«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша


Перифериялық қондырғылардың драйверін орнатады



бет36/60
Дата07.02.2022
өлшемі7,29 Mb.
#92529
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

3. Перифериялық қондырғылардың драйверін орнатады


Перифериялық құрылғылар деп олардың көмегімен информация компьютерге енгізілетін немесе шығарылатын құрылғыларды айтамыз. Оларды сондай-ақ, сыртқы немесе мәліметтерді енгізу-шығару құрылғылары деп атайды. 
Сыртқы құрылғылар. Бұл кез-келген есептеу кешенінің маңызды құрауыш бөлігі. Сыртқы құрылғы кейде ДК-нің жалпы бағасының 50-80%-ін құрайтынын айтудың өзі-ақ жеткілікті. Басқару жүйелерінде және жалпы халық шаруашылығында ДК-ні қолдану мүмкіндігі мен тиімділігі көбіне сыртқы құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты. ДК-нің сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр алуан, олар бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Мысалы, міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады: 


    • сыртқы жадтайтын (есте сақтаушы) құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады; 

    • Пайдаланушының диалогтік құралдары; 

    • Ақпарат енгізу құрылғылары; 

    • Байланыс және телекоммуникация құралдары; 

Пайдаланушының диалогтік құралдарының құрамына бейнемониторлар (дисплей) – ДК-ге енгізілетін және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы, сирегірек пульттік басу машинкалары (пернетақтасы бар принтерлер) және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді. Сөздік енгізу-шығару құрылғылары жылдам дамушы мультимедиа құралдарына жатады. Сөздік енгізу құрылғылары, бұл – мысалы, адам айтатын әріптер мен сөздерді тануға және оларды кодтауға мүмкіндік беретін күрделі программалық жасауы бар түрлі микрофондық акустикалық жүйелер, ―дыбыстық тышқантар. Сөздік шығару құрылғылары – бұл компьютерде қосылған дауыс зорайтқыштар (динамиктер) немесе дыбыстық колонкалар арқылы ойнатылатын, цифрлық кодтары әріптер мен сөздерге айналдыруды орындайтын түрлі дыбыс синтезаторлары. Ақпарат енгізу құрылғыларына төмендегілер жатады:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет