Коммуникативтік үрдіс және дағдылар


дәрігер арасындағы да карым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас



бет5/5
Дата29.04.2020
өлшемі0,78 Mb.
#65092
1   2   3   4   5
Байланысты:
Коммуникативтік үрдіс және дағдылар
Коммуникативтік үрдіс және дағдылар, 000023d0-c3af396b
дәрігер арасындағы да карым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қарым-қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелілігіне ауру күманданады, дәрігерге сенімділік білдірмейді. Мұндай жағдайда науқас басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Ал науқас сенім білдірген дәрігер қарапайым ем тағайындаса да, ол оның тиімділігіне күмәнданбайды. Сондықтан, әр дәрігер және басқа да медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде, олардың сенімділігін тудыратын, карым-қатынас құруы керек. Аурухана немесе емханада емделіп жатқан науқастар бір-бірімен пікірлесе отырьш олардың сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті бүкіл ауыл немесе қала ішіне жариялап жіберуі салдарынан мекеме, бөлімше, дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шыгаруы да мүмкін.
  •  Осы себептен жергілікті тұрғындар дәрігерлік көмекке басқа дәрігерлерге және ауруханаға баруға мәжбүр болады.
  •      Сонымен, дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай адамдармен, әріптестерімен,  мейірбикелермен, санитаркалармен, науқас және оның жақын туыстарымен тығыз қарым-қатынас кұрады. Науқас адамның ауруын анықтауғатиімді ем шараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас кұра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет