Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңіндегі нағыз досқа тəән қасиеттерге өз



Pdf көрінісі
бет31/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

31.С.Сейфуллиннің "Сыр сандық" өлеңіндегі нағыз досқа тəән қасиеттерге өз 

көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз. 

Сыр сандық өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін 1923 жылы Қызылжар 

қаласында болған жағдайға байланысты туған. Сəәкенді бір сапарында вокзалдан 

күткен досы Шəәріпжан Потаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір 

кездесуде Сəәкенді танымайды, шақыртқанына келмепті. Сонда көңілі қалған Сəәкен 

ақын:"Үлкен шенділерге табынғыш, жаоамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған дос 

сымағым ұлық болсам, шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?" дегенді ойлапты. 

Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шыр айналып қасыңнан кетпейді. Ал 

қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос. 

Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай 

достардың жан сарайы, жүрегі берік қойма тəәрізді. Оны ақтаруға кез келгеннің қолы 

жете бермейді. Тек достың досы ғанаақтара алады. Сəәкен де сағына сырласатын 

нағыз дос іздейді. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның 

қалың нулыорманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Сол тауда биік 

шың бар, онда қымбат жасау бар, сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін 

тауып аш та, сым пернені басып қара, дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. 

Ақынның суреттеген қоймасы - досының жан дүниесі, жүрегі. 

 Қазақтың дəәстүрі əәдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. "Дос жылатып 

айтады, дұшпан күлдіріп айтады", "Досы жақсының өзі де жақсы", - деген мақал-

мəәтелдер де жеткілікті. Достыққа қарама-қарсы ұғым - қастық пен күншілдік. 

Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере 

алмайды, дос дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу - өмірлік 

мақсаттардың бірі. Егер қасыңда жақсы досың болса, сен өмірдегі бақытты 

жанның бірісің. Жақсы дос сені ешқашан жарты, жолда қиыншылықта тастап 

кетпейді. Ол сенімен бірге өмірдің ыстық-суығына төзіп, нағыз достықтың үлгісін 

көрсете біледі. Ал қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық бұл өмірдегі 

ешнəәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық 

қатынасқа нəәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет 

ететін нəәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тəәнімізбен 

еңбектенуіміз қажет. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. 

Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос 

бола білген адамның достары да көп болады жəәне жер бетінде өзін жалғыз 

сезінбейді. 

 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет