Статикалық электр өрісі электр зарядтары арқылы туады, электр өрісінің күш сызықтары оң зарядтардан басталып теріс зарядтарда аяқталады. Олай болса, өріс екі астарлардағы оң және теріс электр зарядтарының тең екенін көрсетеді Бір астарда Кулон заряд және екінші астарда кулон заряд болсын, осындай қос астарлардың қасиеті екі астар арасындағы потенциалдар айырымына қанша заряд сәйкес келетінін анықтайды және оны электр сыйымдылығы деп атайды. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі фарада–Ф Бір кулон заряд берілгенде потенциалы 1В-қа өзгеретін өткізгіштің сыйымдылығын бір фарада деп атайды.