Байланысты: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Жасанды ақыл-ой (интеллект) – психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және де басқа ғылымдармен тоғысып байланысатын күрделі мәселелерді шешетін информатиканың бір аймағы. Адам сияқты ойлауды компьютерге қалай үйретуге болады? Адамның қалай ойлайтындығы жөнінде біз көп біле бермейміз, алайда, жасанды ақыл-ой бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің жарты ғасырлық тарихы болғанымен, әлі де болса принциптік мәселелер қатары шешілмей отыр. Сондықтан, мұндай аймаққа қатысты жете зерттеулердің негізгі бағыты – ой-пікірді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және тағы басқалар болып табылады.
Дербес жағдайда, интеллектуалдық интерфейстік жүйе мен адам арасындағы өзара қатынасты жасау тәрізді құнды қолданбалы мәселелерді шешу, жасанды ақыл-ой аймағындағы жұмыстардың табысты болуынан тәуелді.