Компьютерлік графика туралы



бет12/17
Дата06.02.2022
өлшемі5,28 Mb.
#49548
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
0003ddee-6d6ee911

2.4 Үшөлшемді графика.
Үшөлшемді графика ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объекттерді компьютерлік модельдеуде кеңінен орын алады. Мысал ретінде үшөлшемді модельдеудің күрделі вариантын – физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру. Объетіні кеңістікте модельдеу үшін келесі қадамдарды орындау керек:
- объектінің нақты формасына барынша сәйкес виртуалдық каркасын «скелетін» жобалау және жасау;
- физикалық қасиеттері объектінің нақты материалдарына ұқсас болатын виртуалды материалдарды жобалау және жасау;
- объектінің беттерінің бөліктеріне тиісті материалдарды тағайындау (кәсіби жаргонда оны «текстураларды объектіге проекциялау» дейді);
- объект орналасқан кеңістіктің физикалық параметрлерін келтіру керек – жарықты, графитацияны, атмосфера қасиеттерін, өзара байланысты объектілер мен беттердің қасиеттерін беру;
- объектілер қозғалысының траекториясын беру;
- кадрлардың қорытынды реттілігін есептеу;
- анимациялық роликке қажетті эффекттерді беру.
Объектінің реалистік моделін құру үшін геометриялық примитивтер (тік төртбұрыш, куб, шар, конус және т.б.) және онлайндық деп аталатын жатық беттер қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет