Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз



бет25/45
Дата09.03.2023
өлшемі89,76 Kb.
#171558
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
эссе 9 сынып

30.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз.

Жүсіпек Аймаутыов “Ақбілек” романы Ақбілек-қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман “Ақбілек” романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ақыл көріністері, Ертіс-Күріш сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғнм қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнеленген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы әңгімелейді.
“Ақбілек” әлемі романындағы оқиғалар өмірден алынған Ақбілек әлемі, Қазақ төңкерісімен кейінгі қазақ ауылының әрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы жазушының жан әлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне сай табиғат тамашаларын әсерлі, шабатты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, сосын жекелеген бейнелер Ақбілек, Бекболат, Офицер, Мұқаш сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір-тағдыр талқысына сала отырып, ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың алдындағы әлсіздігін де сөздірмей, қаладан бақытына жалықтыруы – кеңестік кезеңнің талабы. Қазақ әйелінің еркіндік алу салтанаты жемісті сәті. Сондай-ақ Төлегеннің үйінде қонақта болған зиян қауым өкілдерінің өзара әңгіме – сұхбаттарынан қазақы қалжың, пәтер, темекі төңірегінде өріс алған әңгіме арнасы – бай – кедей, тап мәселесіне алып келеді.
Жүсіпбек Айтмаутов роман оқиғасын тарата, көркем, кемісті баяндайды. Шығарма тақырыбы иемдеген басты тұлға Ақбілек аяулы әке мен қыбат анасының алдында ерке де әсем бөліп өсті. Ол құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымыған, өмірінен тағылым – ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. Бірақ бұл жарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт, төрт атты бұзғанды. Үлкен үй дәулетті Мамырбайдың шаңдырағын ортасына түсіреді. Бәйбішісімен атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес. Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты. Міне, “Ақбілек” романынның бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.
Қорыта келе, “Ақбілек” романын ұлттық таным мен парасатты, ұлттық болмыс-бітімін көрсететін тәрбиелік мәні зор салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптар деуге болады. Ақбілек романы – бір ғана қазақ қызының тағдырымен қатар, әлеуметтік төңкеріс тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Роман арқылы ұлтымыздың бүгінгі, ертеңі болашақ ұрпағымызға ой салары анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет