Конференциялар құжаттар



бет1/5
Дата12.03.2018
өлшемі1,48 Mb.
#38946
  1   2   3   4   5
ХАК

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................4-15

Қазақ зиялылары қызметін зерттеудегі Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары дерек көзі ретінде.

  1. Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы зиялылардың қызметіне қатысты үкімет қаулылары 16-35

  2. Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы қазақ зиялыларының қызметіне қатысты хаттамалар…………….36-67

2 Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы қазақ зиялылардың көзқарасына қатысты құжаттар.

2.1Халық Ағарту Комиссариатының баяндамалары мен баянхаттары зиялылардың көзқарасы бойынша дерек көзі 68-98

2.2 Халық Ағарту Комиссариаты қорындағы съезд, пленум және конференциялар құжаттары зиялылардың көзқарасы бойынша

дереккөз ………………………………………………ж.. 99-119

3. Халық Ағарту Комиссариаты қызметіне қатысты мерзімді

басылым деректері

3.1 1920-1930 жылдардағы халық ағарту мәселелерінің мерзімді
басылымда көрініс табуы ……………………………120-164

а) қазақ зиялыларының баспасөздегі мақалаларының деректік
құндылығы;

о) "Жаңа мектеп" журналы тарихи дерек ретінде;



б) партиялық және кеңестік басылымдар дерек ретінде;

ҚОРЫТЫНДЫ : 165-168ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ ...169-
1. ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ РЕСПУБЛИКА ЗИЯЛЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДГІ

ДЕРЕК КӨЗІ



Кіріспе

Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы тарихын зерттеу деректерді талдау жұмысын қажет етеді. Тарих ғылымында әр уақыттың, әр кезеңнің өзіндік құндылығы бар. Әсіресе, Кеңес өкіметімен бірге Қазақстанда жаңадан дүниеге келген мемлекеттік мекемелердің алғашқы жиырма жылдағы өсіп-өркендеуін терең деректанулық талдау жасау арқылы көрсетуге болады. Кеңес өкіметінің кұрылуымен катар жаңа мемлекеттік мекеме жүйесі де қалыптаса бастады. 1920 жылғы қазан айында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Құрылтай съезінің шешімінің негізінде республика территориясында мәдени құрылысты басқарушы біріккен орталық орган құрылды. Ол - Халық Ағарту Комиссариаты (бұдан былай ХАК-авт.) еді. ХАК-ы республикадағы мәдени кұрылыстың барлық салаларымен айналысатын орталық мемлекеттік мекеметін /32,14/. Комиссариаттың мемлекеттік мекеме ретінде қалыптасуы және 1920-1936 жылдардағы қызметі Ш.Тәукебаева еңбегінде терең талдауға алынған /32/. Сондықтан біз Комиссариаттың мемлекеттік мекеме ретіндегі қызметін арнайы зерттеу объектісі етіп алмадық. Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі мақсатымыз — осы аталған мекемеге қатысты зиялылардың қызметін баяндауда құжат деректік материалдарды көрсету. Мәселен, сол тарихи кезендегі азаттық қозғалыстың басшыларының бірі А. Байтұрсынов жаңа кұрылған Комиссариаттың тұңғыш басшысы болды, соған байланысты бұл мекеменің қызметінің бағыттары мен мазмұнын айкындауда оның ролі зор еді.

Міне, осы мазмұндағы тұжырымды А. Кенжин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, К. Тоқтыбаев және басқа осы уақытқа дейін мемлекеттік және қоғамдық қызметтері зерттеушілер назарынан тыс қалып келген алаш және кеңестік зиялылар жөнінде айтуға болады.

Кеңес өкіметі алғашқы жылдарындағы мекемелер жаңадан ашылғандықтан нормативті және басқарушы құжаттар саны өте көп болды. Коммунистік партия алғашқы жылдарда бірден орталықтандырылған толыққанды үкімет жүйесін құрып кете алмағандығын ағарту мекемелерінің құжаттарынан көреміз. Шын мәнінде, Комиссариаттың практикалық қызметі, тек 1921 жылдың қаңтарынан бастап қана жүзеге асты. 1921 жылдың шілдесіне дейін барлық губерниялық және уездік халық ағарту бөлімдерінің толық бағынуы және басшылықтың орталықтандырылуы жүргізілмеген еді /24,71/. Жылдар бойы тоталитарлық жүйе орнығып келген кеңес тарихын зерттеушіге деректердің толықтығы мен көптүрлілігін көрсету міндет.. Құжаттарды талдау барысында оның ауқымының өте кең екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан жұмыс барысында құжаттарды мазмұн жағынан түрге бөлу принципі негізге алынды. Бұл принцип кеңес тарихшылары арасында 1930 жылдарда-ақ орнықты қолға алынды және соңынан М.Н.Тихомировтың КСРО тарихынан деректану оқулығында жан-жақты баяндалды. Нормативті және басқарушы құжаттар жайлы академик И.Д.Ковальченко былай деді: "Басқарушы құжаттар ұйымдастырушылық негізінде жатқан, басқару қызметтін жүзеге асыру үшін жасалады. Оған шешімдер, қарарлар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, үкімдер жатады. Басқарушы құжаттарда мекеменің, ұйымның қызметінің тек қана бастапқы қалыбы емес, оның жүзеге асуындағы белгілі шаралар көрініс табады. Ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарындағы ерекше көптүрлілікті хаттамалар, Коллегияның және коллективті ұйымның мәжілістерінің стенографиясы құрайды. Хаттамалар мен стенографиялар — мәселенің талқылануының және шешілуінің өнделген жобасы" /84/. Барлық басқарушы шешім әрқашан қаралып отырған мәселемен және объектпен қаралады. Объектілікпен, ақиқаттылықтан, оперативтіліктен және ақпарат толықтығынан қабылданған шешімнің дұрыстығы, нақтылығы көрінеді. Ақпаратты көрсетуші (фактінің көріну нәтижесі объективті шындықтың және адамның ойлау қызметінің құбылысы) құжат болып табылады /85/ Мемлекеттік мекеме жүйесінде қордаланған басқарушы құжаттардың тасқыны көп болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты құжаттарды талдау жұмысы қолданылған принцип нәтижесінде объективтілікті көрсетеді.

Қазіргі Ресей тарихшылары посткеңестік деректану ғылымында позитивисттік ағым орын алғанын айта келіп, деректану ғылымында жаңа әдіс ұсынды. Жаңа әдіс бойынша тарихи деректі мақсатқа ұмтылған адам қызметі, мәдениет құбылысы ретінде, адам қызметі процесінде құрылған мәдени шығарма ретінде қарау ұсынылды. Бұл әдісті басшылыққа ала отырып, біз архив құжаттары арқылы 1920-36 жылдардағы қазақ зиялыларының ағарту саласындағы қызметін қоғам өмірімен, әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра отырып зерттедік /86/.

Басқару құжаттары мекеменің қызметінің барысын және құрылымының мазмұнын көрсетеді. Комиссариатта қорынан кездескен ең көп түрлері үкімдер, мәжіліс хаттамалары, мұғалімдер және партия-кеңес сьездерінің материалдары болып табылады.

Алаш қайраткерлерінің Кеңес өкіметі жағына шығуы 1920 жылы қазан айында Қазақ АКСР-інің құрылуымен қатар ХАК-ының қызметінің басталуына септігін тигізді. Зиялылардың Кеңес өкіметі жағына шығуына большевиктердін өз мүдделілігі болғанын, Қазақ ревкомының 1920 жылғы 27 қаңтардағы хабарламасынан көруге болады: "Кеңес өкіметінің құрылысы мен қалыптасуы үшін Қазақ өлкесінде зиялылардың мөлшері көп болуы қажет. Сондықтан әскери ревком барлық зиялы қауым күшін жұмысқа тартуды қажет деп санайды" /87/. ХКК-інің төрағасы В.И.Ленин де зиялы қауымды қоғамға тартудың қажеттілігі туралы айтты. Ол пролетариаттық мәдениетті өткен ұрпақпен жасалғанды лақтырып, бос жерде құруға болмайтынын баса айта келіп, пролетарлық табынушылыққа қарсы шықты /88/.

