«Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет32/62
Дата06.02.2022
өлшемі3,39 Mb.
#33471
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62

RSA шифрлау жүйесі


Шифрлау үдерісінде негізгі жолында екі кілт ашық (public) және жабық (private) кілттер қолданылады. Бұл кілттер бір-бірімен өзара байланысты, бірінің көмегінсіз екіншісін ашу мүмкін емес. Сондықтан ашық кілт көмегімен тек деректерді шифрлауға ғана болатындықтан оларды таратуға болады. Жабық кілт көмегімен деректерді бастапқы түрге түрлендіреді және бұл кілт меншік иесінің өзінде ғана сақталуы тиіс.
70-ші жылдардың ортасында, 80-ші жылдардың басында RSA алгоритмі пайда болды. RSA алгоритмі шифрлаудың ассиметриялық түріне жатады және артықшылығы шифрланған деректі ашық кілт көмегімен бастапқы түрге түрлендіре алмауы.
Алгоритмнің негізгі орындалу барысы төмендегідей:
1. Алдымен p және q екі үлкен жай сандарды генерациялау керек.
2. n=pq табу қажет.
3. phi=(p-1)(q-1) тең болатын сандарды таңдау.
4. d саны генерацияланады, яғни ed=1(mod phi)
5. n және е сандары ашық кілт ретінде жарияланады, егер d - жабық кілт болып саналады.
Хабар y=xe(mod n) формуласы арқылы шифрланады. Мұндағы х – бастапқы хабар, ал у – шифрланған хабар. Кері шифрлау үшін x=yd(mod n) формуласы қолданылады. Алгоритмнің сенімділігі сол, ол d жабық кілтті қалыпқа келтіру үшін p және q сандарын білу керек.


ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ РЕТІ

  1. Теориялық мағлұматпен танысу.

  2. Теориялық мағлұматқа талдау жасау.

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  4. Жеке тапсырмаға талдау жасап, мысалдар келтіру.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. DЕS стандартының негізін қалаушылар кімдер?

  2. Бастапқы орын алмастыру қалай орындалады?

  3. Кілт түрлендіру жолдары.

  4. Хабарды шифрлау жолы.


  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет