алды.
Ағарту тарихын зерттеген ғалым Х.Табылдиев мынадай пікір айтты: "Тұтастай алғанда, сауатсыздықгың жойылуы Қазақстанда большевиктер жүзеге асырған мәдени революцияның жемісі болып табылады. Осы арада бірнеше қосымша факторды еске алған орынды. Ол ағартушылар легінің қазақ халқының сана-сезіміне жасап кеткен ыкпалы, ол алаш үрпағының ұлт санасын оятуға жасаған ыкпалы, халық рухын көтеріп, өзінен озық- халықтарды қуып жетуге талпынысы, совет, партия қызметіндегі қазақ зиялы қауым элитасының (С.Сейфуллин, С.Мендешев, А.Байтұрсынов, Сәдуакасов) жігерлі істері ерекше болды" /31,43/.
1930 жылы 25 желтоқсанда БКП/б/ Өлкелік Комитеті "Жалпыға бірдей білім берудің барысы туралы" қаулы шығарды. Қаулыда жетістіктерге қарамастан, өлкелік, қоғамдық, шаруашылық орындар және партиялық ұйымдар жалпыға бірдей білім беру директивасын орындалмағаны көрсетілді. Оған бірнеше себептер болды: әкімшілік - кеңсе жұмысындағы мұғалімдерді педагогикалық жұмысқа тартылмауы, жалпыға бірдей білім беру майданында оқулықтармен қамтамасыз ету міндеті орындалмауы, кәсіподақтардың жалпыға білім беруге тартылмауы, тек қаулылар шығарумен айналысуы. Өлкелік Комитет пен өкіметтің нұсқауларына қарамастан, Сауда Халық Комиссариаты мен өлкелік одақ және оның жергілікті органдары мұғалімдерді жабдықтау туралы директиваны орындамады, қалалық партия комитеттері мен аудандар жалпыға білім беру туралы мәселені қолдамады, ХАК-ы жалпыға білім беру ісіне басшылық жасауда өзгерістер жасағанымен кейбір аудандардың өз ерекшеліктерін есептеп, басшылық жасауға калыпқа келтірмеді және бүкіл Қазақстанда жүйелеу жұмысы жүргізілмеді.
БКП/б/ Өлкелік Комитеті осы жағдайларды ескере келіп, қаулы |шығарды:
аудандық партия комитеттеріне алдағы үш кезеңде барлық балаларды оқумен қамту ісінде шешуші болып табылатын қажетті шараларды қабылдауды міндеттеу керек;
қазақ ауылында қыздарды оқумен қамтудың саяси мәнісін көрсете отырып, аудандық комитеттерді бұл мәселе төңірегінде назар аударуға міндеттеу керек;
- оқушыларды ыстық тамақтармен қамту туралы өкіметтің |директивасын орындау керек;
- аудандық комитеттер кедей оқушыларды жылы киім және аяқ киіммен қамтамасыз ету үшін жергілікті мүмкіндіктерді тартуға шаралар қолдануы керек /102/;
Қаулы арқылы біз сол жылдардағы ХАК-ның ғана емес, бүкіл ағарту саласының мәселелерін көре аламыз. Қаулыларда басқа өкіметтік құжаттардағыдай емес, ағарту саласын мадақтап, асыра көрсету болмауы олардың ақиқаттылығын аша түседі. Қаулыға дерек ретінде қарасақ, ол тарихи ақиқаттың бір бөлігі болып табылатындықтан, оның жасаушылары шындықты обьективті түрде көрсетті. Құжаттың обьективтілігі сонда, әкімшіл-өміршіл жүйенің кызметкерлері өмірде болып жатқан шындықты айтуға мәжбүр болды. Кеңестік әдебиеттерді қарап отырсақ, деректерді зертеушілердің замана талабына сай субьективті дерекке айналдырғанын көреміз. Деректанулық талдау кезінде қолданылатын әдістің бірі мәселенің тарихнамалық құндылығын ашу. Сондықтан кеңестік әдебиеттерде қоғам өміріндегі ағарту мәселесінің орнын көрсеткен, тарихи ақиқатты анықтаған сәттер болды. Қаулылар бізге Ағарту саласының қаншалықты дамығандығын көрсетеді. Елде жалпыға бірдей міндетті білім беру реформасын енгізу жағдайы қалыптаспағаны қаулыдағы мәселелердің шиеленісуінен көрінеді Қаншама кеңестік қоғамға сай жазылса да, құжаттарды пайдалану кезінде обьективтілік принципі қолданылғанын ағарту саласының ірі зерттеушісі Р.Б.Сүлейменовтың сауатсыздықгы жою мәселесіне байланысты пікірлерінен көреміз. Оның ойынша ағарту жұмысын кұшейту жұмыстарына көтерме сөздер, ұрандар көмектеспеді, ұжымдастыру кезіндегі қиыншылықгар мәдени құрылысқа әсер етпей қоймады /103/. 1929 жылдан бастап қазақ зиялыларының репрессияға ұшырай бастағаны жалпыға білім беру реформасын жүзеге асыру жолындағы ең үлкен тосқауылдардың бірі болды. Бұрынғы оқулықтардың іске аспай қалуы, кадрлардың азайып кетуі ХАК-ының қызметін әлсіретіп, ірі көлемдегі жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бермеді. Мұғалім кадрлардың білімінің төмендеуі жалпыға бірдей білім беру реформасын бүкілхалықтық даңғазаға, сапасыздыққа, санмен өлшеуге әкеп соқты. Әрине, бүкіл реформаны жокқа шығара алмаймыз, бірақ мәселенің субьективті жақтары кұшейіп көрсетілді: Қиындықтарға және елдегі ағарту саласының бостаңдығына қарамастан, ХКК-і 1931 жылы жалпыға бірдей жеті жылдық білім беруді енгізу туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар 1930 жылы 27 тамызда жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы қаулы шыққан болатын. Қаулылар Кеңес өкіметінің білім беру саласының дамуын көрсетеді. В.И.Лениннің өзі жол салған мәдени революциясын большевиктер Қазақстанда мүмкіндігінше кұштеп болса да үкімет шешімдері арқылы енгізгісі келді, ал бүған ел дайын емес еді. Кеңес өкіметі жылдарында "мәдени революция" реформасы жүргізілді. Бұл туралы мәдениет тарихын зерттеуші ғалым Х.Әбжанов былай деді: "Мәдени революция - социалистік құрылыстың негізгі күрамдас бөлігі, қоғамның рухани өмірінің түбегейлі өзгерісі. Мәдени революция барлық еңбекшілерді социалистік құрылыстың барысында мәдени-тарихи процестің әлеуметтік-саяси белсенді мүшелеріне айналдырып жаңа адамды тәрбиелеуді қажет етеді. Қазақстандағы мәдени революция өзінің даму барысында және жүзеге асырылу әдістерімен тәсілдеріне қарағанда бірнеше кезенді бастан өткізді. Совет өкіметінің алғашқы он жылдығында мәдени құрылысқа партиялық-мемлекеттік басшылық жасаудың обьективті лениндік принциптері творчестволық қолданыс табуы арқасында қазақ халқының рухани өсуі әлеуметтік-саяси кемелденуі, жаңаша өмір сұруге деген ынтасы бұрын-сонды болмаған қарқында жүрді. Ал 1920-жылдардың аяғына қарай орныққан әкімшілдік жүйесін қой терісін жамылған қасқыр десе болғандай. Бұл кезең жарты ғасырдан астам уақытқа созылды. Өкімет билігін марксизм-ленинизм ілімімен бүркемелеген сталиншілдік басқару аппараты қолына алып алған соң социализм құру ісі, қоғамның, оның мәдени өмірі адам танығысыз бұрмаланды" /55,2-9/.
Мәдени революция жүргізілуінде халық ағарту ісі, сауатсыздықты жою, жаңа кеңестік зиялыларды қалыптастыру белгілі бір орынға ие болды. Алайда мәдени революция бұл мәселені шеше алмады.
"Мәдени революция" большевиктердің елдегі мәдени саланы социалистік құрылысқа, коммунистік тәрбиеге бейімдеу жолындағы мақсатын жүзеге асыру үшін керек болды. Мәдени революция қазақ халқын оқу-білімге шақырумен қатар, орыстандыру саясатының бүркемеленген түрін алып келді. Жоғарыдағы басшылар "халықты өркениетке жеткіземіз" деген желеумен, рухани отарлаудың жаңа әдістерін қолдана бастады. Сондықтан 1920-30-жылдардағы мәдени революция кезінде біз ағарту ісін жүргізу жақсы жағынан көрінді деп айта алмаймыз.
1920 жылдарда азамат соғысы, ашаршылық, жаңа экономикалық саясаттың жүзеге аспауы, қаптаған реформалар елді титықтатса, 1930 жылдардың басындағы үжымдастыру, зорлап отырықшыландырудың салдарынан болған аштық халық , ағарту саласы туралы ойландыртпады. Осылайша, қаулылардың жүзеге асуына елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайы мүмкіншілік бермеді. 1930 жылдардағы халық ағарту ісіндегі негізгі кемшіліктерді көрсетсек:
Қазақстан мектептері Кеңестер Одағының алдыңғы қатарлы мектептерінің дәрежесінен артта қалды. Негізгі кемшілік балалардың бастауыш мектептерде өте көп жинақталуында және жоғары класстардың аз болуында еді /28/.
Сауатсыздықгы жою ісі мандымады. Барлық губернияларда сауатсыздықгы жоюға қабілетті мамандар жетіспей жатты. Бар деген окытушылар, нұсқаушылар, әдістемешілер қиын материалдық жағдайға душар болды /31,43/.
3. Мұның бәрі 1928 жылдан басталған қазақ зиялы қауымының репрессияға ұшырауынан басталған еді. 1930 және 1932 болып өткен сот процестері нәтижёсінде 60-тан астам алаш қозғалысының басшылары сотталып, олардың біразы (М.Дулатүлы, Ж.Аймауытүлы) осы кеткеннен оралған жоқ/104/.
4. Астық дайындау, ет дайындау, егін егу тәрізді науқандардан колы босамаған көптеген округтар бұл мәселеге пәлендей мән бере қойған жоқ. Оның үстіне қазақ шаруалары әлеуметтік жағдайының төмендеуі мен орын алған жаппай босқыншылық жоғарыда көрсетілген сауатсыздықгы жою жоспарын 1932 жылға дейін орындап шығуға мүмкіндік бермеді /105/.
Сонымен қатар, қазақ зиялыларының С.Мендешев, Т.Жүргенев, О.Жандосов, Ф.Оликов, Н.Манаев сияқты өкілдері реформаға зор ыкыласпен кірісті. Елде көптеген мектептер ашылып, мұғалім кадрлары тоқтаусыз дайындалып жатты. Жүздеген ауыл мектептерінде, жаңадан ашылған оқу орындарында болашақ Кеңес өкіметіне қызмет ететін кадрлар қиыншылықтарға қарамастан калыптасып келе жатты. Сол кезеңнің контексінде қарасақ, қаулылар жүзеге асуы мүмкін емес еді.
Ағарту жұмысының мамандары Г.Береза, О.Сафро, Х.Амрин, С.Меңдешев, Н.Нүрмақов өз еңбектерінде Қазақстандағы жалпыға бірдей білім берудің жүзеге асырылуының бірінші қортындысын сипаттады /106/. Олар ағарту ісінің дамуына жақсы баға берді. Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқының мәдени дамуы сүбелі де мазмұнды түтас бір дәуірді алып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бір кездегі көшпелі жартылай өмір кешкен халық адамзат ақыл-ойының сапалы жаңа биігі марксизм-ленинизмен табысты. Қысқа мерзім ішінде жаппай сауаттандыруды артта қалдырып, ұлттық театры мен оркестрін, баспасөзі мен мектебін құра алды /55,5/. Үлы Қазаннан бастау алған социалистік мәдени төңкеріс Отанымыздың басына төнген небір ьдысталаң сәттерде жұмысшылар мен жастарға қоғам мүшелерінің бәріне кұш-қуат беріп, болашакқа сеніммен қарауға үйретті, алға жетеледі /55,6/.
