«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша



бет29/36
Дата17.11.2022
өлшемі7,88 Mb.
#158710
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?


2. Компьютер вирусты қалай «жұқтырып» алуы мүмкін?
3. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттары қандай?
4. Қандай вирусқа қарсы бағдарламаларды білесіз?
5. Жекелеген нысандарды вирустар бар-жоғына қалай тексеруге болады?
6. Есептік жазбаларды басқарады, қолданушылардың жұмыс
ортасының параметрлерін икемдейді

Қолданушының жүйеге кіруін login window процесі, ал ақпараттандыру қызметін Open Directory процесі қамтамасыз етеді. Open Directory процесі XML-файлдар негізінде қолданушылар туралы ақпаратты сақтайды,ол папканың жолы /var/db/dslocal/Defaut/users. Бұл папка тек қана System Administrator, яғни root қолданушысына ғана оқуға рұқсат етілген. Файлдар атрибуттар тізімі ретінде ұйымдатырылған. Әрбір қолданушы өзінің есептік жазбаның сипаттайтын атрибуттардан тұрады. Енді сол атрибуттардың ең маңыздыларын тізіп шықсақ:


1. Толық аты (Full Name) – қолданушының толық аты. Ол қалаған ұзындықта және кез-келген символдан тұра алады. Алайда, толық ат бірегей және де басқа қолданушыларда кездеспейтін болуы қажет. Қолданушы толық атын кез-келген уақытта өзгерте алады.
2. Бүркеніш аты (Alias names) ­­–есептік жазбаның локальді қолданушысы мен есептік жазбаның басқа да қызметтерін байланыстыру үшін қолданылады. Мысалы, локальды есептік жазба мен Apple ID қолданушысын байланыстыруға болады. OC Lion-де бұл атрибут опциональды болып табылады, бірақ ол Apple-дің iCloud, Back, My Mac сияқты интернет-сервистерін интеграциялау үшін қолданылады.
3. Есептік жазбаның аты (Account name), "қысқаша аты" деп те аталады. Бұл ат есептік жазбаны идентификациялау үшін қолданылады және де үй папкасының аты ретінде қолданылады. Қолданушы жүйеге кірген кезде толық атын да есептік жазбаның атын да қолдана беруіне болады. Алайда, әрбір есептік жазба аты бірегей болуы керек; ол ешқандай арнайы символдан немесе бос орыннан құралмауы қажет.
4. Қолданушы идентификаторы (User ID)- сандық атрибут. Бұл сан іс жүзінде әрбір есептік жазба үшін әрдайым бірегей, кейде проблемелар болуы ықтимал.Пайдаланушының есептік жазбасының идентификаторлары 501 басталады, ал жүйелі есептік жазбалардың идентификаторының көпшілігі 100-ден төмен болады.
5. Әмбебап бірегей идентификатор (Universally Unique ID (UUID)) кейде "Generated UID"немесе "GUID" деп аталады. Берілген әріпті-санды атрибут есептік жазба құрылған кезде бірегей болып келеді; ешбір Мас компьютері ешқашан бірдей UUID-пен есептік жазба құрмайды. UUID бөлек қорғалған жерде сақталатын қолданушының құпия сөзіне сілтеме ретінде қолданылады. Ол топтардағы мүшелігін немесе файлдарға ену мүмкіндігін анықтау үшін де қолданылады.
6. Топ (Group) – бұл сандық атрибут, қолданушыны топтармен байланыстыру үшін қолданылады. қолданушылардың көбіне бұл атрибут 20 мәнін береді, бұл staff тобын білдіреді. Бұл дегеніміз, қолданушы жаңа файл құрғанда, соңғысы осы staff тобындағы қолданушыға тиісті дегенді білдіреді.
7. Жүйеге кірген кездегі қабықша (Login Shell) - есептік жазбамен пайдалануымен жолдың қабықшасының файлдарын нұсқайды. Командалы жолды(command-line shell) пайдалауға рұқсат етілген әрбір қолданушыға бұл атрибут /bin/bash мәнін береді. Стандартты қолданушыларға және администраторға командалық жолға кіруіне рұқсат етілген.
8. Үй каталогы (Home Directory) - қолданушының үй папкасының орналасқан орнын көрсеттін жол. Жалпы деңгейдегі қолданушыдан басқа қолданушылардың үй папкаларының жолы мынадай: /Қолданушылар/ ;
мұндағы, – есептік жазба аты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет