Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты: Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру. Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.
Желіге қойылатын талаптар
Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;
Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;
Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;
Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;
Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.