Міне, осылай кеңестік саясаттың үлкен бір күрделі бөлігі сауатсыздықгы жою ісі туралы осындай ёкі түрлі пікір қалыптасты. Комиссариат құжаттарының ішінде ағарту ісін жүргізуде зор үлесі адамдарды қудалау туралы ерекше құнды тарихи жаңалық ретіндегі материалдар кездеседі. Қор құжаттары кешенді түрде бұрын қаралмағандықган, бұл деректер Кеңес өкіметінің саясатын толық ашып, қоғам өмірін шынтуайтты тарихи ақиқат тұрғысынан көрсетеді. Дерек арқылы біз Комиссариатка жоғарыдан қысым жасалғанын байқаймыз. 1930 жылы 15 қыркүйекте ҚазМУ-дың профессоры Х.Досмүхамбетовтың іске тартылуына байланысты ОГПУ өкілі Поповтың ХАК-на жолдаған қаулысы Комиссариат қызметкерлерінің репрессияға ұшырауының басталғанын көрсетеді /107/. Материалды тарихи шындық тұрғысынан қарағанда, замана тіршілігін көрсеткен объективті құжат дәрежесін анықтаймыз. Себебі бұл өкіметтің қуғын-сұргін саясатының бет-пердесін айқын ашатын көріністердің бірі. Комиссариаттың 1930 жылдардағы қызметін көрсететін қаулы- Комиссариаттың есеп баяндамасы бойынша Қазақ Орталық Атқару Комитетінің III сессиясының Қазақстандағы мәдени кұрылыстың соңғы ұш жылының негізгі қорытындысы. Қаулыда Қазақ АКСР-нің мәдени құрылыс орнатудағы үлкен жетістіктерін көрсете келіп, соңғы үш жылда бірінші кезеңдегі мектептерде оқушылардың саны 347.511-ден 603 мыңға, техникумдарда 6.991-ден 13.560-ға, ФЗУ-ларда 386-дан 15.314-ке, жоғарғы оқу орындарында 625-тен 2.475-ке жетті деп көрсетілді. Сауатсыздықты жою 1929 жылы 140 мың, 1930 жылы 275 мың, 1931 жылы 600 мың, 1932 жылы 800 мың адамға жетті және жоғары оқу орындарының дәрежесі көтерілгені айтылды. Мектеп ісі жолға қойылып, оқу ана тілінде жүргізілді, оларда жаңа бағдарламамен жұмыс істелініп, маркстік-лениндік педагогика іске аса бастады. Қаулы осылайша жеткен жетістіктерді баяндады. Қаулының келесі бөлігі-жетістіктермен қатар алып тастауға болмайтын кемшіліктер. Кеңес әкіметі ағарту саласының мешеу қалуының себебі ретінде мәдени майданда көп уақыт бойы "алашордашылдардың идеологиясының әсерінен күтыла алмауын" көрсетті. Егер сол уақыттың обьективтілігі тұрғысынан сараласақ, халық ағарту ісін кеңестік даму дәрежесіне жеткізген алаш кайраткерлері.
Жалпы 1930 жылдардағы құжаттарда алаш қайраткерлерінің куғын-сұргінге ұшырауына байланысты оларға деген жағымсыз көзқарас калыптасты. Кеңес өкіметі өздерінің әлеуметтік-экономикалық саладағы артта калушылықтарынан туындаған ағарту саласының олқылықтарын қазақ ұлттық зиялы қауымының кызметімен байланыстырды. Ал, шындығында олар енді он жыл Ағарту саласында еңбек еткенде, Кеңес өкіметі мәдени төңкерістің нәтижесіне жетуші еді. Алаш қайраткерлерінің ағарту саласында шеттетілуімен қатар, бұл салада орыстандыру саясаты да ене бастады. Қазақ мектебін бітірген балаларға жол жабыла бастады. ХАК-ы және оның жергілікті органдарының жұмысының әлсіреуі, кеңестік, кәсіподақтық, шаруашылық ұйымдардың мәдени құрылыс мәселесіне көңіл аудармауы мәдени - революцияның бәсең жүруінің келесі себептері болды. Бұл артта қалушылық мынадай сипат алды:
-Орталық Комитет пен БКП/б/ Өлкелік Комитетінің қаулылары жүзеге аспады, сондықтан мектептер төмен дәрежеде қалды;
-мектептерде жалпы білім беру ісі дұрыс болмады, соның әсерінен политехникаландырылу формальды сипат алды;
бастауыш және орта мектептің материалдық базасы нашар болды;
жоғары мектептерге қазақ еңбекшілерінің балалары қабылданбады;
ересек тұрғындардың сауатсыздығын жою жоспары орындалмады;
- мұғалімдерге деген лениндік көзқарас жүзеге аспады жабдықтау, жалақыны уақытында беру, пәтермен қамтамасыз ету/;
Мұндай кемшіліктерді қарап отырсақ, келеңсіздіктердің тууына алаш қайраткерлерінің қатысы жоқ екендігін көреміз. Жоғарыда аталған мәселелер үкімет халықтың әлеуметтік жағдайын және ағарту саласының материалдық күйін жақсарта алмауынан туындады. Жоғарғы дәрежедегі өкімет қаулыларында бұл мәселелердің ашылып көрсетілуі халық ағарту құрылысының шыныменен төмен дәрежеде болганын білдіреді. Ағарту саласындағы қазақ зиялы қауымының өкілдерінің қудалануы мәдени төңкеріс саясатына үлкен зиянкершілік өкелді, өсіп-өркендеп келе жатқан құрылым бұзылып, регресс басталды. Сондықтан жоғарыда айтылған өкімет қаулысы осы процесстерді тоқтатпау мақсатында Қазақстандағы мәдени қурылыстың кезекті міндеттерін белгіледі.' Онда мына мәселелер көрсетілді:
- халыққа білім беру органдарының шешуші міндеті жалпыға бірдей білім беру және бастауыш, орта мектеп туралы Қазақ АКСР үкіметінің, БКП/б/ Өлкелік Комитетінің және Орталық Комитет қаулыларьшың толық жүзеге асуын қадағалау, сонымен қатар жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруге көшу үшін жағдай жасау, мектептің қалыптасуына қол жеткізу, мектептердің ұлттық күрамын жақсарту, отырықшыланатын аудандардағы мектеп ісінің негізгі құрылымына ұйымдастырушы және оперативті өзгерістер енгізу; политехникалық мектеп үшін күрес, ХАК-ы мен оның органдарын, мектеп пен мұғалімдерді жедел бағдарламалық - әдіснамалық көмекпен жабдықтау;
барлық мектеп пен мәдени мекемелерді қажетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін жалпы және арнаулы білім алуды көтеру және мұғалімдердің материалды-құқықтық жағдайын өзгерту;
- мектептің материалдық базасын құру және қалыптастыру (жаңа мектеп үйлерінің құрылысын жөндеу, оқу құралдары мен оқулықтарды өндіру) барлық кеңес органдарының шаруашылықтық, профессионалдық, қоғамдық ұйымдарының басты міндеті болуы;
- сауатсыздықты жоюдың толық орындалуы /99,3/;
Қазақ АКСР-індегі мәдени құрылыстың осы алдыңғы кезектегі міндеттерінен шыға отырып, барлық мектеп құрылымы және мәдени мекемелердің жергіліктендіру ісіндегі ХАК-ының күресі ұлттық ғылыми техникалық кадр және өнер қызметкерлерін даярлау болып табылады.
Қаулының практикалық шараларды жүзеге асыру туралы бөлігі Орталық Комитеттің алдыңғы шығарған бастауыш және орта мектеп туралы қаулысының жүзеге аспағанын дәлелдей түседі. Бұдан мынандай қорытындыға келуге болады, қаулының қарастырылып отырған бөлігіндегі материалдар тарихи деректанулық шынтуайттылық дәрежесін анықтай алады. Әрбір практикалық жүзеге асырылуы тиіс шаралар ағарту саласындағы орындалмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды. Салыстырмалы түрде қарасақ, кемшіліктер. барлық қаулыларда жасырын түрде елеусіз болса да көрсетілген. Бұл әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі толық орнамағанын, ағарту ісі жөніндегі қаулылардың бірінен соң. бірі шыкқанына карамастан жүзеге аспай жатқандығын көрсетеді. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сессиясының негізгі мақсаты-орта мектеп туралы қаулыны тез әрі толық жүзеге асыру. Міндеттемелерді талдайтын болсақ, алдыңғы қаулыны жүзеге асыру үшін ХАК-ы мен оның органдарына жергілікті жерлермен байланысты кұшейтуді тапсырды. Негізгі мектеп туралы шаралар жергілікті жерлерде істелетіндіктен, байланыс болуы маңызды. Сондай-ақ, директивалық органдардың басты қаулылардың орындалуын тексеруі, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-көрсеткіш педагогикалық мекемелердің жұмыс істеу жоспары мен құрылымын жасап, ХКК-інің қарауына алуы Ағарту ісіңің төмендеуіне алаңдаушылықган еді. ХАК-ының шараларды жүргізуіне материалдық жетіспеушілік және кадрлардың аздығы тосқауыл етті. Келесі мәселе етіп алынған оқулықтар жайы. Қазақ зиялы қауымының кудалауға ұшырауына байланысты олардың шығарған оқулықтары жарамсыз деп табылды.
Оқулықтар туралы белгілі тарихшы М.Қойгелдиевтің пікірі:" тарихи шындық сондай, 1920-30 жылдары қазақ мектептері мен педагогикалық оқу орындарында пайдаланылған оқулықтар мен оқу күралдарының авторлары негізінен . партияда жоқ кезінде алаш қозғалысына белсенді ат салысқан ұлттық интеллигенция өкілдері болатын. Олардың қатарында А.Байтүрсынов, М.Дулатов, Х.Досмүхамбетов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, С.Асфендияров және басқа көптеген жазушылар бар еді. Алаштық атанған зиялылардың үлкен тобы оқу-ағарту Комиссариаты жүйесінде, ғылым, өнер, баспа орындарында жұмыс жасап жүрді"/54,81/.
1928 жылдан бастап Комиссариаттың ауыл мектептерін ұлықтармен қамтамасыз етуі әлсіреді. Оқулықтар жазатын зиялылардың қудалануы, коммунистердің ішінде авторлардың әлі толық даярланып бітпеуі енді-енді дамып келе жатқан ХАК-ының мектеп туралы реформасын, жалпыға білім беруді орындауға кедергі болды.
Сондықтан қаулыда оқулықтарға бөлінген қаржыны дұрыс пайдалану, оқулықтарды уақытылы шығару туралы бөлімдер бар. Себебі оқулықтар мәселесіне өкімет орындарының араласуына тура келді. Алайда қаулылар оқулық мәселесін шеше алмады.
Жалпыға бірдей білім беру реформасының толыққанды жүзеге аспай жатқандығынан Қаржы Халық Комиссариатына қаржы бөлу тапсырылды. Ал, шаруашылық Халық Комиссариаттары мен колхоз одақтарына, МТС-тар мен жер бөлімдеріне, мектептер мен халыққа білім беру бөлімдеріне, жабдықтау Халық Комиссариатына, Қазақ ;Өлкелік одағына тапсырылған оқушыларды азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ету туралы бөлімдер бар. Жалпыға бірдей білім беру ісіне осылайша барлық Комиссариаттар араласты. Келесі көтерілген үлкен мәселе - кадрлардың жетіспеушілігі, жеткен күннің өзінде де білімдерінің төмендігі. Бұл үшін шаралар жүргізу ХАК-ына міндеттелді. Мәселені тез арада шешу мүмкін емес еді, бүтіндей \ мұғалімдер армиясын жасауға жылдар керек еді.
Ағарту мәселесін жаңа көзқараспен зерттеп жүрген тарихшы Х.Әбжановтың көрсетуінше, ұлт мектебін өркендету қажеттілігі, оның жолдары мен межелері туралы қаулы-қарарлар, уәделер, партиялық тапсырмалар аз емес-тін/109/. Сондықтан қаулылар дерек ретінде Қоғам өмірін обьективті тұрғыдан көрсеткеніне қарамастан, орындалмай қалды. Қаулыда көрсетілген Қазақстанда түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет орнату мәселесі үлкен дау тудырады. Біздің ойымызша, Кеңес өкіметі тұсында мазмұны социалистік мәдениет орнату басым болды. Оның түп-тамыры 1930 жылдардағы «идеологиялық тазартулардан» басталып, жаңа зиялы қауым өкілдері толық социалистік қалыпқа салынып, біркелкі коммунистік партияның ықпалынан шыға алмайтын жаңа буын өкілдері ретінде даярлануынан басталған. Зиялылар тәрбиелеуші басты мекеме ХАК-ы болғандықтан, 1930 жылдардан бастап толық коммунистік идея, социалистік мәдениет үшін қызмет ете бастады.
ХАК-ына қатысты қаулылардың бір бөлігі ХКК-і мен Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қорларында сақталған. 1934 жылы 3 сәуірдегі Қазақ АКСР ХКК-нің қаулысында тақырыптық жоспарды бекіту туралы айтылды. Қаулыда қазақ бастауыш және орта мектептері үшін 97 тұрақты оқулықтар мен оқу-әдістемелік кұралдарды шығару туралы тақырыптық жоспарды бекіту, қазақ баспасына оқулықтарды уақытында шығарып, кітап орталығына мектептерге оқу жылының басталуына қарай тарату тапсырылды.
Мемлекеттік жоспарлау комитетіне оқулықтарға қағазды бірінші кезекте бөліп, қамтамасыз ету, ХАК-ының оқулықтардың шығарылу жоспарын оперативті түрде тексеріп, әрбір мектептің нақты игіліктерін және нормаға сай бөлінуін қадағалау міндеттелді. баспасының қызметінің күшеюі мен қалыптасуы үшін оған өлкелік қордан 100 мың сом бөлу көзделді. /110/.
Оқулықтар туралы БКП/б/ Орталық Комитетінің 1929 жылғы 5 тамыздағы "Халыққа білім беру саласындағы басшы кадрлар туралы" қаулысында "кеңес аппаратын тазалау кезінде халыққа білім беру органдарында пролетарлық таптық линияны шеттететін идеологиялық бөтен элементтерден тазалауға ерекше назар бөлу керек" деп көрсетілді /24, 197/. Қаулымен Комиссариаттағы зиялы қауымға қарсы көзқарас қалыптасты. Мәселеге назарды 1930 жылғы Бүкілқазақтық ҮІІ- партконференциясы аударды. Конференцияда былай көрсетілді: "Қазақстанда ұлттық пиғылдағы алаш орда идсологиясымен тәрбиеленген зиялылар әлі де болса мәдени құрылыстың (оқулықтар құрастыру, әдістемелік басшылык) жұмысының басты салаларына көрнекті әсерін сақтауда" Партия конференциясы әрі қарай партия үйымдарға мәдени құрылыста өз басшылықтарын күшейтуге шақырды /24, 197/. Жалпыға бірдей білім беру реформасы елде қызу жүріп жатқан болса да басты қажетті оқу оқулықтардың басылуы мен дайындығы қанағаттанарлықсыз болды. 1934-35 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларды (оқулықтармен 60 пайыз қана қамтамасыз етті /25,183/. Кеңес өкіметі мәселені шешуге бүкіл күшті жұмсап, 1930 және 1936 жылдарда С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллиннің, Ө.Тұрманжановтардың оқулықтарын шығара бастады /25, 186/. Бүкіл оқулықтардың жүзеге аспай қалуы мәдени құрылыс салаларының дамуына әсер етті. Жалпы 1920-30 жылдары оқу-ағарту ісінің үкіметтік материалдарына кешенді түрде деректанулық сын және талдау жасағанда тарихилық принциптерді қолдана отырып, екі кезеңге бөлуге болады:
-1920 жылдан бастап 1930 жылға дейін - Кеңес өкіметінің ағарту саласындағы реформаларының шарықтау шегі. Халықтың ғасырлар бойы қол жетпей келген өзгерістерді қызу қолдауына сүйеніп, қазақ ағартушыларының сан қырлы жұмыс жүргізуі;
-1930 және 1936 жылға дейін - ағарту салаларында кеңестік идеологияның үстемдік алуы. ХАК-ынан ұлттық зиялыларды алыстатып, Комиссариатты тікелей партиялық органдардың ыкпалымен басқаруы;
Әрбір қаулы ағарту саласының қайшылықтарын көрсетті. Бұрынғы кеңестік әдебиеттерде бұл құжаттар Кеңес өкіметінің мәдени саланы күшейтуге шығарған қарарлары деген субъективті пікірлер орын алды. Ал қазір тарихи тұрғыдан келіп, объективті түрде қарай аламыз.
1934 жылы оқулықтар жетіспеушілігі айқын көрінді. Осы жылы 4 карашада ХКК-інің қаулысында оқулықтарды тарату және басып шығару жағдайы туралы айтылды. Қаулының шығуына ХАК-нан Т.Жүргеневтің Қазақ баспасынан шыққан оқулықтардың таратылуы және басылуы туралы баяндамалары әсер етті. ХКК-нің төрағасы О. Исаевтің ХАК-ы мен Қазақ баспасының жұмысындағы жетістіктерді көрсете келіп, әлі, де көптеген жетіспеушіліктерді, әсіресе жергілікті атқару комитеттері мен органдардың оқулықтарды тарату ісіндегі енжарлықарын сынады /111/. Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы қаулылардың жиі-жиі шығуы мәселенің шиеленіскенін дәлелдейді.
1935 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақ АҚСР ХКК-нің БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің қаулысында - 1935-жылғы 7 тамыздағы КСРО ХҚК-і және БКП/б/ Орталық Комитетінің қаулысына тікелей сілтеме жасалады. Деректе Қазақстанның бастауыш және орта мектептері туралы оқу жылының басына қарай қазақ оқулықтарын басып шығару және тарату ісінде қамтамасыз етілмегені айтылды. Қаулыда: "...оқулықтардың бұндай жағдайына қарамастан, ХАК-ы, қазақ баспасы және кітап орталығы, сонымен қатар облыстық атқару комитеттері оқулықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдамай отыр" — делініп, қазақ баспасына оқулықтарды шығару бастауыш мектеп үшін 277 мың дана 14 тақырыптағы кітаптарды қайта шығару міндеттелді. ХАК-ы мен қазақ баспасына оқулықтарды қазақ тіліне аударуды тапсырды /112/. 1930-1931 жылдары босап қалған оқулықтар "хаосын" толтыру үшін жоғары жақтың жиі-жиі қаулылары ХАК-ын аудару жұмысына ерекше мән беруге мәжбүр етті.
Жаңа коммунистік идеология кадрларының толық қалыптасып бітпеуінен қажеттілікті аударма жолымен толтыруға тура келді. Бұл да 1930 жылдардағы оқулықтар шығару тарихының бір белесі еді.
Қазақ АКСР БКПІбІ Өлкелік Комитетінің 1935 жылы қарашада шығарған "ҚАКСР жоғары оқу орындарында оқытуды қазақ тіліне көшіруді ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысы кең көлемді, мемлекеттік маңызы бар мәселені көтерді /113/. Бастауыш және орта мектептерді толыққанды тұрақты білім ордасына айналдыра алмай отырған шақта, қазақ тілін жоғары оқу орны дәрежесіне көтеру мүмкін емес еді. Қаулының бөлімдерінде көтерілген мәселелерге көз жүгіртсек, жоғары оқу орындарына қазақ тілін енгізу ХАК-ы мен Халық Комиссарларын толғандырып жүрген шаралардың бірі болды. Алайда тұңғыш қазақ орта мектебінің 1935, жылы Алматыда дүниеге келуі, онда бар болғаны 11 баланың оныншы класта оқуын еске алсақ, шараның іске асуының еш мүмкіншілігі жоқ еді /109/. Қаулыда 1936-37 оқу жылынан ҚАКСР-інің барлық оқу орындарының бірінші курстарында оқытуды қазақ тіліне аудару үшін жоғары дәрежелі оқытушыларды даярлау мақсатында бірнеше жұмыстар жүргізу көзделді. Ол үшін қазақ баспасы мен ХАК-ына жоғары оқу орындарының бірінші курстарына арналған оқулықтарды басып шығару және аудару тапсырылып, оқулықтардың бекітілуі және қаралуы. үшін Комиссариат жанынан Т.Жүргенев төрағалық еткен арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Оқулықтарды шығару үшін бүкіл мүмкіндіктер пайдаланылған болатын. Егер бұл шараларға бүкіл зиялылар күшін жұмсап, үкіметтің қолдауына ие болса, жүзеге асуы мүмкін еді. Оған басқа кедергілердің болуы әсер етті. Бүкіл Кеңестер Одағында, соның ішінде Қазақстанда жүргізілген 1937 жылғы қуғын-сұргін қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің шзметін жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Жаңа буын кеңестік рухта торбиеленген зиялы қауымның толық даярланып бітпеуі, патша өкіметінің оқу орындарында тәрбиеленген зиялылардың қуғынға ушырауы екі ортадағы ұрпақтар жалғастығын уақытша үзді. Ал, бұл Қазақстанның ағарту ісін дағдарысқа ұшыратты.
ХКК-нің төрағасы Ораз Исаев пен Мемлекеттік Жоспарлау Комитетінің төрағасы В.Н.Андронниковтың баяндамасы бойынша Қазақ АКСР (Зрталық Комитетінің III сессиясы "1936 жылғы Қазақ АКСР-інің әлеуметтік-мәдени және халық шаруашылығының құрылысының жоспары" туралы қаулы қабылдады. Қаулының ағарту және өнер саласына арналған бөлімінде білім беру жағдайына кеңінен тоқталды. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ү.Құлымбетов қол қойған қаулы арқылы біз жоғары партия органдарының ағарту саласына кеңінен көңіл аударғанын көреміз. ХАК-ына бөлінген қаржы жыл сайын өсіп отырды. 1935 жылы 11.825 мың сом қаржы бөлінсе, 1936 жылы 217.014 мың сом бөлінді. Сонымен қатар бастауыш және орта мектепке қабылданатын баланың санын 9.318 мыңға жеткізу, облыс қалаларында педагогикалық институттар ашу, әсіресе мектептердің үйлерін салу, бастауыш мектепті 4 классқа жеткізу көзделді. Сессиядағы қаралған ағартуға катысты үлкен мәселе — жоғары білікті мұғалім кадрларының жетіспеуі. Ол үшін Орталық Атқару Комитетінің облыстық және аудаңцық атқару комитеттерінің мұғалімдерді даярлау ісін кұшейтуте шақырды /114/.
