Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның сақтау жадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі.
Файлда информацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп аталады.
Қандай жағдайда архивтеуді қолдану қолайлы?
Файл алып тұрған көлемді қысқарту керек болғанда.
Ақпаратты бөгде адамның оқуынан, өзгертуінен парольмен қорғау үшін.
Файлдарды компьютерлік вирустардан жарым-жартылай қорғау үшін.
Тәжірибелік жұмыс№4
1-деңгей
WinRar-ды іске қосыңдар.
Қажетті папканы таңдаңдар.
Қосу кнопкасын басыңыз.
Пайда болған Атау терезесіндегі және архив параметрлеріндегі Шолу (Обзор) кнопкасын басыңыз
Архив атауын енгізіп, Жұмыс үстелін таңдап, архив атын теріңіз, мысалға WinRar. Ашу кнопкасын басыңыздар. Сіз файлдардың архивтеу процесі қалай болып жатқанын байқауға мүмкіндік беретін терезе пайда болады.
Архивтеудің аяқталғаны бойынша сіз файл орын алған кеңістіктің кемігеніне көз жеткізесіз.
2-деңгей Архивтен файлдарды шығару
WinRAR бағдарламасын іске қосыңыз. Жұмыс терезесінен архив файлын табасыздар
Шығару кнопкасын басыңыздар және пайда болған Жол терезесінен әрі шығару параметрлерінен шығару жолын көрсетіңіздер. Жоқ файлдың атауын енгізуге болады, сол кезде программа оны автоматты түрде құрады. Біздің мысалымызда – Архивтеушілер.
Архивтен файлдарды шығаратын қажеттң параметрлерді белгілеңіздер. ОК кнопкасын басыңыздар.
Файлдарды архивтен шығарудың процесі қалай болып жатқанын байқауға мүмкіндік беретін терезе пайда болады. Шығарудың аяқталғаны бойынша тиісті орында архивтегі файлдарды қамтитын жаңа файлдың (Біздің мысалымызда - Архивтеушілер) пайда болғанына көзіңіз жетеді.
3-деңгей Әр түрлі архиваторлардың салыстырмалы кестесін толтырыңыздар
Арнайы екі бума (біріншісін – мәтіндік файлдарға, екіншісін графиктік файлдарға) дайындаңыздар.
WinRAR архиваторын пайдаланып, бірінші қапшықтағы мәтіндік файлдардың бәрінен архивтік файл құрыңдар. Сығылу дәрежесін (%-пен) анықтаңдар да деректерді кестеге жазыңдар.
WinZIP архиваторын пайдаланып, бірінші қапшықтағы мәтіндік файлдардың бәрінен архивтік файл құрыңдар. Сығылу дәрежесін (%-пен) анықтаңдар да деректерді кестеге жазыңдар.
Осындай жұмысты екінші бумада дайындалған графиктік файлдармен де орындаңдар.
Қорытынды жолында «Қандай архиватормен жұмыс істеу қолайлы және неге?» деген сұраққа жауап беріңдер.