Конференция 023 жылғы сәуірде сағат 10. 00 16. 00 аралығында



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі67 Kb.
#172661
  1   2   3
Байланысты:
Халықаралық конференц 7.04. 2023г
Халықаралық конференц 7.04. 2023г




АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Астана халықаралық университетінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы
Сіздерді Астана халықаралық университетінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері» атты I Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция 2023 жылғы 7 сәуірде сағат 10.00 – 16.00 аралығында Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 8, (213 ауд) мекенжайында өтеді.


Конференцияның мақсаты – психологиялық-педагогикалық ғылымның әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерінің кең ауқымын талқылау.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және бір уақытта өтетін секциялардағы жұмысты қамтиды.


Пленарлық отырыс 2023 жылғы 7 сәуірде сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 8, акт залында өтеді.




Секциялардағы жұмысты келесі бағыттар (тақырыптар) бойынша ұйымдастыру жоспарлануда:

1. Қазіргі тұлғаның психологиялық мәселелері: жасерекшелік, этникалық және медициналық психологиядағы өзекті мәселелер.


2. Әлеуметтік психологиядағы қазіргі жағдай мен даму тенденциялары: отбасылық және ұйымдастырушылық психологияның, дін психологиясының өзекті мәселелері.
3. Психологиялық зерттеу және оқыту технологияларын цифрландыру мен трансформациялау.
4. Педагогика және психология: теориядан практикаға.

Конференцияға ЖОО оқытушылары, психолог-практиктер, студенттер мен магистранттар ғылыми жетекшісімен шақырылады.


Конференцияға қатысу ШАРТТАРЫ мен ТӘРТІБІ:
Конференция Қазақстан Республикасынан (ҚР) тыс жерлердегі қатысушылар үшін күндізгі секциялық отырыстарға онлайн-қосылу мүмкіндігімен аралас форматта өткізіледі.
Конференцияға қатысу ЖОЛДАРЫ: бетпе-бет (жинақта жариялау және ҚР шегінен тыс орналасқан жағдайда онлайн-трансляция режимінде баяндама жасау) және сырттай (жинақта жариялау).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет