Шиналық топологияны көбінесе «сызықтық шина» деп атайды. Мұнда желінің барлық компьютерлері жалғанатын магистраль немесе сегмент деп аталатын бір кабель қолданылады.
2. Жұлдыз тәрізді топология.
Жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз кабелімен орталық компанент – концентатор (hub)-ға жалғанады. Жіберуші компьютердің сигналдары концентратор арқылы қалған барлық компьютерлерге жетіп отырады.
3. Сақиналық топология.
«Сақиналық топологияда» компьютерлер сақина тәрізді тұйық кабельге жалғанады. Сондықтан кабельде терминатор жалғайтындай бос орын болмайды. Сигналдар сақина бойымен бір бағытта жеткізіледі және әр компьютер арқылы өтеді.