бойынша көрсетіледі. Сонымен катар, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды колдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды кызметкерлермен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, карамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады.
Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауға келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады Оларға аурудын дерті жөнінде мәліметті ортаға салып ақылдасады тиімді, зерттеу тәсіл түрін таңдауға, дерттің назар аударарлықтай ерекшеліктерін ескертаді. Ал жедел, адамньщ өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріптестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шраларын кезектен тыс ұйымдастырады.
Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен, дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Мысалы, аурудың дерті күрделі болған жағдайда, оның аскынулы, созылмалы түрлерінде немесе қосымша аурулары дамығанда, емдеуші дәрігер басқа дәрігердерді консультацияға, пікірлесіп - акылдасуға шакыррады немесе дәрігерлер кеңесін (консилиум) ұйымдастырады. Тек осы жол арқылы ғана тиімді ем шараларын тауып, олардың нәтижелілігін қамтамасыз етуге болады. Яғни дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялык қасиеттеріне байланысты болады
Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялык мамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, кайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетін атқаруда өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді. Керісінше, дәрігердің екі жақтылылығы, шыдамсыздығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен, қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қьтзмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жүмыс нәтижесін жоққа шығарады.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шарапарын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей озі іске асырады. Егер дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Мейірбике, жүмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоян-қолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканың міндетіне жатады. Бұл жұмысты мейірбике үнемі қадағалап, бақылайды. Сондыктан, мейірбике мен санитарка арасындағы қатынас тиісті дәрежеде болуы, ауруды емдеу ісіне оңды ыкпал жасайды. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудін тиімділігі де жоққа шығуы мүмкін