1)Физикалық деңгейOSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгейлерден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл деңгейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі ж/е де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған.
2)Арналық деңгейкадрларды (frames) желілік деңгейден физикалық деңгейге жібереді. Кадрлар деректерді орналастыруға арналған логикалық ұйымдасқан құрылым. Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлардың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді.