Компьютерді қолданып оқытуды автоматты түрде бағдарламалық басқарудың әдістемесі



бет6/7
Дата31.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#137432
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту

АКТ


Компьютерлік телекоммуникацияны қолдану барысында сипатталған барлық жұмыстар оқыту тәрбие беру процесінде ең көп сабақтан тыс уақытта іске асады.
Сипатталып өткен электронды пошта мен телекоммуникациялық жобалардан басқа компьютер мультимедиялық және көмекші техникалық құрал ретінде мектеп ұжымына баспа ретінде де қолданылады, яғни оның көмегімен оқу процесіне, сынып ішілік және сабақтан тыс әрекеттерге арналған әр түрлі бағыттағы журналдар, әдістемелік мәліметтер, ақпарат көздері жарық көреді. Мұндай баспа білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылық орталықтарының бірі бола алады.
Компьютерлердің көмегімен ақпаратты жүйе арқылы басқа оқушылармен қарым қатынасқа түсуге болатын электронды кітапхана, мәдени ақпараттық орталық жасауға болады. Мұндай орталықтарға медиатеканы жатқызамыз. Оқушылардың медиатека шарттарымен өздігімен жұмыс жасауы, яғни әр түрлі ақпарат көздерінен мәлімет іздеу, іздеу барысында қажетті мәліметтің негізгі сөздерін қолдана алу, ақпаратты сараптаудан өткізу және оны мектеп журналдары мен газеттерінде баяндама, кескіндеме, графика, магнитті дауыс, видеоақпарат, мәтін ретінде безендіру оқушылардың жекелеген қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет