Конденсаторларды қосу Әрбір конденсатор тек өзінің сыйымдылығымен ғана емес, сонымен бірге максимал жұмыстық кернеуімен сипатталады. Егер конденсаторға жұмыстық кернеуден артық кернеу берілетін болса, онда конденсатор астарлары арасынан ұшқын шығып, конденсатор істен шығады. Бұл құбылыс конденсатордың тесілуі деп аталады. Берілген жұмыстық кернеу кезінде қалаған сыйымдылық алу үшін конденсаторларды тізбектей, параллель немесе аралас түрде қосады.
1) Конденсаторларды параллель қосу
Кондесаторларды параллель қосқан кезде барлық конденсаторлардағы кернеу бірдей болады:
Конденсаторлар батареясындағы толық заряд
Конденсаторларды параллель қосқан кездегі батареяның толық электр сыйымдылығы келесі формуламен анықталады:
2) Конденсаторларды тізбектей қосу Конденсаторларды тізбектей қосқан кезде барлық конденсаторлардағы зарядтар бірдей, конденсаторлар батареясының толық зарядына тең болады:
Батареяларға түсірілген кернеу жеке конденсаторларға түсірілген кернеулердің қосындысына тең болады:
Конденсаторларды тізбектей қосқан кездегі батареяның толық электр сыйымдылығы келесі формуламен анықталады:
Конденсаторлар аралас қосылған кезде батареяның толық сыйымдылығы олардың қосылу схемасына тәуелді және параллель немесе тізбектей қосу заңдылықтарын пайдаланып анықтауға болады.
Өткізгіш зарядының (конденсатордың бір астарының) оның потенциалына (екі астарының арасындағы потенциалдар айырымына) қатынасымен анықталады
Х.Б.жүйесінде электрсыйымдылық бірлігіне 1 фарад алынады. 1 Ф – 1Кл заряд бергенде, потенциалдар айырымы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылығы. Бұл бірлік өте үлкен: мысалы, Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары 7·10-4 Ф, сондықтан тәжірибелік мақсатта үлестік бірліктер қолданылады:
1мкФ = 10-6 Ф; 1нФ = 10-9 Ф; 1пФ = 10-12 Ф
Мұндағы С - жазық конденсатордың сыйымдылығы, ε - диэлектрлік өтімділік, ε0 - электр тұрақтысы, S – конденсатор астарларының ауданы, d – диэлектриктің қалыңдығы.
Жазық конденсатордың сыйымдылығы конденсатор астарларының ауданына, диэлектрлік өтімділігіне тура пропорционал және диэлектриктің қалыңдығына кері пропорционал.
Зарядталған конденсатор энергиясы W [Дж] – ол зарядталған конденсатор астарларының арасындағы электр өрісінің энергиясы.
Мұндағы W - зарядталған конденсатор энергиясы, q - конденсатор астарларының заряды, C - конденсатордың сыйымдылығы, U - конденсатор астарларының ұштарындағы кернеу.
Көлем бірлігіне келетін өріс энергиясы конденсатор энергиясының тығыздығы деп аталады мұндағы Е – электр өрісінің кернеулігі.