Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз



бет14/45
Дата09.03.2023
өлшемі89,76 Kb.
#171558
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
эссе 9 сынып

17.Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз.
Сал-серілер өлеңдерінде ару қызды, көрікті келіншекті аялау, жақсыларды дәріптеу негізінде жырға қосқан. Өлеңге жыр ете отырып табиғи сұлулықты жарастыра білген. Ол кезде көптеген ақындар теңеу образы ретінде аркды-аққу, лашын, бұлбұл құсқа теңеген. Олардың өзіндік ерекшіліктері бар. Теңеу образындағы құс атаулары адам бойындағы ерекшеліктерді таныта білді. Қазақ елінде ежелден сал-серілер өлеңдерінде қазақ қызының инабаттылығын ерекше бейнелеген. Оның әр жүрісінен тәрбиелігін аңғарған. Сондай-ақ ежелден қазақ қызын тыйым салып өсірген. Мұның барлық қыздың өз орны бар екендігін айқын көрсетеді. Оларға: ақша маңдай, перизат, аймақ ауыз, сүмбіл шаш, қарақат көз,жазық маңдай, алқызыл гүл деген тәрізді көптеген эпитеттер жазған. Ақындардың осындай өлеңдері әсерлі әдемілікті осылайша айқындайды. Ақындар шығармаларында әйел затын ерекше бейнелейді. Мұнда бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының мұңы мен мүддесін негізге ала отырып жырлайды. Ақындарымыз қазақ қыздарын өз заманынан-ақ жоғары бағалаған.
Жаяу Мұса өзінің "Әйелдер сипаты" өлеңдерінде әйелдердің қаіретін, қайғы-мұңын термелей келе, ең жақсы деген әйел жұртына назар аударады, әйелдерді сыйлауға,бағалауға үндейді.
Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын адам затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, сырлы қөзді жақсы қатын
Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,
Оларға айту керек орынды сөз
Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң...
Шығып кете жаздайды бойыңнан жан-деп әйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді.
Сал-серілердің бір айырмашылығы, олар ақын да, әнші де болған. Сол әндерін де, өлеңдерін де қазақтың қыздарына арнағанын көремін. Өйткені қазақ қыздары осы өмірдің пәк, таза гүлі. Оны біз:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары,жаны жаздай жайраңдаған
"Қыз өссе елдің көркі..." деген сөзді.
Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам?-деген өлең жолдарынан түсінеміз.
18.Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шығармашылық өнерімен айқын із қалдырған әнші – ақындардың бірі – Ыбырай Сандыбайұлы. Кешегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ топырағындағы тарихи-экономикалық және әлеуметтік-рухани өзгерістер, патша саясаты ақынның көңіл күйі мен өмірлік көзқарасына әсер етпей қалмады. Ыбырай сол заманның ащы шындығын айыптау арқылы «Қалдырған» деп аталатын терең философиялық толғауын жарыққа шығарады. Бұл толғауда қандай астырлы шындық жатыр деп ойлайсыз ? Сыршыл ақынның мына сөзінең біз өз өміріне шолу жасағандығын байқаймыз. “Жасымнан халқымды сұлу сөздің нәріне қандырған ақын едім. Халқым да мені еркелетіп, маңдайымнан сипап, құрмет тұтты. Соның арқасында Сарыарқаны сайраңдап ғұмыр кештім. Енді, міне, алпыстан асқан шағымда сұм дүние теріс айналды, мені іздейтін жан қалмады” деген екен. Шығарманың соңында Ыбырай сақал-шашы аппақ қудай етіп бейнелегенін көреміз. «Қалдырған» толғауында ақын мұңы мен кіршіксіз көңіле сырын толық байқауға болады. Оны кіршіксіз ақын талай-талай тауқыметті бастан өткеріп, өмірдің өріне көтеріліп, енді тағдырдын түбінді кезеңінде аяқ басқан сәті осы «Қалдырған» толғауымен байланысты. Өмірінің соңғы кезеңдерінде баяғы жолындаған жастықтың қайта айналып келместігін түсінген ақын өткен өміріне тек көз жүгірте алатын ұғынды. Барлық жұмыр басты пенделер бұл өмірдің, заңына бас елді. Біреу келіп, біреулер кетеді. Үкілі Ыбырайда өмірінің соңғы сәтінде осы толғауымен дүниенің жалған зат әрі қайта оралмас шық екенін түсінді. Қорыта келгенде, дарынды әнші-сазгер, асқақ үнді ақын Ыбырай Сандыбайұлы өз заманындағы әр алуан әлеуметтік мәселердә көтерген алдыңғы қатарлы өнер қайраткерлерінің бірі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет