Құпиясөз шабуылдары Есептеу техникасында құпиясөздер екі жағдайда қолданылады.
Пайдалаушыны аутентификациялау үшін. Құпиясөз арқасында пайдаланушы өз өкілеттігін растайды. Аутентификациялау операциялық жүйе, бағдарламалық өнім немесе аппараттық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Барлық күрделі операциялық жүйелерде құпиясөздер негізінде жасалған аутентификация құралдары болады. Сондай-ақ, жасырын ақпаратпен жұмыс істейтін немесе көппайдаланушылық ортаға арналған көптеген бағдарламалық өнімдер де құпиясөздердің негізінде пайдаланушылардың өкілеттіктерін анықтайды. Дербес компьютердің аппараттық деңгейінде аутентификация CMOS құпиясөзі бойынша жүзеге асырылады.
айдалаушыны аутентификациялау үшін қолданылатын құпиясөздер шифрланған түрде операциялық жүйелердің пайдаланушылық қаражаттар базасында, бағдарламмалық өнімдер файлдарында немесе CMOS жадының пішінүйлесімділік файлдарында сақталады. Басқаша жағдайда, құпиясөзді шифрланбаған түрінде сақтаған кезде, оны іздеп- табу қаскүнемге қиынға түспейді.