Сабақтың тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Кулон заңы. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты



Дата24.11.2016
өлшемі143,55 Kb.
#2419
түріСабақ
8а сынып сабақ ____________________

Сабақтың тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Кулон заңы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларда электр зарядтарының өзара әсерлесуі, нүктелік заряд ұғымдарын қалыптастыру; Кулон заңының физикалық мағынасын түсіндіру; Кулон заңының формуласын қолданып қарапайым есептер шығару;

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.Рефлексия арқылы

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

  1. Электр заряды, электр зарядының екі тегі.

  2. Зарядталған денелер өзара калай әсерлеседі?

  3. Электр зарядтарының сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

  4. Атомның құрылысы қандай?

  5. Элементар электр заряды дегеніміз не?

V. Жаңа материалды меңгерту:

Сабақтағы негізгі материал.

Кулон заңының ашылуы жэне оның қыскаша өмірбаяны. Кулон заңы электростатиканың негізгі заңы. Нүктелік заряд ұғымы. Кулон тәжірибесі: пропорциональдық коэффициенггі енгізе отырып, Кулон заңының формуласын аламыз, Мұндағы к -пропорционалдық коэффициент Кулон заңын есте сақтауға ыңғайлы болу үшін, мына сөйлем бойынша қалыптастыру Фатима апай қаладан екі күрке тауықты квадрат базардан сатып алды деп. Фатмима –F, қаладан-k, екі күрке тауық-q1,q2,квадрат базардан-r2

Электрленудi түсiндiру. Зарядтың сақталу заңы. Электронның және атом құрылысының ашылуы көптеген электрлiк құбылыстарды түсiндiруге мүмкiндiк бердi.

1. Үйкелу кезiнде денелер қалай электрленедi? Бейтарап бөлшектерден (атомдар мен молекулалардан) тұратын денелердiң қалыпты жағдайда заряды жоқ. Үйкелiс процесiнде өз атомдарынан шығып кеткен электрондар бiр денеден екiншiсiне өте алады. Осы кездегi электрондардың жолы атомдар ара қашықтықтығымен шамалас. Бiрақ денелердi ажыратқан соң олар зарядталып қалады: өз электрондарының бiр бөлiгiн берген дене оң, ал сол электрондарды алған дене терiс зарядталады.

Сонымен, денелер электрондарын жоғалтқанда және электрондар алғанда электрленедi, демек, электр зарядын алады. Бұл кезде жаңа электр зарядтары ғайыптан пайда болмайды. Тек электрленушi денелер арасында бұрыннан бар зарядтар екi денеге бөлiнедi: бiр денеден екiншiсiне терiс зарядтар өтедi. (Кейде электрлену иондардың орын ауыстыруына байланысты.)

2. Нелiктен металдардан электр заряды өтедi, ал диэлектриктерден өтпейдi? Диэлектриктерде электрондар өз атомдарының ядроларымен мықтырақ байланысқандықтан дене iшiнде еркiн қозғалмайды. Металдарда электрондар ядролармен әлсiз байланысқан. Сондықтан олардың бiраз бөлiгi өз атомдарынан бөлiнiп дененiң iшiнде еркiн қозғала бастайды (мұндай электрондар – еркiн электрондар деп аталады). Осы электрондар өткiзгiште заряд тасымалдайды.



Зарядтардың бөлiнуi кез-келген денелердi үйкеген кезде байқалады. Тек қана диэлектриктер емес, сондай-ақ металл өткiзгiштерде де үйкеліс кезінде зарядтардың бөлiнуiн байқаймыз. Онда тәжiрибелерде нелiктен янтарь, шыны, эбонит сияқты диэлектриктер қолданылады? Себебi, тек қана осындай заттарда зарядтар пайда болған жерiнде қалып қояды. Диэлектрик iшiнде зарядтар орын ауыстыра алмайды. Егер металды терiге немесе қағазға үйкеп электрлесек, онда пайда болған заряд сол сәтте зат арқылы қозғалып тәжiрибе жасаушының қолы арқылы денесiне тарайды. Егер осы металл дененi оқшаулағыш тұтқасынан ұстаса, онда пайда болған заряд металл бойында қалып қояды. (Зарядтардың орын ауыстыруы бос электрондардың өзара тебiлуiне байланысты.)

3. Электрлеу кезiнде денелердiң толық заряды өзгере ме? Тәжiрибе жүргiзейiк. Электрометрдiң металл өзегiне металл диск орнатып, оның үстiне жұқа кенеп мата жабамыз, ал оның үстiне диэлектрик тұтқасы бар екiншi диск қоямыз. Жоғарғы дискнi оқшаулағыш қабатқа айналдыра үйкеп алып қояйық. Сонда бiз электрометр стрелкасының ауытқығанын көремiз. Бұл кенеп пен үйкелген дискiде электр зарядының пайда болғанын көрсетедi (12, а-сурет).

Тәжiрибенi жалғастырайық. Ендi алып қойған дискiнi екiншi электрометр өзегiне тигiзейiк. Бұл электрометрдiң стрелкасы да тура сондай бұрышқа ауытқиды (бiрiншi электрометр сияқты) (12, б-сурет). Бұдан электрлеу кезiнде екi дискiде модулi жағынан бiрдей заряд алғанын көрсетедi. Осы зарядтардың таңбасы туралы не айтуға болады? Осы сұраққа жауап беру үшiн тәжiрибенi екi электрометрдi металл өткiзгiшпен жалғап аяқтайық. Бiз екi құралдың да стрелкалары төмен түскенiн көремiз. Зарядтардың бейтараптануы, олардың модуль жағынан тең, ал таңбалары қарама-қарсы болғанын көрсетедi (сондықтан олардың қосындысы нөлге тең). Осы және басқа да тәжiрибелер, электрлеу кезiнде денелердiң заряды сақталатынын, яғни толық заряд электрленуге дейiн нөлге тең болса, одан кейiн де нөлге тең болады.



VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. §31, 14-жатгығу (1-3) сұрақтарына жауап беру.2) Есептер шығару.

№1(Р68І). Бір-бірінен 10 см қашыктыкта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі. Әр шардағы "артық" электрондардың санын табындар. Шешуі: шарлардың зарядтары бірдей болғандықтан, q1= q2=q десек, Кулон заңын былай жазуға болады, Осыдан, Ал, денедегі жалпы зарядтың шамасы q=Nе формуласы бойынша анықгалатын болғандықтан, N=q/e өрнегі аркылы есептеп табамыз.

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. «Сөйлемді аяқта» ойынымен бекіту

VIІI.Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §31, 14-жаттығу (4-8).
Үй тапсырмасын сұрайтын сұрақтар: «Рефлексия»

  1. Барлық денелер қандай бөліктен тұрады?

  2. Атомның құрылысын ата?

  3. Неліктен кәдімгі жағдайда дененің заряды болмайды?

  4. Атом үлкен бе, әлде молекула үлкен бе?

  5. Электрон туралы мәлімет айт.

  6. Егер дене электронды қосып алса не байқалады

  7. Денелер қай кезде электрленеді?

  8. Егер дене электронын жоғалтса онда не байқалады?

  9. Ядроның құрамын ата.

  10. Протонның массасы электронның массасынан неше есе үлкен?

  11. Атомның планетарлық моделін кім ұсынды?

  12. Атомның өлшемі метрмен? 10-10 м

  13. Нейтрон деген қандай бөлшек?

  14. Ядроның өлшемі атомның өлшемінен неше есе кіші, атомның негізгі массасы неннің масссасы?

  15. Элементар электр зарядының шамасы нешеге тең?

  16. Сутек молекуласынан электронның масссасы неше есе кіші? 3700есе

  17. Р. Милликен қай елдің ғалымы?

  18. Электр заряды қандай шама? Физикалық

  19. Өткізгіштер деп нені айтамыз?

  20. Электроскоп деген не және оның құрамы.

  21. Аттас зарядтардың әрекеті не?

  22. Янтарь сөзі нені білдіреді?

  23. Зарядталған электроскопты пайдаланып дененнің зарядты өткізетіні қалай білеміз?

  24. Атом неліктен заряд жағынан бейтарап?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет