Конфликтілік жағдайда басым көрінетін мінез-құлық типін анықтау бойынша өзін-өзі диагностикалау
Қазақстан – бүгінгі күні демократиясы дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап отыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсынған жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары екендігі айтылады. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын, мәдениетті білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті, адал азаматтарын, әрі коммуникативті қабілетті жастарды тәрбиелеу керек екендігін ескертеді. Қарым-қатынас мәдениетін игеруде кикілжің жағдайларының қазіргі таңда орын алуы өзекті мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер. Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады.
Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |