Компьютерлік графика туралы



бет1/17
Дата06.02.2022
өлшемі5,28 Mb.
#49548
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
0003ddee-6d6ee911


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласы
2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мекемесі
Пирмахамбет Санжар Нұрланұлы
(8 сынып)
Тақырыбы:
Компьютерлік графиканың мүмкіндіктері мен даму сатылары



Бағыты: Компьютерлік графика жүйелері
Секция:Информатика
Ғылыми жетекшісі:Жаксыбекова Лаура Адилкызы
Информатика пәні мұғалімі
Ленгір қаласы
2015-2016 оқу жылы


Мазмұны



  1. Кіріспе




  1. Негізгі бөлім




    1. Компьютерлік графика түрлері




    1. Растрлық графика мен векторлық графика ерекшеліктері




    1. Фрактальды графика




    1. Үш өлшемді (3D) графика




    1. Компьютерлік графиканы қолдану салалары




  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер



І. Кіріспе

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. 


Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен. 
Ең алғаш есептеуіш машиналарда арнайы графикалық жұмыстарды атқаратын мүмкіндіктер болған жоқ, бірақ бейнелерді өңдеуде немесе алуда қолданыла бастады. Алғашқы электронды машиналар матрица негізіндегі электронды шамдармен бағдарламаланған, сондықтан өрнектерді салу арқылы жасалынатын жұмыстар қолға алына бастады. 1961 жылы программист Стив Рассел алғашқы компьютерлік ойындарлың жобасын жасады. Ойынның аты Spacewar болған, бұл ойынды PDP-1 машинасында құрастырылды, бұл компьютерлік графиканың негізін салуда алғашқы баспалдақ болды. 1963 жылы американдық Айван Сузерленд sketchpad бағдарламалық-аппараттық кешен ойлап тапты, оның негізгі мақсаты нүктелер мен сызықтар арқылы шеңберлер мен геометриялық фигуралар салу . Бұл алғашқы векторлық графиканы компьютердің көмегімен салуға мүмкіндік берді, алғашқы графикалық интерфейс пайда болды. 1964 жылы дженарал моторс компаниясы DS1 автоматтандырылған жобалау жүйесін ойлап тапты, ол IBM мен бірге жасап шығарыла бастады. 1968 жылы Н.Н.Константин «Мысық қозғалысы» атты компьютерлік математикалық, яғни дифференциалды теңдеулерді шешу арқылы мысықтың қозғалысын жасайтын мультфильм жасап шығарды.
Содан бері ақпаратты графикалық тәсілмен беру компьютерлік жүйелердің, әсіресе дербес компьютерлердің ажырамас бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет