Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


 ƏӘсет Найманбайұлының «Салиха-Сəәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт



Pdf көрінісі
бет23/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

23. ƏӘсет Найманбайұлының «Салиха-Сəәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт 

сипатын талдап жазыңыз. 

ƏӘсет Найманбайұлы- асқақ үнді, əәсем ырғақты əәндер шығарған сазгерлігіне қоса əәдеби қорымызға 

көркемдігі жоғары мол мұра қосқан ақындығымен де қосқан ақындығымен де оқшауланатын тұлға. 

Оның шығармаларының қазақ мəәдениеті мен əәдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. 

Ақынның мол мұраларының бірі-қисса-дастандары. Шығармаларында ең көп жырлаған тақырып-

сертке беріктік, уəәдеге адалдық. ƏӘсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық, 

адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып 

отырады. Сондай дастандарының бірі моңғол өмірінен алып жырлаған «Салиха-Сəәмен» дастаны. 

Дастанның сюжеті Салиха мен Сəәменнің арасындағы махаббатқа құралған. Ясукей батыр деген 

моңғол ханының қызы Салиха жас шамасы өзімен қатарлас көркімін де, батырлығымен де ел 

сүйсендіріп жүрген Сəәмен деген жігітке сыртынан көріп-ақ ғашық болады. Сəәмен де Салиханға 

ғашықтығын жеткізеді. Екеуі бірін-бірі шын ниетпен ұнатып, қосылуға уəәделеседі. Бірақ қыздың 

əәкесі аса қатал болады. Қосылуға рұқсат бермейтінін біліп, оған айтудан жасқанады. Тек 

жасырынып қашып кетуді ойлайды. Ол үшін ешкім бара алмайтын жəәне тығылғанда таба 

алмайтын жерді іздейді. Салиха жігітке: «Сен үшін жаным құрбан», - деп уəәде береді. Сөйтіп, 

екеуі тауға қашады, үңгірге тығылады. Бірақ көп ұзамай қолға түсіп, ақыры қосыла алмай өледі. 

Дастанды аңыздық желі де, халықтың наным-түсінік те қатар көрініс тауып отырады. Оқиғасы 

тартымды, тілі шұрайлы, көркемдігі жоғары. Енді осы дастанның басты кейіпкерлерінің бірі 

Сəәменге тоқталсақ. «Ажары жай оғындай жалындаған, Туыста қас-қабақты ер тұлғасы. 

Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді, Жетпеген қатарына тең құрдасы. Сағымдай садақ жетпес 

жылдамдығы, Қырмызы қыз мінезді, қымбат басы. Денесі тең сандалдың терегіндей, Кең біткен 

иығының екі арасы. Шалқақ төс, бура санды, бұлшық етті, Бар еді батырлықтың əәр саласы. Жау 

десе жабырқанып жатпайтұғын, Таңдаулы батыр болған ер-қолбасы»,-деген өлең жолдарынан 

Сəәменнің батыр болғанын байқаймыз. Осы дастан арқылы ƏӘсеттің шебер суретші екенін аңғаруға 

болады. Дастандағы Сəәменнің бейнесі көптеген ғашықтық жырлардағы батырлар бейнесі ұқсас. 

Батырлар жыры мен ғашықтық жыры бір-бірімен байланысы, қатарласа дамыған. Сюжеттік 

құрылымдардың бір типті болып келуі, образдыр жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен 

бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер жырдың екі түрінде де кездеседі. 

Қорытындылай келе, ƏӘсеттің көпқырлы дарын иесі екенін айтқым келеді. Оның асқақ əәндері мен 

алуан тақырыпты өлендері, қисса-дастандары халықтық өнерімізді дамытуға, сонымен қатар 

халқымыздың мəәдениетін көтеруге өз үлесін қосқаны жəәне қоса беретіні күмəәнсіз, деп ойлаймын. 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет