын невроз аурулары пайда болады. Ятрогениялардың көбі жиі жағдайларда байқамай, абайсыз айтылған медицина қызметкерлерінің сөзі, ал ол оның шын ойына негізделген емес екені мәлім. Науқас психологиясына, денсаулығына ятрогенияның әсері мол. Сол себепті менің ғылыми жобамда науқас психологиясын қарым - қатынастың әсерін зерттеу басты мақсатым болып табылды. [1|13]
Медициналық қызметкер науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері мол екендігін білуі қажет. Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенция - сының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды: науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу; науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын - алуда маңызды екенін көрсету; дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға ықпал ету; «медициналық қызметкер - науқас» қарым - қатынасында медициналық қызметкердің сақ болуы.[7|196]
Науқастармен қарым - қатынас жасауда вербальды және вербальды емес қатынастар маңызды орын алады. Дәрігер науқастарды қабылдағанда өзінің қимыл әрекеті арқылы оларға кері немесе жағымды әсер етуі мүмкін. Егер дәрігер науқасты бар ынтасымен тыңдап, назарын тек науқасқа аударып, ауруына науқастың көзқарасымен қарап отырғанын сездірсе науқас та дәрігерге көп сенім артады. Ал егер бәрі керісінше болып, науқасқа назар аудармай басқа іспен шұғылданып отырса, науқастың психологиясына кері әсерін тигізіп, шипа іздеп келген дертіне кері әсер етуі мүмкін.
Сырқаттарды емдеуде дәрігер үшін сөздің рөлі әрдайым жоғары. Науқаспен қарым - қатынаста дәрігердің дауыс көтермей, бірқалыпты шыдамдылықпен, тіл мәдениетін сақтап, тұрпайылық жасамауы қажет.”Әркім өз ауруымен ауырады, оған қорқыныш қосылады” деген қанатты сөз бар. Міне сондықтан дәрігер өзінің мінез - құлқымен, байқап сөйлеуімен және ойлы, дұрыс ақыл - кеңесімен сырқаттарға әлдебір күдік туғызудан қашық болғаны абзал. Кейде сырқат көзінше медициналық
қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды, ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Ол медициналық қызметкердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез құлқынан шығады.
Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның кілттік негізгі дағдылары, мынандай ережелерден тұрады: науқаспен қатынасуда басымдылық танытпау; Науқасты ептілікпен тоқтата білу; Позитивтілікті күшейту;
Сұрақтарды дұрыс қоя білу; Вербальді ақпараттарды дұрыс жинай білу; Коммуникативті дағыларды қолдану; Науқасты сендіре білу қабілеті; Науқасқа әсер ете білу; Коммуникативті білгірлігін құрай білу; Вербальді емес коммуникацияның компоненттерін қолдана білу; Науқастың айтқандарын тұжырымдай білу; Эмоционалды тұрақтылық; Коммуникативті қабілеттілігін көрсете білуі қажет; Адамдармен қарым - қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну керек.
Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар - оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым - қатынасы науқас психологиясына оң әсерін береді
Коммуникативтік біліктіліктілік астарында тұлғаның психологиялық сипаттамасы жатыр, бұл арқылы адам белгілі-бір әлеуметтік топқа кіреді, қоршаған ортамен эмоционалды қарым-қатынасқа түсіп, басқа адамдармен бірге бола алады.
Бұл психологиялық қасиет «аффиляция» деп аталады, яғни басқа адамдармен бірге «болуға», «қосылуға» ұмтылу қажеттілігі.
Іштей аффиляция бауыр басу, адалдық сияқты сезімдер арқылы көрініс тапса, сырттай-ашықтық, басқа адамдармен үнемі бірге болу, қызметтес болу сияқты іс-әрекеттер арқылы көрінеді.
Ұзақтылығымен, қарым-қатынасқа түсетін адамдардың алуан түрлілігімен ерекшелінетін дәрігер жұмысына аффиляция:
- науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі;
- оларға көмектесуге ұмтылдырады;
- кәсіби деформациядан, немқұрайлық пен ресмиліктен қорғайды;
- науқасқа жеке “дене” деп қараудан сақтайды.
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін қамтамасыз ететін келесі бір психологиялық қасиет – бұл эмоционалды тұрақтылық болып табылады. Эмоционалды тұрақтылық дәрігерге “психологиялық стрестен”, науқастармен қақтығысып қалудан қорғайды. Дәрігердің эмоционалды іс-әрекеттері, науқастың оған деген сенімін жоғалтып қана қоймай, оларды шаршатады, күдік туғызып, тіптіқорқытады. Керісінше, дәрігердің бірқалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы, сабырлылығы науқасқа сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Қарым-қатынас жасау барысында дәрігердің басты психологиялық қасиеті – бұл эмпатия көрсетуі,яғни бұл дәрігердің науқас қиындығына ортақтасуы, терең сезінуі, науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда “қатысуы” болып табылады.
Эмпатия үш түрлі компоненттен тұрады:
1. идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия.
2. Интеллектуалды процестерге негізделген (салыстыру, талдау) танымдық эмпатия.
3. Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия, яғни басқа адам туралы көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия.
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет – бұл сезімталдылық (сенситивтілік). Бұл қасиет дәрігерге науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесетін “кері байланыс” рөлін атқарады.
Дегенмен, сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын, аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін қамтамасыз ететін келесі бір психологиялық қасиет – бұл эмоционалды тұрақтылық болып табылады.
Қарым-қатынас жасау барысында дәрігердің басты психологиялық қасиеті – бұл эмпатия көрсетуі
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет – бұл сезімталдылық (сенситивтілік)
Аффиляция - басқа адамдармен бірге «болуға», «қосылуға» ұмтылу қажеттілігі.
Дәрігердің коммуникативті компетенттілігінің құралуы. Науқастармен қатынасу біліктілігі – бұл дәрігердің коммуникативті компетенттілігі, оның құралуы медициналық оқу орнында оқу үрдістерінде құралып басталады.Кейін түрлі жастағы,психологиялық қасиеттері бар,білім және әлеуметтік деңгейлерімен ерекшеленетін науқастармен кәсіптік қатынасуда дамиды. Болашақ дәрігерлер оқытудың ерте этаптарында науқастармен негізсіз,өздері сыйлайтын,ойларымен бағдарлайтын дәрігер-оқытушыларының стилімен, интонациясымен ұқсатып қатынасады (ымы, мимикалық реакциялары, қалпы, отыру және науқастармен сөйлесу манерелеры және т.б.). Жас дәрігер кәсіптік тәжірибесінің жиналуына байланысты,науқаспен қатынасуды жеңілдететін түрлі психологиялық дағдыларды қолдана бастайды. Дәрігердің жұмыс стажы көбейген сайын коммуникативті компетенттілігін жоғарлату үшін,ол зейінін және көңілін терапиялық және диагностикалық үрдістің психологиялық аспектілеріне аударады