Ресейлік тарихшылар пікірінше: "Марксизмнің дағдарысы қоғамның бастаушы тобы пролетариат болуында"/89/. Осы жерде жалпы интеллигенция деген сөзге тоқталып өтелік. Бұрынғы кеңестік мемлекеттерде "интеллигенция" термині қолданылып келді. Ресей тарихшылары осы мәселе төңірегінде көптеген қызу пікірталастар өткізуде. "Интеллигенция" деген термин латыншадан аударғанда - түсіну, білу деген мағынаны білдіреді. Кеңес өкіметі кезінде зиялыларды тапқа жатқызбай, әлеуметтік топ деп атады. Зиялы қауым өкілдері тек ой еңбегімен айналысатын ғана емес, рухани жағынан толыққан адамдарды айта аламыз. Біз 1920- жылдар тарихында орны бар, қазақтың зиялыларының қызметін еңбегімізде көрсетпекпіз. Кеңестік әдебиеттерде Қазақстан зиялылар тобы Кеңес өкіметі тұсында қалыптасты деген пікір орын алып келді. Ал шындығында кеңестік қазақ зиялыларының қалыптасуына зор үлес косып, оларды даярлаған алаштық азаматтар еді. Олардың дені Комиссариатта қызмет етуімен қатар, ағарту жүйесінің толық жұмысын құрып, халықты сауаттандыру ісінің жандануына жол ашты. Бұл мәселені большевиктер де мойындаған еді. Қазақстан Өлкелік Комитетінің хатшысы Ф.И.Голощекин /кеңестік қудалауды бастаушы/ көрсеткеніндей, басты мәдени жұмыстың салаларында, идеологиялық әсер және басшылық жөніндегі мәселе шешілетін орында алашордалық зиялылардың қызмет етуі кеңес өкіметі тарапынан үлкен қателік еді /90/.

Кеңестік өкімет құжаттарының сарапталу кезеңін екіге бөлуге болады. Бірінші кезең-қазақ зиялыларының, яғни Алаш партиясының лидерлерінің, ағарту мекемелерінде қызмет еткен тұсындағы құжаттар. Олар объективтілігімен көзге түседі. Жалпы кезеңді қарай |отырып, бүкіл Қазақстан халық ағарту саласы осы жылдар нәтижесінен, қазақ зиялыларының ерен еңбегінің арқасында дами алды деген пікірге келдік. Екінші кезең - алаш қайраткерлерінің репрессияға ұшырап, оқу-ағарту саласынан біржола ығыстырылғаннан кейінгі кезең. Алайда, құжаттар орталыкқа бағынған Комиссариаттың бюрократиялық жүйесі қалыптасқанын көрсетсе де, деректерде халық ағарту ісін сол даму дәрежесінде қалдырмай, әрі қарай алып кеткен екінші топ — кеңестік зиялы қауым қызметі де маңызды. Бұл кезеңде де ХАК-і қазақ зиялыларының ерекше топтасқан мекемесі ретінде үлкен роль атқара берді.

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Қүдайбердиев, М.Жұмабаев және басқа қызметкерлер мәдениеттің дамуына зор үлестерін қосты /91/. Қазіргі тарихшылар арасында Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы басқару жұмыстарына тартылған зиялылар туралы көптеген пікірлер бар. "1920 жылдардың ортасына дейін, -деп көрсетті Х.М.Әбжанов,- ескі зиялы қауым өкілдері ұйымдастыру қызметіне белсене араласты. Сол кездегі Кеңес өкіметінің практикасы мен саясаты халықтың қайта өрлеуі мен оның мақсатқа ұмтылуына сай келгендіктен, бұл зиялы қауымның прогрессивті бөлігіне әсер (етпей қоймады"/44/. Ш.Тастановтың айтуынша, алаш зиялылары большевиктерге интеллектуальды вакуумды толтыру үшін керек болды /45/. Ұлттық зиялылардың Кеңес өкіметі жағына шығуы Қазақстандағы мәдени құрылыстың қарқыны мен көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді /56,15/. Көрнекті тарихшы К.Нүрпейісұлы мәселені былай көрсетті: "Жиырмасыншы жылдардың басында ұлттық демократиялық интеллигенцияның жекелеген белгілі қайраткерлері Қазақстан мен Түркістан АКСР-нің мемлекеттік баскару жүйесінде жауапты қызметтер атқарды. Мәселен, А.Байтұрсынов Қазақ АКСР-нің Халық Ағарту Комиссары болса,, М.О.Әуезов Республиканың Орталық Атқару Комитетінде жауапты жұмыста болды. Алаш қозғалысының бұрынғы белсенділерінің айтарлықтай тобы ҚазАКСР мен Түркістан АКСР-інің республикалық, губерниялық және уездік деңгейлерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықплымен Алаш Қозғалысының мүшелері баспасөз, оқу-ағарту, ғылым, өнер жүйелерінде жетекшілік етуге тиісті орындарда шешуші буындарды басқарды." /46/

Көріп отырғанымыздай, Алаш қайраткерлерінің Кеңес өкіметінің ағарту жүйесіне тартылуы большевиктердің мәдени саладағы реформаларын орындау үшін керек болды.

Жалпы ағарту мәселесіне байланысты алғашқы өкімет кұжаты ретінде 1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті және РСФСР ХКК-нің В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған "Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" декретін алуға болады. Қазақстан Кеңесі Құрылтай съезі кабылдаған ҚазАКСР еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияда халыққа білім беру туралы мәселе де қаралды. "Еңбекшілердің білімге жол ашу мақсатында - делінген онда, - жұмысшыларға, кедей шаруаларға, барлық еңбекші қазақ халқының бәріне толық жан-жақты және ақысыз білім алу мүмкіндігін беруді, біруақытта халықтың сауатсыздығын жоюға қадам басуды, өсіп келе жатқан ұрпакқа жан-жақты физикалық және рухани дамумен қамтамасыз етуді міндет етіп қою керек" /27,15/. Қордағы қаулылар туралы айтқанда, олардың құрамының әртүрлілігіне көзіміз жетеді. Біріншіден, Ресей ХАК-ынан түскен қаулылар, екіншіден, Қазақстан ХКК-і мен Қазақ Орталық Атқару Комитеті қаулылары, үшіншіден, әрине, ХАК-ының өз қаулылары. Қаулылар таза ресми құжаттар болғандықтан, саны көп емес, халық ағарту ісінің барлық жұмысының мәселелерін ашып бере алмайды, бірақ олардың мазмұнын, оқу ағарту саласындағы өзгерістерді және бұндай заң актілерінің шығу себептерін анықтау белгілі бір дәрежеде қоғам өмірін көрсетіп тұрады. Бұл жерде тоқталатын мәселе, орталықтандырылған жүйе болғандықтан, Қазақ АКСР мекемелері Ресей ХКК-іне тәуелді болды. Олар өз нұсқауларын беріп отырды. Дегенменен, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жалпы орталықтандыру жүйесі болмағандықган, құрылым әлсіз болған соң, Комиссариат қызметіне тікелей басшылық жасай алмады. ХАК-ында құжаттар шашыраңқы орналасқан.



Комиссариат қорында оның құрылуы жөнінде, қызметін бастауы туралы бастапқы құжаттар сақталынған. Алғашқы қаулылардың бірі ретінде ХКК-інің төрағасы В.И.Лениннің қосымша істеген жұмыс үшін қызметкерлер мен жұмысшыларға қосымша ақы беру туралы 1920 жылдың 16 қаңтарындағы құжатын айтуға болады. Қаулы өкіметтің ағарту қызметкерлерінің жағдайын көтеру үшін жасаған шарасы еді /92/. Ал олардың зиялыларға тікелей қатыстысы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Калинин қол койған 1920 жылғы 10 қазандағы қаулысы. Онда Халық Ағарту Комиссарының баяндамасымен танысқанын айтты. Сондықтан БОАК ХАК-ының Коллегиясына Комиссариат бекіткен міндеттер мен жоспарларды жүзеге асыру үшін кең әкімшілік тәжірибе жинаған адамдарды кіргізу, Комиссариатқа балалар мен ересектерге сауат үйрету және қажетті оқу құралдарын шығару, осы мақсатта бірнеше адамдарды басқа жұмыстардан босатып, тартуды тапсырды. Сонымең катар, Комиссариаттың барлық тәжірибелі қызметкерлерін басқа, азаматтық мекемелерден (егер олар онда жауапты қызметкерлер болмаса) ағарту қызметіне қайтару керектігін көрсетіп өтті. Қаулыны талдайтын болсақ, бұл қазақ зиялыларының белді-белді өкілдеріне Комиссариат қызметіне араласуына ашылған даңғыл жол еді. Шынында да халықтың жартысынан астамы сауатсыз елдегі зиялыларды «буржуазияшыл« деп шетке итеру арқылы халықты сауаттандыру мүмкін, емес. Кеңес белсенділері бұл әрекетке амалсыздан барды. Қаулыда ағарту қызметкерлерін сақтау мақсатында шаралар кабылданды. Кеңестік жұмысшыларды қамтамасыз ететін Комиссариатка ХАК-ы азық-түлікпен қамтамасыз етуді іске асыру, олардың нормасын дәрігерлер мен инженерлермен бірдей ету, Азық-түлік Комиссариатына арнайы киім дайындау үшін мануфактура беру,мұғалім үйлерін ұйымдастыру тапсырылды /92,58/.Ағарту ісі кеңес өкіметінің кезек күттірмейтін екпінді жұмыстарының біріне айналды.Комиссариат қорындағы құжаттардың шашыраңқы орналасуынан кейбір ағартуға қатысты деректерді басқа қорлардан қарауға тура келді. Комиссариат материалдарының ортақ белгілері -қорда жобалардың көп кездесуі. Көптеген жағдайларда жобалар жүзеге асырылып отырылған. Мәселен, ХКК-і қаулысы. Онда мектеп және басқа ағарту мекемелерінің жағдайын жақсарту шаралары айтылады /93/. Жобаның қаулы болып шыққанын зерттеуші А.И.Сембаевтың көрсетуінен білеміз. Онда: "аштық басталған соң елдің жаңа экономикалық саясатқа өтуге байланысты РКП(б) Орталық Комитеті 1921 жылы "ағарту қызметкерлерінің арасындағы жұмыс туралы" қаулы қабылдады. Бұл құжатта ағарту қызметкерлерінің одағының жұмысын жақсарту бағдарламасы жасалынады" деп айтылды /24,76/.

Қазақ АКСР-і құрылып, оның Комиссариат қызметін бастаған тұсы елдегі 1921-1922 жылдардағы аштық кезіне тап келді. Сондықтан Комиссариаттың жергілікті орындармен қатынасы үзіліп, елдегі ағарту жұмысына басшылық ету қиынға соға бастады.

Азамат соғысы бүкіл Кеңес республикаларын тұралатқаны соншалық, мәдени құрылыстың кеңейтілген бағдарламасын жаңа экономикалық саясат басталғанға дейін тоқтатуға тура келді. Финанстық және басқа мүмкіншіліктердің жетіспеуі онсыз да өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады /94/. Комиссариат жағдайдан шығу үшін өзінің жергілікті бөлімдеріне арнап қаулыларын шығарып, оларды аштықка ұшырағандарға көмек көрсету қызметіне шақырып, Комиссариат жанынан Президиум құрды. Президиумді Комиссардың -Орынбасары А.Кенжин, әлеуметтік бөлім бастығы Лазовтар баскарады. 1921 жыл - Комиссариатта әлеуметтік мәселенің (қаражат, материалдық негізінің) шиеленіскен тұсы. Сол үшін Комиссариаттың жергілікті комитеттері қызметкерлер арасында еңбек тәртібін көтеру туралы қаулылар шығарып отырды. 1921 жылы 1 шілдедегі қаулыда Комиссариат Коллегиясы қызметкерлердің түрмысын көтеру ісінде барлық қолдан келген шараларды қолдануды, әйтпесе еңбек тәртібінің төмендейтінін айтты. Әрине, онсыз да әлеуметтік жағынан қорғалмаған, жалақысы аз ағарту қызметкерлерінің аштық жылдарында әлеуметтік белсенділігі төмендеп, тоқырай бастады. Әлеуметтік жағдайлардың күрделенуі тек Қазақстанға тән болмады, бүкіл РСФСР-да көрінді. Бұл мәселе Кеңес республикаларының толық орнап, аяғынан тұрып кете алмауынан келіп шықт. Сондықтан ағартуға байланысты Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ульянов қаулылар қабылдады. 1921 жылы 16 қыркүйекте шығарылған қаулыда мектеп пен ағарту мекемелерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді жақсарту шаралары айтылды. Ол үшін ХАК-ына оқушылардың көмегімен, кооперативтермен, артельдермен бірігіп, жеке шеберханалар және ауылшаруашылық фермаларын ұйымдастыруға құқық берді. Сонымен қатар фабрика-завод кәсіпорындары және кеңес органдары ағарту мекемелерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі, аштыққа ұшыраған елді мекендерден баска жерлерде ағарту қызметкерлерін азық-түлікпен (болыстық съездердің ерекше қаулысымен) ауыл тұрғындары қамтамасыз етуі тиіс болды. Бұл мәселе негізінде Қазақ АКСР ХКК-інде "Ағарту мекемелерін жабдықтау үшін ауылшаруашылық фермаларын және өндіріс мекемелерін кәсіпорындарын ұйымдастыру құқығы туралы" қаулысының жобасы шықты. Қаулыда Қазақстан ХАК-ы мен оның органдарына ағарту мекемелерін жабдықтау үшін ауылшаруашылық фермаларын және жеке өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру тапсырылды. Ал, Қырпромбюро, Жер Халық Комиссариаты, Еңбек Халық Комиссариаты және басқа Комиссариаттарға көмек көрсету міндеттелді. Өкімет әлеуметтік қиын |жағдайда Комиссариатка ешқандай көмек бере алмаған соң, осы шараларды амалсыз қабылдайды. Мәселені Комиссариатта қызмет еткен қазақ зиялылары жалпыхалықтық үндеуге айналдырып, халықты оқу білімді қолдауға шақырды. Дерек қоғам өміріндегі қайшылықтардың ағарту ісіне қандай әсері болғанын шынтуайтты көрсете келіп, объективті жағдайды аша алады. Комиссариаттың көптеген құжаттары ХКК-нің қорларында сақталған. Қазақстанның экімшілік-территориялық құрылымының жетілдірілмегені ХАК-ы аппаратының жұмысына кері әсерін тигізді. Ескі әкімшіл территориялық құрылыстың толыктай дерлік сақталып қалуы Халық Комиссариаттарының нығаюына жағдай жасамады. Әсіресе, төменгі болыстық және ауыл, селолардың құрылымдары мүлде шиеленісті болды /97/.

Комиссар А.Байтүрсынов ХКК-нің сұрауына байланысты Комиссариат Коллегиясының болыстық халық ағарту кеңестерін енгізу туралы қаулы шығаруының себептерін былай түсіндірді: "көп қазақ болыстықтарында бір, екі мектеп қана, болыстарда халық Ағарту ісімен айналысатын адам түгіл, қоғамдық сипаттағы іспен айналысатын да зиялылар жоқ, сондықтан Комиссариат халық ағарту аппаратының халыққа жақындауы үшін, қаулыны шығаруға мәжбүр болды"/98/.

Қаулыларды іс жүргізу материалдары ретінде талдар болсақ, олардың пайда болуын, Комиссариат қызметіне, ондағы зиялыларды калыптастыру ісіндегі ролін аша аламыз.

Комиссариаттың қызмет еткен кезіндегі әлеуметтік мәселенің ең күрделісі, шешуін таппағаны-мұғалімдердің жалақысын уақытылы берілмеуі. Бұл туралы қаулылар Комиссариатқа ХКК-інен түсіп отырды. Басшы органдар Комиссариаттың жағдайымен, құрлымымен танысып, мағлұмат алып отырды. ХКК-і 1924-25 |жылдардың бірінші ширегінде ХАК-ына территориялық бөлініске байланысты қосылған облыстарда ауылшаруашылық, педагогикалық, орман шаруашылығы техникумдарындағы қарыз ақшаны жою туралы ұсыныс жасады /99/.

Комиссариат ауылдық мектептердің күшеюі үшін бар мүмкіндіктерін салып, барлық округтік халық ағарту бөлімдеріне жолдаулар жіберіп отырды. Комиссариаттың есептеуінше, ауыл мектептерінің негізгі жетіспеушіліктері: өндірістік базасының (оқулық курал-жабдық, мектеп жабдықтары) болмауы, мұғалім кадрлардың аздығы. Тіпті, төрт жылдық мектептерді қамтамасыз ету қиынға сокты. Бұл мәселелерді шешу зиялылардың міндетіне енді. Елде қиын жағдай орнап, Кеңес өкіметі тәртібін орната алмай жатқан кезде ұлттық зиялылардың басым бөлігі ағарту салаларын көтеруге күшін салып бақты. Сондай істердің бірі - қазақ мұғалімдерін даярлау үшін оқу орындарын ашу мәселесі. Педагогикалық техникумдар мен халықка білім беру институттары мектептерді ұлттық мұғалім кадрлармен камтамасыз ете алмады. Ташкенттегі Қазақ Ағарту институтында қазақ зиялылары көптеп қызмет етті. Осыны ескеріп, республиканың өкіметі Қазақ Ағарту, институтының көлемінде педагогикалық жоғары оқу орынын ұйымдастырмақшы болды. 1926 жылғы 2 маусымда Қазақ АКСР ХКК-ның үкімінде: "Қазақ АКСР-і үшін жоғары оқу орнын, әсіресе педагогикалық жоғары оқу орнын құру қажеттілігін мойындап отырып, Ташкент қаласындағы Қазақ Ағарту институтын "қазақ педагогикалық институты" деген атпен кайта күрылған педагогикалық жоғары оқу орны деп есептеу керек". Институттың ректоры болып Орта Азия Мемлекеттік Университетінің түлегі, соңынан Халық Ағарту Комиссары болған Т.К.Жүргенов тағайындалды /27,29/. Қазақ Ағарту институтының Ташкент қаласында ашылуы Қазақстанның өз жерінде жоғары оқу орнын ашуға әзірлік болмағанын көрсетеді, екіншіден, Қазақстанның астанасының жиі-жиі өзгеруі де белгілі бір қиыншылықтар тууына әсер етпей қоймады. Бірақ Қазақ АКСР-інде жоғары оқу орнын ашуға деген жұмыс жүріп жатты. Жоғары оқу орындарының ашылуының қажеттілігі мынандай мәселелерден туындады:

  • КАКСР-дың барлық облыстарында мамандардың жетіспеушілігі өткір көрінді. РСФСР-дің жоғары оқу орындары арқылы мамандарды даярлау баяу жүрді;

  • қазақ ұлттық мәдениетінің керекті қарқынмен жүзеге асуы тек кана жоғары оқу орны өмір сұрген жағдайда ғана мүмкін болатын еді;

  • жергілікті тұрғындардан Қазақстанға қажетті ғылыми кадрлар даярлау қазақ жоғары оқу орны мен ғылыми зерттеу институттары арқылы жүргізілуі тиіс;

  • жоғары оқу орындарында оқығысы келетін қазақ жастарынын саны әр жыл сайын көбейді және олардың бәрін Қазақстаннан тыс жерлерге оқуға жіберу мүмкіншілігі болмады/100/;

Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындары ашылмайынша, халыққа білім беру жүйесінің дұрыс құрылуы мүмкін емес еді.

Жоғары оқу орындарын ашу қазақ халқы үшін аса маңызды еді, бұл білімді адамдарды даярлаудың ең кажетті жолы. Деректер қазақ білім ордаларының негізі Комиссариатта жасалғанын дәлелдейді. Алдыңғы қаулыларды салыстыру соңғыларының шығуындағы алға басушылықты көрсетеді. 1928 жылдың 7 желтоқсанында Халық Ағарту Комиссары О.Жандосовтың атына ХКК-нің баяндамасы бойынша РСФСР ХКК-нің қаулысы келіп түсті. Қаулыда ҚазАКСР укіметінің шаруашылық және мәдени құрылыстағы қызметі туралы баяндамасын .тыңдалғаны айтылып, Қазақстандағы мәдени кұрылысының дамуындағы белгілі жетістіктерді атады /101/.

ХКК-ның 1930 жылдардағы ең үлкен шараларының бірі-жалпыға бірдей білім беру мәселесі. Қазақ зиялылары бұл шараны қуана қарсы

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет