Компьтерге тергенде қателері бар. Тексеріп барып, шығару керек. Махамбет өлеңдеріндегі «Қара нар керек біздің бұл іске»


С.Мəәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап



Pdf көрінісі
бет37/50
Дата11.05.2020
өлшемі1,07 Mb.
#67106
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
Esse - zharatylystanu ba 1171 yty

38.С.Мəәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап 

жазыңыз. 

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін 

əәкелгендердің бірі – дүр тұлғалы Сырбай Мəәуленов. Қан майданда қар жастанып, мұз 

төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, 

көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең 

қорытып, тіршілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық. Оның 

шығармашылығының негізгі бір тобы соғыс тақырыбына арналған, ол заңды да. 

Өйткені жастық шағының елеулі бір кезеңін ұрыс даласында өткізген майдангер 

ақын жүрегінің лүпілі ақ қағазға түсірілген өлең жолдарына айналуы табиғи 

құбылыс. . Бүкіл адамзатқа зардап шектірген бұл соғыс кезеңіне арналған С.Мəәуленов 

өлеңдерін оқып отырып толғанасың, күйінесің, күрсінесің. 

Сырбай Мəәуленовтің поэзиясы соғыс құрбандарына мəәңгі тұрғызылған ескерткіш 

тəәрізді. Сондықтан да, оның өлеңдері көздің ұясынан жаңа шығып, жерге тамбай 

мəәңгі қалған көз жасының бір түйір тамшысы сияқты əәсер қалдырады. Сондай 

туындыларының бірі – «Құлын» өлеңі. Бұл өлең шағындығына қарамастан, 

миллиондаған адамның қанын судай ағызған сұрапыл соғыстың зардабы мен 

сұмдығын көзбен шұқып емес, жүрекпен сездіреді. Өлеңнің философиясы – Алланың 

бұйрығымен болған немесе тағдырдың жазуымен болған өлім болса да, өмір жалғаса 

береді дегенгей: 

«…Шашыраған көк жалын бүркіп темір, 

Орманның іші үрейлі. 

Ал оттың ортасында – 

Шіркін өмір, 

Құлын боп кісінейді». 

Сырбай Мəәуленов қазақ поэзиясын өлеңнің жаңаша түрлерімен байытқан, жаңалық 

əәкелген ақын екені бүгінде даусыз. Небəәрі он бес жолдан тұратын «Түбірлер» өлеңі – 

соғыс тақырыбына арналған суреткердің мəәңгі өшпейтін бейнелі полотносы тəәрізді. 

Бұл алапат соғыстың не екенін сізге бүкіл тұла бойыңызбен, жүрегіңізбен сезінуге 

мəәжбүр етеді. Өлеңнің мəәні де, маңызы да сонда. Бірақ, ақын бұл өлеңін неліктен 

«Түбірлер» деп атады? Түбір – жайқалған жапырағынан, аспанмен таласқан 

биіктігінен, берік діңінен айырылған, сынған ағаштың түпкі бөлігі. Соғыс небір 

бозымдарды жалмады емес па?! Халық діңінен, тірегінен, қамқоршысынан, 

жақынынан айырылды. Дегенмен, жойылып кеткен жоқ, «түбір» қалды. Ағаш түбірі 

барда қайта көктеп бой көтерері сөзсіз. Зұламат соғыс зардабы қаншалықты ауыр 

болғанымен, өмірді жалғастырар «түбірлер», ұрпақтар қалды. Менің 

пайымдауымша, ақын бұл тақырыпты сондықтан да таңдады. Ата-баба жолын 

жалғар, ешкімді де, еш нəәрсені де ұмытпайтын, ұлтын ұлықтар жас ұрпақтың өсіп 

жетілуіне сенді. Қандай астарлы ой, əәсери оптимизм! 


Қорыта келгенде, Сырбай ақынымыздың соғыс тақырыбындағы жырлары 

соғысты əәлі күнге ұмыттырмай келе жатқан сезімдерді сыздата бейнелеген асыл 

мұра, бейбіт күннің бағасын бағамдатар құдірет. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет