Көпір желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол келіп түскен мәліметті басқа сегментке тек адресіне байланысты жөнелтіп отырады.
Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғары, өйткені көпір бір мезетте тек екі порт арасын ғана байланыстырады. Ал коммутатор өзіндегі барлық порттар арасын бірден байланыстыра алады.
Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желінің мәлімет тасу ортасын өте тиімді бөліктерге бөледі. Ол келесі желі торабын адреске қарап тауып, әрбір мәліметтің ең ыңғайлы маршрутын таңдап алады, т.с.с. Желі күрделі болған сайын маршрутизатордың жұмыс тиімділігі де арта түседі.
Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институ-тының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісіOSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі — Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSIмоделіне сәйкесмәлімет алмасу схемасы 7 сатыға бөлініп қарастырылады. Олардың жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі–физикалық деңгей болып саналады.
5. Компьютерлердің байланысу деңгейлері мен желідегі мәлімет тасу протоколдары
Халықаралық стандарттау институтының ISO ұсынысы бойынша компьютерлердің өзара байланысуы 7 деңгейден тұратыны айтылған болатын, олар:
1-физикалық, 2-каналдық, 3-желілік,
4- транспорттық, 5-сеанстық,
6-мәліметтерді ұсыну деңгейі,
7-қолданбалы деңгей
қолданбалы —тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. физикалық— құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей.