Компьютерлік графика туралы



бет16/17
Дата06.02.2022
өлшемі5,28 Mb.
#49548
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
0003ddee-6d6ee911

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді. 
Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет. 



  1. Қорытынды

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.


Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындаса, компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай. 
Сондықтан компьютерлік графика біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып қалуда. Қазіргі IT технология заманында қарапайым геомертиялық фигуралардан бастап, күрделі конструкторлық техникаға дейін жасап шығаруда үшөлшемді графиканың орны ерекше болып келеді.
Графиктік редакторлар тек кәсіби мамандарды ғана емес қарапайым пайдаланушыларды да қызықтыруда. Өйткені графиктік редакторлар математикалық және компьютерлік білімді,бағдарламалау тілдерін өте көп қажет етпейді. Редакторлар түрлерін ғылым мен іскерлік әлемде, кәсіби суретшілер мен т.б салаларда қолданылады. Қорыта келе, сөзімді ұлы ғалымның айтқан ойымен аяқтағым келеді: Ақпарат деген үлкен мұхитта жүзу мен дұрыс бағыт таба білу және де өзінің кәсіби іскерлігінде дұрыс пайдалана білу заманауи адамның белгісі. Қазіргі 21 ғасырда компьютерлік графика информатиканың жылдам қарқынмен дамып келе жатқан саласының бірі , әрі бірегей – көшбасшы.


Аннотация

Компьютерлік графика – арнайы есептеу кешендерінің көмегімен бейнелерді жасау мен оларды өңдеу құралдары мен әдістерін зерттейтін пән болып табылады. Сондықтан графика түрлерін білу мен ажырату тек кәсіби маман ғана емес қапарайым пайдаланушының қызығушылығын арттыруда . Ғылым мен техниканың қай саласын алсақ та компьютерлік графикамен тығыз байланыста болуда. Бұл ғылыми жұмыста оқушы өзінің компьютерлік графикаға қызығушылығы мен ізденісін сипаттаған.


Аннотация
Компьютерная графика является вычеслительным комплексом изучения и обработки изображения методами исследования. Таким образом, знания в области компьютерной графики помогут работать во всех сферах человеческой деятельности. Компьютерная графика тесно связана со всеми отраслями науки и техники.Ученик в своей научной работе описал интерес к компьютерной графике и исследования.


The annotation

Computer graphics systems create images and edit them using the tools and methods of studying the subject . Therefore , the professional knowledge of the types of graphics and disable not only to increase the interest of the user . As the field of science and technology, which is closely related to computer graphics . This scientific work student described his interest in computer graphics and search .






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет