Комплексті қосылыстар



Дата13.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#100220
Байланысты:
КОмплексті қосылыстар

КОмплексті қосылыстар

1топ 6группа

Секербек Айдина

Комплекс қосылыстар

  • Комплекс қосылыстар – күрделі иондар не молекулар – кристалдық күйде де, еріген күйде де бола алады. Комплекс қосылыстардың молекуларында комплекс түзгіш не орталық атом көбінесе оң зарядты атомдардың бірі орталық орынды алады, оған координацияланған теріс иондар не бейтарап молекулалар лигандалар болады. Комплекс түзгіш және лигандалар ішкі сфераны құрайды да, квадрат жақшамен бөлінеді. Комплекс түзгіш пен лиганда арасында донарлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген σ-коваленті байланыс болады, бұл байланыс саны координациялық сан деп аталады.

Комплекс қосылыстар

  • Егер комплекс қосылыстың ішкі сферасы оң зарядты болса (катионды комплекс), сыртқы сферада теріс зарядты ион болады, не керісінше, ішкі сфера теріс зарядталса (анионды комплекс), сыртқы сферада оң зарядты ион болады. Егер ішкі сфера бейтарап болса, сыртқы сфера болмайды. Сыртқы сфера мен ішкі сфера арасында ионды байланыс болғандықтан күшті электролиттер сияқты жақсы диссоциацияланады. Ал ішкі сферада комплекс түзгіш пен лиганда арасында ковалентті байланыс болғандықтан, ерітіндідегі диссоциациясы аз болады:

Комплекс түзуші мен Лигандалар

  • Комплексті қосылыстарда: Комплекс түзуші, олар көбінесе оң зарядталған металл иондары болады, көбінесе d-элементтері жатады. Комплекс түзушінің маңайында лигандтар орналасады, олар теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар. Лигандалар саны координациялық сан деп аталады. Комплекс түзуші мен лигандтар комплексті қосылыстарының ішкі сферасын түзеді, ол квадрат жақшаға алынады. Ішкі сфераға кірмеген иондар сыртқы сфераны құрайды.

Комплесті қосылыстардың атауы

  •  Катионды комплексті қосылысты атағанда, алдымен катионның, одан соң анионның атын атайды. Ішкі сферада лигандалар түрінде электронейтрал молекулалар болса, олардың аттарын өзгеріссіз атайды. Мысалы: С6Н6- бензол, С2Н4- этилен, N2Н4- гидразин, Н2О- аква, NН3-аммин. Саны бірнешеу болса, олардың санын грек тілінде көрсетеді: 2-ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6гекса, 7-гепта, 8-окта. Ішкі сфераға кіретін анион- лигандтарының аттары атау үшін олардың әрқайсысының аттарына «О» жұрнағы қосылып ай-тылады. Мысалы, бромо-Br-, О2—оксо, N3—нитридо, ОН—гидроксо, СN—циано,СО32—карбонато, РО43—фосфато, S2O32--тиосульфато,С2О42—оксалато т.б.
  • Осыдан кейін комплекс түзушінің атын ілік септігінде атап, оның атынан кейін рим сандарымен жақша ішінде комплекс түзушінің зарядын көрсетеді. Ең соңында сыртқы сфераның анионның атына «ы» деген жалғау қосып айтылады.
  • [Ag(NH3)2]Cl- диаммин күміс (І) хлориді;
  • [Cu(H2O)4]SO4∙H2O- тетрааква мыс (ІІ) сульфат гидраты;
  • [Pt(H2O)(NH3)2OH]NO3- гидроксодиамминаква платина (ІҮ) нитраты;
  • [Ru(SO2)(NH3)4Cl]Cl- хлоротетраммин күкірт диоксид рутений (ІІ) хлориді.

Комплексті қосылыстардың атауы

  • Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды: алдымен сыртқы сферасының катионының атын ілік септікте айтады. Бұдан соң жоғарғы айтылған ретімен лигандтардың атын атайды. Комплекс түзушінің латын атына «аты» деген жұрнақ қосады.
  • K[Ag(CN)2]- калий дицианоаргентаты (ІІ);
  • Na3[Co(NO2)6]- натрий гексанитрокобальтаты (ІІ);
  • K3[Ni(NO)2(S2O3)2]- калий дитиосульфатодинитрозилникеляты (ІІ).

Комплексті қосылыстардың атауы

  • Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстерінің аттарын атау үшін алдымен лигандтардың аты, онан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де, оның тотығу дәрежесі көрсетілмейді.[Co(NH3)3Cl]- трихлоротриаммин кобальт;
  • [Ru(H2O)(NH3)4SO3]- сульфиттетраамминаква рутений.

Комплексті қосылыстардың диссоциациясы

  • Комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың сыртқы және ішкі сфераларының арасындағы байланыстар иондық болғандықтан, суда еріткенде, олар комплексті ион мен қарапайым сыртқы сфераның иондарына ыдырайды.
  • Келтірілген комплекс иондарының диссоциациялану константаларын тұрақсыздық константасы Кт.з. деп атайды. Тұрақсыздық константаларының сандық мәндері комплексті иондардың тұрақтылығын немесе беріктігін көрсетеді. Кт.з. пайдаланып, комплексті қосылыстың арасындағы реакция қай бағытта жүретінін анықтауға болады..

НАзарларыңызға рахмет!!!

1курс 6топ

Секербек Айдина



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет