Бағыттауыш – деректерді адресат түйініне немесе аралық бағыттауышқа жіберу процесі. Бағыттауыш бағыт кестесіне нег-н, бұл – сегменттердің IP адрестері мен бағыттауыш интерфейстерінің IP адрестері арасындағы сәйкестікті сақтайтын деректер қоры. Қандай да бір түйін арқылы деректер өткенде, бағыттауыш бағыт кестесін тексереді. Егер берілген түйін -адресат (немесе желілік сегмент) кестеде көрсетілмеген болса, онда деректер бірден көмейге жөнелтіледі. Егер түйін-адресат табылса, деректер адресатқа жіберіледі. Егер түйін-адресат табылмаса, жіберуші түйінге қателік туғандығы туралы хабарлама жіберіледі. Бағыттауыш процесінің мысалы(Қарапайым бағыттауыш):
Бағыттауыш кестесінің екі түрі бар: статикалық және динамикалық. Жүйелік администраторлар статикалық бағыттауыш кестесін қолдан құрып және жаңартып отырулары керек, себебі кестелер нақты араласусыз өзгермейді. Динамикалық бағыттауыш кестелері бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде құрылып, қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш– IP-дің ішкі функциясы, жұмыс істеу үшін қосымша қызметтерді талап етпейді. Статикалық бағыттауыш кестесі әрбір бағыттауышта қолдан құрылады және қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш кестесі желілер мен көмейлер интерфейстері немесе бағыттауыштар арасындағы байланыстарды анықтайды. Статикалық бағыттауыш кестесі келесі бағандардан тұрады:
Желі адресі. Оның жергілікті адресі (0.0.0.0) мен кең тарататын адресін (255.255.255.255) қосқанда, әрбір белгілі желінің адресі.
Желі маскасы. Әрбір желі үшін қолданылатын бағыныңқы желінің маскасы.
Көмей адресі. Әрбір желі үшін енуші нүктенің IP –адресі (бағыттауыш интерфейсі).
Интерфейс. Желілік интерфейске тағайындалған IP.
Метрика. Желіге жету үшін қайталап орындалған трансляциялар саны.
6 – кестеде бағыттауыш кестесінің мысалы келтірілген.
Желі
|
Маска
|
Метрика
|
Интерфейс
|
Көмей
|
0.0.0.0
|
0.0.0.0
|
1
|
10.57.11.169
|
10.57.8.2
|
127.0.0.0
|
255.0.0.0
|
1
|
127.0.0.1
|
127.0.0.1
|
10.57.8.0
|
255.255.248.0
|
1
|
10.57.11.169
|
10.57.11.169
|
10.57.11.169
|
255.255.255.255
|
1
|
127.0.0.1
|
127.0.0.1
|
10.57.255.255
|
255.255.255.255
|
1
|
10.57.11.169
|
10.57.11.169
|
224.0.0.0
|
224.0.0.0
|
1
|
10.57.11.169
|
10.57.11.169
|
Статикалық бағыттауыш өз кестесінде көрсетілген желілермен ғана әрекеттесе алады.
Динамикалық бағыттауыш. Күрделі архитектуралы үлкен желілерде динамикалық бағыттауыштың статикалыққа қарағанда артықшылығы көрінеді, себебі саны көп бағыттауыш кестелерін қолдан қолдау сияқты жалықтыратын жұмыстан құтылуға мүмкіндік береді. Динамикалық бағыттауыш жағдайында желі администраторына түсетін ауыртпашылық минималды жэне көбінесе әрбір бағыттауыш үшін үнсіз тағайындалатын көмейді көрсетумен шектеледі. Барлық басқа икемдеулер және бағыттауыш кестелерін құру бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде жасалады. ТСР/ІР бағыттауышы үшін жиі қолданылатын екі хаттамалар - RІР (Routing Iformation Protocol бағытгауышты басқару хаттамасы) және ОSРF (Ореn Shortest Path First , ең қысқа жолды бірінші болып ашу).
Достарыңызбен бөлісу: |