Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


-эссе: І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..»



Pdf көрінісі
бет32/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

32-эссе: І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» 

жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па? 

Жаңа əәдебиеттің негізгі идеясын қабылдап, оны жырлауға құлшыныс білдірген 

ақынның бірі – Ілияс Жансүгіров еді. Төңкерістен бұрын демократиялық бағытта 

өлеңдер жазған ақынды идеясына тартқан да өкіметтің кедейлерге деген қолдауы 

болды. 20-жылдардың аяғына қарай Ілияс эпикалық поэзияға бет бұрды. Оның ұзын 

сарынды эпикалық поэмалары қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерді, ел басындағы 

қуаныш пен ауыр күндерді, əәр заманда өмір сүрген адамдар өмірін жырлауға 

арналған. Осындай өнер тақырыбына жазылған туындыларының бірі – атақты 

«Құлагер» поэмасы. Бұл поэманы ақын қазақ халқының ардагер ұлы Ақан сері 

арнаған. 

«Құлагер» поэмасы – ақынның эпикалық жырларының ең соңғысы жəәне 

поэзиясының ең биік шыңы. Поэмаға арқау болған оқиға – тараудың басындағы 

тұсында сері болсын, пері болсын, өмірімен ұнаған Ақан жəәне тұлпар ат Құлагер. 

Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, 

Құлагердің мерт болуын, сонымен байланыста Ақанның қайғы-шерге көмілуін 

суреттеген тарауларда баяндалған. Құлагердің өлімі асыл Ақан үшін өте ауыр 

болады. Ол айдалада Құлагердің басын құшақтап көзінен қанды жас ағады. Құлагер – 

Ақан серінің сұлулығы, идеалы. Менің ойымша, ақын мен тұлпар өмірі ажырамас 

тұтастық. Себебі, оның түсінігінде ондай тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен 

жүрек түкпіріне ұялаған əәсемдік, көркемдік бəәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай əән 

айтуы да, ел арасында жайраңдап жүруі де екі талай. Құлагерге жұмсалған 

айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол енді тірі өлік. 

«Құлагер» поэмасындағы ақынның көркемдік шеберлігі, тілінің аса шұрайлығы  

жайлы М. Қаратаев «Қазақ поэзиясының Құлагері» деген ғылыми зерттеуінде: 

«Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын, əәдемі образдар, шындықтан туған 

романтикалық леп, бұлақша сылдыраған нəәзік лирикалық сезім, серпінде, кең эпикалық 

құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғыраған кəәдімгі он бір буынды  

қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мəәнінде поэзияның 

«сұлу сарайы», Жансүгіров творчествосының биік шыңы деуге толық дəәлел бола 

алады» - деп түйген болатын. Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі 

жағынан «Құлагер» - қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі.   

Қысқасы, «Құлагер»  дастаны  ақын  туралы, оның тағдыры десек те, оның негізгі 

өзегі – Ақан трагедиясы арқылы əәлеуметтік орта жəәне замана лебі, қуанышы мен 

қайғысы кең  көлемде жырланған ірі лиро-эпикалық поэма. 

 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет