33.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз.
Қазақ халқының әдет-ғұрпындағы «ас» өз ортасы қала берді, бүкіл халыққа белгілі тұлғалардың қайтыс болғанына жыл толғанда беріледі. “Сауын айтып ас берді”- дейді, яғни төрт тарап жұртқа, астың өтілетіні туралы алуан-ала хабар беріледі. Хабар тиген жұрт ас болатын жерге төрт тараптан жиыла бастайды. Ас бір күндік шара емес, кемі үш күнге созылады.
Ас өткізуді және асқа келген қонақтарды күту үшін, ас берушінің жақын туысы, жақындары үлкен шығынға шығады. Аста отырып , аста ат бәйгесі, күрес, айтыс , ән өнері, жамбы ату секілді ұлттық ойындар да ұйымдастырылады. Паң Нұрмағанбет өткізген «Сағынай асы», Абай жолы романында суреттелген “Бөжей асы” да осындай астардың бірі. Бөжей асы мен Сағынай асының ұқсастықтары баршылық. Сағынай асы мен Бөжей асының басты ерекшелігі дәстірге сай қайтыс болған үлкен кісіге ас беруі болып табылады. Бұл дегеніміз өлген адамның атағы кеңге жайылады, келген қонақ: “Артында ұрпақтары, елі бар екен”,- деп кетеді. Екі шығармада да ас беруді көркем бейнелейді. І.Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасындағы Сағынай асын “Бір үйде бауырсақтай бәйбішелер отырса, бір үйде шынырлаған қобыз, бір үйде ыңыранған домбыра дауысы естіледі, құранмен жел түсірген молда ысқырынса, бір үйде өңмеңдеген кәрі ақын мен бала ақын айтысып жатыр”- деп автор ас беруді әдемі, жақсы жағынан бейнелейді. Ит басына іркіт төгіліп жатқан осы дырдудың көлеңкесі нақтары тағы бар:
Ет асып, пышақ қамрап, малды қырған
Кедейге сонда ырза емес бай антұрған.
Жалғыз-ақ бұл жиында малшылар жоқ,
Аңсаған ас етіне қойшы қырдан, -
деп, тендік, шындық бұл жерде де жоқ екенін көрсетеді. Ал М.Әуезов, Абай жасындағы Бөжей асын басқаша бейнелейді. Оны былай суреттейді: “Табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты . Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан алып, қатар ызғытып жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болады”. Міне, ас рәсімі осылай суреттелген. Бөжей асы мен Сағынтай асы екі шығарманың басты арқауы десекте болады. Бөжей асынан Абайдың нағыз азаматтығын байқасақ, Сағынтай асынан Құлагердің мықтылығын байқаймыз.
Қорыта айтқанда М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асы да, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынтай асы да екі шығарманын басты арқауы. Екі ас беру рәсіміне қарай отырып сол заманда қайтқан адамдарды қадір тұтып, құрметтейтінін және ұмытпағандығының белгісі ретінде арнайы ас рәсімін өткізгенін білеміз. Сол заманғы дәстір қазірде бар деуге болады, бірақ ат шабыстырып көкпар ойнатпағанымен, өлінің аруағына құрмет ретінде арнап, ағайын-туыс жинап ас беру қазірде сақталған
34. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
«Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген. Айшықты мінез бен орамды сөздер арқылы кейіпкерлерді әсерлендіре түседі. Мұнда кейіпкерлердің адалдығын, сертке беріктігін, сөз қолданысы мен мінез үйлесімділігін ашып көрсетеді.
Осы драмада өз бақытын табудың жолын іздеген екі кейіпкер де бірін-бірі сырттай естіген, әрқайсысы өзіне лайық тек сол болар деген ойға пайымдаумен көрерменді қызықтырады. Автор неге Еңлікті тек батырға лайық жар етіп суреттейді? Еңлікті сөзі ұтымды, ақылды, басынан сөз асырмайтын ер мінезді қызға тек өзіндей батыр ғана тең екенін көрсеткісі келеді.
Драма кейіпкерлерінің махаббат үшін күресін ішкі жан әлемінің тілдесуінен көреміз.Оны Кебектің Абызға айтқан мына сөздері: «...Жарқыраған күн де дос. Тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат! Сауық құрам – ән сүйем, саят құрам – аң сүйем, жалын ұрам – жар сүйем...», - деген сөздері жалынды махаббатқа бөленген, ыстық сезімін көрсетеді.Екеуі жартас басында Кебектің аңшылық құрып жүргендегі кездесуінде іштей ұғынысады. Автор осы жерде неге Еңлікке сөз бастатып, үйіне қонаққа шақыртады? Ондағысы екі жастың көңілін жарастыру. «...Анық Кебек сен болсаң, өзім де айтар жайым бар. Жүр Батыр! ...Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз сүзген әлдеқандай деме, Кебек...», - деген сөздерді арқылы қыздың бас қайғысын бөлісетін, үлкен сеніммен нағыз арқа сүйер адал жанды тапқандықтан айтқанын білеміз.
Кездесе жүріп, екі елдің рұқсат бермейтінін біліп, қашуға бел буады. Сондағы Кебектің монологі: «...Жазығым жар сүйгенім болса, бердім барды Еңлігімнің жолында...», - деуі арқылы белді бекем буғаны белгілі. Еңлік сахнада көрінгенде Кебектің «Келші жаным, күпті қылмай, сертіңменен келдің бе?»,- дегеніне Еңліктің «Келдім, батыр, бар тілегім жолыңда...», - деген сөздермен жауап қатуынан махаббаттың жолында үлкен құрбандықпен табысқан екі жасты көз алдымызға әкеледі.
Драма кейіпкерлерінің өн бойы, сөйлеу тілі – әдеби көркем тілге, бейнелеу әдісіне, қиял қанатын қияға сермер шеберліктің ерекше бітімін танытқан. Артында қалып бара жатқан ата-анасын қимастықпен қоштасуы өлең жолдарымен айтылады.
Қорыта келгенде, «Еңлік-Кебек» драмасы бірін-бірі сүйген екі жастың сертке берік, қайсар мінездері мен өмір үшін арпалысын көрсетеді. Көрерменге үміт пен ізгілік таратады. Екеуінің адалдығы мен шынайылығы кейінгі ұрпаққа үлгі деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |