Байланысты: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
ІІІ. Қолдану аймақтарының ерекшіліктері бойынша: ОЖ құрғанда қолданған критерийлерге байланысты көпесепті операциялық жүйе 3 топқа бөлінеді:
· пакеттік өңдеу жүйелері. Мысалы, ЕС;
· уақытты бөлу жүйесі. Мысалы, Unix;
· нақты уақыт жүйелері. Мысалы, QNX.
Пакеттік өңдеу жүйелері нәтижелері тез алынуды талап етпейтін есептеулері көп есептерді шығаруға арналған. Мақсатқа жету үшін пакеттік өңдеу жүйелерінде басында тапсырма пакеті құрылады. Әр бір тапсырма жүйелік ресурстарға талабын ескереді. Осы пакеттен мультипрограммалық қосынды құралады. Бұл жүйелер қолданушыға ыңғайсыз болады.
Уақытты бөлу жүйелері. Бұл жүйелер пакеттік өңдеу жүйелерінің кемшілігін түзеу үшін арналған әрбір қолданушыға терминал беріледі. Терминал арқылы қолданушы өз бағдарламасымен сұхбат жүргізеді. Бұл жүйеде әрбір есепке процессор уақытының кванты бөлінеді. Сондықтан қолданушыларда әр машинкада тек өзі жұмыс істеп отыр деген елес болады. Бұл жүйеде өткізу қабілеті төмен болады.
Нақты уақыт жүйелері: бұл әртүрлі техникалық объектілерді басқаруға арналады. Мысалы, станок, спутник, ғылыми экспериментальдық құрылғылар немесе техникалық процестер. Бұл жүйелерде объектіні басқаруға арналған бағдарламаны орнату үшін шектелген уақыт беріледі.