1934-36 жылдарда ауыл мектептерінің жайы туралы бірнеше қаулылар жарық көрді. 1934 жылы 15 мамырда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Е.Ерназаров қол қойған "Ауылдық кеңестер жанындағы халыққа білім беру секциясының міндеттері туралы" қаулыда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ Орталық Атқару Комитетінің бірқатар директивалары мен нұсқауларына қарамастан, ауыл кеңестер жанындағы секция жұмысы қанағаттанарлықсыз болып калуда деп көрсетті /115/. Мұндай ойдың тарихи деректің өзінде көрінуі құжаттарға объективті тұрғыдан қарағанымызды дәлелдейді. 1931 жылы түгелдей сауатсыздықгы жою бастауыш және орта мектепті жүзеге асырамыз деген ұрандардың орындалмағанын 1934 жылғы құжаттар көрсетеді. 1936 жылы мамыр айындағы Қазақ АКСР ХКК-інің "Қазақстанның бастауыш, ортадан жоғары, орта мектептерін жаңа оқу жылына даярлау туралы" қаулысы да 1935 жылғы ағарту ісінің дайындығының өте төмен болғанын көрсетті /116/. Осылайша, жалпыға бірдей білім беру реформасы Қазақстанда ете қиын жағдайда өтті. Материалдық және рухани даярлығы жоқ уәде үлкен шара жүзеге асуы мүмкін емес. Мектептер қаулап ашылғанмен, онда ұстаздық ететін мұғалім кадрлар жетіспеушілігі, елдегі ұжымдастыру, отырықшыландыру, 1932 жылғы аштық, ет дайындау науқандары, белді-белді ағарту өкілдерінің қудалануы салдарынан туған түрлі қиыншылықтардың әсері болғанын қаулылардың өне бойынан көруге болады. Соның өзінде қатты шешім жасау арқылы Кеңес үкімет органдары белгілі жетістіктерге ие болды. Біздің пікірімізше, Кеңес өкімет орындарының мәдени төңкеріс ісінде жетістіктерге жетуінің ең басты себептері:
-жоғарғы органдардың ағарту ісіне тікелей араласуы, жиі-жиі қаулылар арқылы ХАК-ның қызметіне ықпал етуі;
-материалдық көмекті үсті-үстіне көбейтіп отыруы, мектеп үйлерін, құрал-жабдықгарды органдардың қадағалауы;
-мұғалім кадрларын күшейтуге барлық мүмкіндікті салып, іске жалпыхалықтық мән беру;
-қазақ зиялыларын Комиссариатқа тарту арқылы ағарту ісінде білімді адамдардың қызмет етуі;
Біз осылайша деректер арқылы зиялылардың осы тарихи кезендегі кызметіне қатысты тенденцияларды, нәтижелерді көрсеттік. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архивінің қорында сақталған архивтік құжаттар арқылы ағарту- саласындағы кайшылықтарға толы. 1920-30 жылдардағы қазақ зиялы қауымының білім беру ісіне араласқанын талдап өттік. Ағарту ісіне қатысты қаулыларды кешенді түрде зерттеп, саралау Кеңес өкіметінің мәдени төңкеріс деп жариялаған кезендегі қызметін толық аша алады. ХКК-і мен Қазақ АКСР Орталық Комитетінің қаулыларын қарау барысында қазақ зиялы қауымының білім беру саласындағы, мектеп ісіндегі, оқулықтар шығару мәселесіндегі еңбегі баяндалады. Қаулыларда көрсетілген материалдарды зерттеу одардың мазмұнын, үқсас құжаттар құрылымында зандық актілердің маңыздылығын анықгап, терең зерттеулерге жол ашады.
1.2 Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы қазақ зиялыларының қызметіне қатысты хаттамалар.
Халық Ағарту Комиссариатының қорында іс жүргізу материалдарының көлемді бөлігін хаттамалар (мәжіліс протоколдары) құрайды. Біз сонымен қатар Комиссариатта қызмет еткен зиялылар тарихына байланысты көптеген материалдарды жоғары партия, кеңес органдарының хаттамаларынан алып, мәселені кеңінен ашуға тырыстық. Хаттамалар арқылы ХАК-ында қызмет еткен Комиссарлар және басқа жұмыстар атқарған қазақ зиялы қауымы өкілдерінің ісінірген еңбектерін көре аламыз. ХАК-ының қорындағы хаттамалар : негізінен Коллегия мәжілісінің материалдары. Комиссариат Коллегиясы мекеменің бүкіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ішешті. Ал басты рольде Коллегия мүшелері, яғни, қазақ зиялы қауымының өкілдері еді. Біз Коллегия хаттамаларын Қазақ АКСР-і өмір сүріп тұрған 1920-1936 жылдар аралығында қарадық. Қордағы хаттамалар екі типті, біріншісі мәжіліс хат түрінде, екіншісі — стенографияланған. Бірақ көптеген мәжіліс хаттар стенографияланбаған. Хаттамалардың талқыланып отырған мәселені толық, кеңінен ашуына қарап және қаралып жатқан сұрақты нақты көрсетуіне байланысты деректану ғылымында екі түрге бөледі. Олар "жабық" және "таратылмалы" деп айтылады. "Жабық" түрдегіге тек қана айтылған мәселе және қабылданған шешім көрсетілген хаттамалар жатады. Мұндай хаттамаларда мәселе толық тарқатылып ашылмайды, себебі мәселенің талқылану барысы айтылмайды. Егер хаттама "таратылмалы" болса, онда тек-қана мәселенің өзі мен қабылданған шешім ғана көрсетіліп қоймай, сонымен қатар талқылау кезінде сөйленген сөздер де кең түрде ашылып көрінеді. Кей жағдайларда талқылауға қатысқандардың сөйлеген сөздері де хаттамаға қосылып берілуі мүмкін. Алайда ХАК-ында хаттамалардың мұндай түрі аз кездеседі. Құжаттың түпнұсқалығы мәселесін ашу үшін деректің нақты формулярын зерттеу үлкен маңызға ие болады. Хаттаманың негізгі формуляры мынадай қалыптасқан элементтерден тұрады: нөмірі, күні, қатысқан адамдардың құрамы, мазмұны. Күн тәртібінде қаралған мәселелерді көрсету көбінесе, партия, кеңес ұйымдарының хаттамаларында көп кездеседі. Хаттамаларда мәселелер "тындалды" және "қабылданды" деп дәстүрлі түрде көрсетіледі. Күнін, айын, жылын көрсету тәртібі арқылы біз уақытты белгілей аламыз. Ал қатысқан адамдар мен шақырылғандар тізімі бізге қазақ зиялы қауымы өкілдерінің Қазақстанның ағарту ісіне қаншалықгы араласқанын, білім беру мәселесін шешуге еткен еңбектерін талдауға көмектеседі. Мысалы, Халық Комиссарлары А.Байтұрсынов, С.Сәдуақасов», Н.Манаев, О.Жандосов, М.Жолдыбаев, Т.Жүргеновтердің, Халық Комиссариатының қызметкерлері Ж. Аймауытов, К. Тоқтыбаев, М.Дулатов, Е.Омаров, Т.Шонановтардың, сырттан шақырылып отырған Ә.Бөкейхановтардың қандай мәселені шешуге атсалысқанын шаларды сараптау арқылы білеміз.
Хаттамалар субъектінің қолымен жасалатындықтан, деректерде көптеген субъеіктивизм факторлары орын алған. ХАК-ы қорын кешенді түрде қарау кезінде біздің зерттеу жұмысымызға үлкен кедергі болған, деректерді саралауда қиындықтар тудырған хаттамалардың жиі-жиі қайталану процесі. ХАК-ының қорының бірінші тізімдемесінде архивисттер қорды құрастыру кезінде бір хаттама бірнеше рет көрсетіп жүйелілік сақтамаған. Келесі бір байқағанымыз — Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында, яғни 1920-1925 жылдар аралығында іс жүргізу құжаттарының ішінде, хаттамалар өте көп жинақталған. Зерттеуші Ш.Тәукебаеваның пікірінше, ХАК-ының алғашқы кездегі сипаты ұйымдастырушылық-нұсқаулық дәрежесінде анықталған /32,15/. Мәселелердің шығу себебін жаңадан кұрылған мекеменің іс жүргізу тәжірибесінің әлі дамып кете алмағандығы деп білеміз. Ал кейінгі жылдарда мәжілістерде каралатын мәселелер ауқымы тарылып, нақтылана бастаған. Өйткені бюрократиялық жүйенің орнығып, Комиссариаттың көптеген мәселелерін жоғары партия - кеңес ұйымдарының мәжілістерінде шешкен еді.
Сондықтан деректанулық талдау жүргізу кезінде біз хаттамалардың ХАК-ы қорында жинақталуын екі кезеңге бөлдік. Бірінші кезең, хаттамалардың бүкіл Комиссариат қызметін көрсетуге атсалысқан түсы - 1920-25 жылдар, бұл кезде хаттамалар белгілі бір дәрежеде тарихи ақиқатты көрсетуде маңызды роль атқарды, яғни объективті факторлар орын алды. Осы жылдарда мәселелер ХАК- ның өзінде шешілді, кейбір жағдайларда ғана жоғары ұйымдар бекітіп отырды. Бұдан Комиссариаттың жартылай болса да тәуелсіз мекеме болғанын байқаймыз. Екінші кезең - 1925-36 жылдар, кезең әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптаса бастап, кейін мүлдем орнығып алған түсы. Көптеген маңызды мәрелелер жоғары партия — кеңес ұйымдарында шешіле бастап, хаттамалар формальді сипатта болады. Бірақ деректанулық талдау жүргізу деректерді объективті жағынан қарауға ықпал етеді. Іс жүргізу құжаттарына талдау бізге қор материалдарына кешенді түрде зерттеу жасауға көмектесіп, деректердің құндылығын айқындай түседі. Сонымен қатар хаттамаларды саралау ісінде біздің зерттеу объектімізге айналған Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің материалдары. Архивта ХАК-ына байланысты мәжіліс хаттар жинақталған. Оның ішінде қазақ зиялыларының қызметіне байланысты деректер көп. Бұл арқылы жоғары партия, кеңес органдарының ХАК-ына ықпал жүргізіп, Комиссариатта қызмет еткен қазақ зиялы қауымының тағдырын шешіп отырғанын көре аламыз.
Ресейлік деректанушылар Кеңес өкіметінің құжаттарына сыни көзқараспен қарай келе, хаттамалардың субъективті болуына себеп болатын мына факторларды көрсетеді: көбіне сөйлеушілер "Бұл хаттама үшін емес!" деп ескертеді. Мұндай өтініштің тууына әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін: этикалық ойлар, ақпараттық қүпиялығы және т.б. Осыдан келіп, деректанушылар былай дейді, зерттеушінің алдына шешеннің айтқан фрагментінің қалып қойған жерін өндеу жұмысын жасау міндеті тұрмайды, себебі оны дұрыстау мүмкін емес Көптеген уақыт өткен соң сөйлеген адам немесе қатысқандардың біреуі бұл эпизодты естеліктерінде көрсетуі мүмкін. Зерттеуші сонда ғана пайдалана алады. Сондай-ақ, деректанушы ғалымдар, 20-жылдарда мынадай практика орын алғанын көрсетеді: бірінші мәжілістің стенографиясы жазылып, сосын оның негізінде хаттама құрылып, кейбір жағдайда стенограмма фрагменттері хаттамаларда берілген /86,579-580/. Бұдан мынадай қортынды жасай аламыз, хаттамаларда субъектілік факторы кең орын алған. Біз бар мүмкіндігімізше мұндай жағдайларды ескеріп, объективті тұрғыдан қарауға тырыстық. Сондықтан хаттамалардың алғашқы түпнұсқалық негізде жасалынған деректерін табу мүмкін емес, ал хаттамалардың шынайылығы мен толықтығына сөйлеушілердің сөздерін таңдап жазуы
Достарыңызбен бөлісу: |