«Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет2/62
Дата06.02.2022
өлшемі3,39 Mb.
#33471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
2. «КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕДЕ Ақпаратты қорғау» курсының бағдарламасы (SILLABUS).
8- семестр 2010-2011- оқу жылы, 1 кредит
Атушева М.К.- информатика кафедрасының аға оқытушысы
М.Ж. – М.Жүнісов 99/1 кв.23, жұмыс телефоны – 50-38-07
Мухамбетова Ғ.Г. Жумаканова С.Р. оқытушы
Офис: Физика, математика және информатика кафедрасы
Толық мекен-жайы: корпус №1, 307- каб.
Жұмыс телефоны: 50-53-46
Пән туралы мәлімет:
Семестр 15 апта оқу үрдісі мен 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптаға 1 кредит сағат практикалық сабақ жоспарланады. Сонымен бірге 1 сағаттан СӨЖ, СОБӨЖ жүргізіледі.



Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Практикалық сабақ 1 сағат

50 мин.

ОЖСӨЖ
1 сағат

50 мин.

СӨЖ
1 сағат

50 мин.

Кредит саны – 1


Өту орны: № 8 оқу ғимараты, 306-311 ауд., сабақ кестесі бойынша


Оқу жоспарынан көшірме:



Курс

Семестр

Кредит саны

Практикалық жұмыс

СОБӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау
түрі

4

8

1

15

15

15

45

емтихан

Курстың кысқаша сипаттамасы:
Мәліметтерді қорғау қазіргі заманда үлкен мәнге ие болды. Құжаттарды электрондық өңдеуін қамтитын жаңа ақпаратты технологиялардың пайда болуы мәліметтерді қорғау мамандандырылған құралдарының дамуына қосымша ықпал берді. Мәліметтерді қорғау құралдарының құрылымын іс-әрекетінің негізгі қағидаларын білмей бар жүйелерді эксплуатация жасау және жаңа компьютерлік мәліметтердің жүйелерін құру мүмкін емес. Компьютерлік жүйелерінің қауіпсіздігі мен байланысты мәселелер бөлек ғылыми зерттеу облысы болып бөлінді. Компьютерлік жүйесінің қауіпсіздігін қорғауға арналған көптеген әдістер құрылып қолданылады.


Курстың мақсаты:
“Компьютерлік жүйелерде ақпараттарды қорғау” пәнінің мақсаты мен міндеті – студенттерді компьютерлік жүйелер мен желілік ақпараттарды қорғаудың негізгі қағидаларына және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға үйрету.
Тәжірибелік жұмыстарға дағдыландыру және алған білімді бекіту үшін тәжірибелік және семинарлық сабақтар ұйымдастырылады.
Студенттерді программалық, ақпараттық, протоколдық және басқа да құралдарды қолдана отырып компьютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау қағидаларына,әдістеріне және құралдарына үйрету керек:

  • Қазіргі заманғы ақпараттарды қорғау құралдарына: криптографиялық, алгоритмдік және протоколдық;

  • Симметриялы және симметриялы емес кілттеріне негізделген белгілі криптография стандарттарына;

  • Қазіргі заман криптографиялық әдістерін қолдана отырып идентификация құралдары мен әдістеріне;

  • Қорғау құралдарының операциялық жүйе және оның құрылымымен программалық әрекеттесуіне;

  • Программаларды бұзу құралдарына қарсы тиімді программаларды жазу;

Көзделген мақсаттарға жету үшін қазіргі заман криптографиялық қорғау құралдарының күйін, программалық және ақпараттық құралдарының бірге әрекеттесуін зерттеу қажет.


Пәнді оқытудың негізгі міндеттері
“Компьютерлік жүйелерде ақпараттарды қорғау” пәні студенттерді компьютерлік жүйелерде ақпараттарды қорғау технологияларымен, қауіптердің негізгі түрлері және оларға қарсы шығу жолдарын ұйымдастыруды қамтиды.
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер міндетті:

  • Программалық, ақпараттық, протоколдық және басқа да құралдарды қолдана отырып компьютерлік жүйелердегі ақпараттарды қорғау қағидаларына, әдістеріне және құралдарын білу қажет;

  • Қазіргі заман ақпараттарды қорғау құралдарын: криптографиялық, алгоритімдік және прототоколдық білу қажет;

  • Симметриялы және симметриялы емес кілттеріне негізделген танымалы криптография стандарттарын білу қажет;

  • Қазіргі заман криптографиялық әдістерін қолдана отырып идентификация құралдары мен әдістерін білу қажет;

  • Қорғау құралдарының операциялық жүйе және оның құрылымымен программалық әрекеттесуін білу қажет;

  • Программаларды бұзу құралдарына қарсы тиімді программалардыбілуі тиіс.

Пререквизиттер:
Курсты игеру сттуденттерден мынадай білім мен біліктерді талап етеді :
- Windows операциялық жүйесі
- Интернетте жұмыс жасау
- программалау жүйесінде жұмыс жасау негіздірі
- жоғарғы математика негіздері
- архитектура негіздері
Постреквизиттер:
- компьютер құрылғыларын қорғау тәсілдерін білу, қолдану
- криптографиялық алгоритмдерін қолдану негіздерін білу
- программалық жабдықтаудың оны қорғауға арналған құралдарын қолдана білу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет