«Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Практикалық жұмыс соңында студент берілген есептің Паскаль және Delphi тіліндегі программасын көрсетіп, оны орындатып, тестілеуді жүзеге асырады. Тақырыпқа сәйкес бақылау сұрақтарына жауап береді



бет4/31
Дата21.07.2017
өлшемі3,39 Mb.
#21805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Практикалық жұмыс соңында студент берілген есептің Паскаль және Delphi тіліндегі программасын көрсетіп, оны орындатып, тестілеуді жүзеге асырады. Тақырыпқа сәйкес бақылау сұрақтарына жауап береді.



Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: «Жеке және есептеу жүйесінің құрамындағы қорғау»
ТЕОРИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР
Программаларды жеке қорғау – программалық қамтамасыздандырудың өзіне тән қорғаныс элементтерін анықтайтын, немесе оны сату кезінде бақылап, қолданушының заңсыз әрекеттеріне шек қоюшы термин. Жеке қорғау амалдарын келесі түрде бейнелеуге болады:
Өзіндік қорғау

құжаттау машиналық код сүйемелдеу шектеулі тапсырыспен авторлық

қолданыс жобалау құқық
Бағдарламалық жабдықты сүйемелдеуші құжат авторлық құқық субъектісі болып саналып, қорғау функцияларын орындай алады. Бағдарламалық жабдық құжатсыз толық бағалы түрде қолданыла алмайды.
Бағдарламалық жабдыққа есептеуіш жүйенің бейімделуі қажет болған кезде бағдарламаны өңдеуші тарапынан сүйемелдеудің маңызы ерекше.
Шектеулі қолданыс пайдаланушылар шеңберін шектейді, бағдарламалық жабдық санаулы қолданушылар шеңберінде пайдаланылады.
Тапсырыспен жобалау – бағдарламалық жабдықты арнаулы мақсатқа өңдеу. Егер бағдарлама сирек қолданылатын болса, онда бағдарламаның коммерциялық мақсатта ұрлану қаупі де аз болады.
Стандартты бағдарламалық модульдер бағдарламаны сәйкестендіретін, авторлық құқық беретін ерекше белгімен жабдықталады. Жеке таңбалау құны сауда-саттық түсімінен күтілетін түсіммен шамалас болуы керек.
Бұл қорғау әдістерінің категориясына дисклермен аппаратураларды қорғау, қорғау кілттері, штаттық құрылғы функцияларының өзгерулері жатады. Бұндай әдістерді қолдану кезінде қорғауға кепілдеме беретін бағдарлама орындалуы белгілі бір әрекеттерге, арнайы қауіпсіздік ережелері және шарттарына тәуелді болғандықтан есептеуіш жүйесінің операциялық ортасы штаттық режимге қарағанда әрдайым өзгеріп отырады. ЕЖ құрамындағы қорғаныс құралдарын төмендегі сұлба арқылы ұсынамыз:

