Компьютерлік желілер бір біріне енгізілген үш ішкі жүйелердің жиынтығын құрайды:
Жұмысшы станциялар желісі – жұмысшы станцияларды олардың арасындағы желі арқылы сервермен және өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны, абоненттік орын, терминал)–компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.
Серверлер желісі – серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі.
Деректерді тасымалдаудың негізгі желісі – серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді.