5 Трисемустың шифрлайтын кестесі.
Осындай ауыстыру шифрын алу үшін әдетте алфавиттің әpiптepi мен кілттік сөз (немесе сөздер тіркестігі) жазбасына арналған кесте қолданылған. Кестеге алдымен кілттік сөз жазылып, қайталанатын әpіптері алынып тасталады. Содан кейін бұл кесте алфавиттің кілтке кірмей қалған әріптермен реттелген түрде толықтырылады.
Қазақ алфавиті үшін шифрлайтын кестенің өлшемі 6x7 болады. Кілт ретінде АЛГОРИТМ сөзін алайық. Осындай кілтпен шифрлайтын кесте 3-суретте көрсетілген.
|
|
|
|
А
|
Л
|
Г
|
О
|
Р
|
И
|
Т
|
Бастапқы мәтін
|
|
АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
|
М
|
Ә
|
Б
|
В
|
Ғ
|
Д
|
Е
|
|
|
|
Ж
|
З
|
Й
|
К
|
Қ
|
Н
|
Ң
|
Шифрмәтін
|
|
МҰҺМҒМЕЕАТҰВҒҚМЧ
|
Ө
|
П
|
С
|
У
|
Ұ
|
Ү
|
Ф
|
|
|
|
Х
|
Һ
|
Ц
|
Ч
|
Ш
|
Щ
|
Ъ
|
|
|
|
Ы
|
І
|
Ь
|
Э
|
Ю
|
Я
|
|
Бастапқы мәтін АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ.
Шифрмәтін МҰҺМҒМЕЕАТҰВҒҚМЧ
Сур.2 - АЛГОРИТМ кілттік сөзімен шифрлайтын кесте
Шифрлау кезінде Полибий квадратындағы сияқты осы кестеден ашық мәтіннің кезекті әріпін тауып одан төменгі бағанда орналасқан әріпті шифр мәтінге жазады. Егер бастапқы мәтіннің әріп кестесінің төменгі қатарында болса,онда шифр мәтін үшін сол бағанадағы ең жоғарғы әріп алынады
Мұндай кестелік шифрларды шифрлау бір әріп бойынша орындалатындықтан олар монограммды шифрлар деп аталады. Трисемус шифрлайтын кестелерд екі әріптері бойынша шифрлауға болатынын байқаған. Мұндай шифрлар биграммды деп аталады.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ РЕТІ
Теориялық мағлұматпен танысу.
Теориялық мағлұматқа талдау жасау.
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Жеке тапсырмаға талдау жасап, мысалдар келтіру.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Ауыстыру шифрының орындалу жолы.
Полибий квадартында шифрлау қалай олрындалады?
Цезарь шифрлау жүйесі шифрлауды қалай жүзеге асырады?
Кілттік cөзi бар Цезарь жүйесі ақлай орындалады?
Трисемустың шифрлайтын кестесі шифрлауды қалайша орындайды?
ЖЕКЕ ТАПСЫРМАЛАР
Барлық келтірілген шифрлау түрлеріне мысалдар келтіріп, түрлендіріңіздер.
Практикалық сабақ №4
Тақырыбы: «Жай ауыстыру шифрлары»
Мақсаты: жай ауыстыру шифрларының түрлерімен танысып, ақпаратты түрлендіру
жолдарын меңгеру
ТЕОРИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТ
1 Плейфердің биграммды шифры
Плейфер жүйесінің шифрлау және шифрды ашу процедуралдарында Трисемустың шифрлайтын кестесі қолданылады.
Шифрлау процедурасы келесі қадамдардан тұрады:
1) Бастапқы хабардың ашық мәтіні әріптер жұбына (биграммаларға) бөлінеді. Мәтінде әріптердің саны жұп болу керек және құрамында екі бірдей әріп болмауы керек. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда мәтін мәні жоқ орфографиялық кестелердің көмегімен түрлендіріледі.
2) Ашық мәтіннің биграммалар тізбегін (шифрлайтын кестенің көмегімен) келесі ережелер бойынша түрлендіріледі:
Егер ашық мәтіннің биграммасының екі әріпі де бір қатарға немесе бағанға (3-суреттің кестесіндегі М және П әріптері сияқты) түспесе, онда берілген әріптердің жұбымен анықталатын тікбұрыштың бұрышындағы әріптер ізделінеді. Біздің мысалда бұл МПӘӨ әріптері. МП әріптер жұбы ӘӨ жұбына бейнеленеді. Шифрмәтіндегі биграммаларды әріптердің тізбегі ашық мәтіннің биграммасындағы әріптер тізбегінің қатынасы бойынша айнадай орналасу керек.
Егер ашық мәтіннің биграммасының екі әріптері де кестенің бір бағанында орналасса, онда шифр мәтіннің әріптері болып оның астында жатқан әріптер есептелінеді. Мысалы, КО биграммасы шифр мәтінінің УВ биграммасымен ауыстырылады. Егер ашық мәтіннің әрпі төменгі қатарда орналасса, онда шифр мәтін үшін осы бағанның жоғарғы қатарындағы сәйкес келетін әріп алынады.
Егер ашық мәтіннің биграммасының екі әріпі де кестенің бір қатарында орналасса, онда шифр мәтінінің әріптері болып олардың оң жағында жатқан әріптер есептелінеді.
Мысал ретінде КОМПЬЮТЕРЛЕР мәтінін шифрлайық. Бұл мәтіннің биграммаларға бөлуі мынаны береді: КО МП ЬЮ ТЕ РЛ ЕР. Осы биграммалар тізбегі шифрлайтын кестенің (3-сурет) көмегімен мынадай тізбекке түрлендіріледі: УВ ӘЯ ЭЯ ЕЦ ИГ ҒТ.
Шифрды ашу кезінде аталған әрекеттер керісінше орындалады.
Стандартты алфавитті қолданған кезде жай ауыстыру шифрларының олқылықтары айқын-ақ: алфавит әріптерінің қайталану жиіліктерінің кестесі (жадуалы) бір немесе бірнеше символды анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл болса кейде хабарды толығымен кері шифрлауға жеткілікті болады. Сондықтан кері шифрлауды қиындату үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Мәселен:
– шифрлаудың көпәріптік жүйесі-бір символға екі және одан көп символдардың бір немесе бірнеше қисындасуы:
– бірнеше алфавитті пайдалану - әрбір символдың орнына оның өзімен немесе жіберіліп жатқан хабардағы оның орнымен қандай да болмасын бір тәсілмен байланысқан кілтке тәуелді басқа бір алфавит қолданылады.
2 Күрделі ауыстырулардың шифрларын көп алфавитті деп атайды. r-алфавитті ауыстыру кезінде негізгі хабардың хо символы Во алфавитіндегі уо символымен х1 символы В1 алфавитіндегі у1символымен ауыстырылады, ал хr-1символы вr-1 алфавитіндегі уr-1 символымен және хr символы В алфавитіндегі уr символымен ауыстырылады. r=4 болған жағдайда көп алфавитті ауыстырудың жалпы сұлбасы 8-суретте келтірілгендей болады.
-
Енгізу символы
|
Х0
|
Х1
|
Х2
|
Х3
|
Х4
|
Х5
|
Х6
|
Х7
|
Х8
|
Х9
|
|
Ауыстыру алфавиті
|
В0
|
В1
|
В2
|
В3
|
В4
|
В5
|
В6
|
В7
|
В8
|
В9
|
Сур.1 -. Көпалфавитті ауыстырудың жалпы сұлбасы (r=4)
Достарыңызбен бөлісу: |