ЕЖ қорғау

MD арнайы қорғау функц-дың

құрылғы кілттері өзгеруі

арнайы формат ЧИП жадыны бөлінуді

ОЖ өзг. архитектурасы еркшелігі уақыт қайта қайта

жазу жазу

қосымша жету жартылай сериялық көшіруге,

тректер уақытының зақымдалған номер қарауға,

айырмашылық жады оқуға шек қою

арендатор қолданушы

зақымдалған

диск қайта жазу

мәліметтер стандартсыз сетр каталог ТЕСҚ мәліметтер

форматы тректер өлшемі

МАГНИТТІК ДИСКТЕРДІ ҚОРҒАУ
Дисктерді қорғау, хакерлердің біліктілігіне және олардың білім дәрежесі мен ынтасына байланысты күрделіленіп, түрлі амалдармен орындалады. Негізгі амал болып, операциялық жүйені көшіруден қорғайтын мүскіндікпен дискті форматтай білу. Бұл – мәліметтер мен каталогтардың форматтарын стандартсыз түрде анықтау, секторлар өлшемдерін өзгерту, қосақталатын биттер санын көбейту және ақпараттық атауларды алмастыру. Секторларға жолығу уақыттары түрліше болғандықтан, программалық амал арқылы түрлі секторлардың оқу кезінде кешігуін анықтауға болады, ал стандартты DOS көмегімен көшіру кезінде секторлардың орындары өзгеретіндіктен, онда кешігу алғашқы көшірменің кешігуіне сәйкес келмейді.
Қарастырылып өткен тәсілдер биттік көшіру жүйесін қолданған кезде пайдасыз болып қалады. Биттік көшіргіш дегеніміз – ақпаратты бит сайын бит оқитын, көшірудің электрондық жүйесі. Мұндай тәсіл дисктің форматталмағанына қарамастан көшіру мүмкіндігін береді. Биттік көшіруден қорғайтын құрылғылар өте қызық амалдар қолданады. Мысалға, қорғау биттерін іске қосу – олар түрлі уақытта түрліше оқылады, сондықтан көшірме верификаторына кесел келтіреді; немесе көшірменің көшіру уақытын стандарттыдан үлкен ету арқылы көшіру тығыздығын өсіреді. Бұл мысалмен, бір дисктен екінші дискке көшіру процесс уақытын ұзартып, жолдың басының бүлінуіне әкеп соқтырады.

ЕСЕПТЕУІШ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Программаларды орындайтын құрылғылардың арнайы арнайы сипаттамасын қолдану әрдайым қуатты, бірақ қымбат құрал ретінде қарастырылды. Дисктің идеясы тәжірибелі қызығушылық тудырады, себебі оның өңдіру бағамы барынша төмен. Оның принципі – дисктің кейбір жолдардың секторларына ақпарат жазылмау үшін магниттік бетіне қорғаныс элементін беру. Басында, процесс кәдімгі механикалық жою түрінде өтсе, кейіннен – лазерлік түйіншелер қолданыла бастады. Солайша, әр дисктің керекті форматы қайталанбас болады. Ол түрлі дисктердің оқылу жылдамдықтарын салыстыра отырып түпнұсқа көшірмесінен айыруға мүмкіндік береді.


Программаны мәліметтер шинасынан оқуын, қарауын және көшіруін шектейтін микропроцессордың архитектурасын жобалайтын жаңа тәсілдер өңделіп шығарылды. Бұл жағдайда, чип, қорғанысты қажет ететін өте мәнді процедураларды іске асыратын интеллектуалды құрылғылық модуль қызметін атқарады.
ҚОРҒАУ ҚҰЛЫПТАРЫ

Қорғау құлыптары егер программаға жолығу кезінде кейбір тексерулер орындалмаса оған енуге шек қояды. Қадағалауды, әр компьютерге қайталанбайтын сериялық номер негізінде құлып құру арқылы іске асыруға болады. Бұндай құлыптар “мобильдік” құлыптар классына жатады. Бұл жағдайда программа, сериялық номерлері лицензияға тіркелген компьютерлерде ғана жұмыс істейді. Серялық нөмірге ешқандай компьютерден ену мүмкін емес.



Әрбір компьютерге қайталанбас сипаттамасын беретін тәсіл, жадының бөлшекті жойылуына негізделген. Динамикалық жадының блоктары статистикалық жады блоктарына қарағанда, ондағы мәліметтер периодтық түрде регенерация арқылы қалпына келіп отырады. Егер, регенерация периодты қайта көшіруге байланысты тоқтатылса, онда мәліметтер мүлдем жойылады. Жады құрылымының мұндай өзгергіштік қасиетін – идентификация мақсатында қолдануға болады. Бөлшектеп жою арқылы жазу, бұл программаға басқа компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігін бермейтін сақтандыру кілтімен қамтамасыз етеді. Қорғау кілттері программалық құралдарды қолдануды берілген уақыт интервалында, кейінгі жалғастырумен басқаруға мүмкідік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет